Отбасының жылуы (ашық сабақ)

0
1762
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study

Тақырыбы: Отбасының жылуы

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: __Ю.Гагарин №3 жом_____________

Күні: _______________

№: 18

Мұғалімі: ____Едилова Э.Б_____________________

Сыныбы: 6

Оқушылардың саны:

Құндылығы: Сүйіспеншелік

Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет жасау, шынайылық, жанашырлық

Мақсаты: Оқушыларға отбасылық құндылықтар туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға адамдарға риясыз қызмет жасаудың маңыздылығы туралы түсіндіру.
  2. Дамытушылық: Оқушылардағы шынайылық қасиеттерін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Оқушыларды айналасындағы адамдарға, жанашыр болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

  1. https://kk.wikipedia.org
  2. http://kz-minusovki.ucoz.kz

3. bilim-all.kz

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.
    2. Талап.
    3. Тыныштық.
    4. Тазалық.
    5. Татулық.
      Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып — білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Рахмет!

2. Үй тапсырмасын тексеру.

. №17 – сабақ. Оқулықта берілген 1 – тапсырманы орындау.

  1. Келесі сабақ. №18, «Менің анам» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

    1. Ананың балаларына деген сүйіспеншілігінің мәні неде деп ойлайсыңдар?
    2. Ананың тәрбиесі авторға өмірлік сабақ болды ма?
    3. Адамның бойындағы қандай қасиеттер оны «Кемел адам» биігіне жетелейді? Неліктен?
    4. Қасым Аманжолдың «Отбасы – бір мемлекет» деген өлең жолын қалай түсінесің?

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Ұл балалар бір рет оқиды, қыз балалар бір рет оқиды, барлығы бірге қайталайды)

«Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды.»

Н. Назарбаев

Көзқарас:

Себеп:

Мысал:

Жалпылау:

  • Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Жақсы көретініңізді айтыңыз

Атақты ғалым бір дәрісінде “Кімді жақсы көрсеңіз, оған барып жақсы көргеніңізді ашық айтыңыз” дегенді айтады. Бір апта өтіп, психологқа Джон есімді біреу телефон соғып, былай дейді:

— Өткен аптада айтқан сөзіңіз мені қатты ойландырды. Дәрістен шығып, жақсы көретін ешкімім жоқ екенін үйге дейін ойлап бардым. Мен осыдан бес жыл бұрын әкеммен қатты ұрысып үйден кеткен біреумін. Ол кезден бері бір-бірімізге тіл қатпайтын болдық. Тіпті отбасы бірге жиналған кездердің өзінде онымен кездеспеуге тырысатынмын. Үйге жеткенімде “жақсы көретінімді” әкеме айтуға ниеттендім. Осындай шешімге келудің өзі үстімнен ауыр жүк түскендей болды. Үйден шығып, ата-анамның үйі жаққа бардым. Олардың есігін қағып, есікке әкемнің шығуын тіледім. Өйткені бірінші анамды көріп қалсам, жақсы көретінімді оған айтып, әкеме жолығуға тағы да батылым бармай кері қайтатынымды сездім. Есікті әкем ашты. Табалдырықты аттамай есіктің алдында тұрып «Әке, сені жақсы көретінімді айту үшін келдім» дедім. Әкем бірден мүлдем басқа адам болып кеткендей болды: жүзі жұмсарып, көзі жасаурады. Мені құшақтай салып, басымнан сипалай берді де: «Мен де сені жақсы көремін, ұлым менің» деді. Айтайын дегенім – жақын адамдарға оларды жақсы көретіндігімізді айту керектігін жақсы ұққандаймын. Рахмет сізге.

Сұрақтар:

  1. Ғалымның сөзі неліктен Джонды қатты ойландырды?
  2. Джонның әкесіне жақсы көретінін айтқанда неліктен үстінен жүк түскендей болды?
  3. Жақсы көретін адамдармен ренжісуге бола ма? Неліктен?
  4. Өздерің басқаларға жақсы көретіндеріңді айтасыңдар ма? Қалай?
  5. Сені басқалар жақсы көретінін сезінгенде қандай сезімде боласың?
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

Тапсырма: Мақалды аяқта.

  1. Ақ шашты ана: «жастығым — балам» дейді.

Ақылды бала: «… — … — …» дейді. (ай – күнім – анам)

  1. Алты ұл тапқан ананы «ханым» десе болады.

… білген адамды «жаным» десе болады. (сыйласа)

  1. … анадан туады,

Ат биеден туады. (алып)

  1. Ана алақанының аясы,

… … саясы. (ақ шынардың)

  1. Ана алдында құрмет,

Ата алдында … (қызмет)

Анаға баланың … жоқ. (алалығы)

Топпен ән айту.

Қайрат Нұртас.

Ой ойлатқан талай -талай өтті күндер алыс,

Міне бүгін бізде үй-жай, ол да біздің парыз.

Өз үйіміз бір отан бір береке,

Қандай қызық бір қыдырсаң жанұямен бірге.

Қайырмасы:

Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған,

Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған.

Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған,

Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям.

Адал жаным сен қолыма гүл боп біттің менің,

Тосу менен өтті талай күні менен түнім,

Шарашап келсем жұмыстан мен үйге,

Жадырап сен қарсы аласың нұрын шашқан күнім

Қайырмасы:

Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған,

Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған.

Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған,

Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям.

Жанұяның бір қызығы арадағы бала,

Онсыз үйде болған емес құт- береке сірә,

Жастайымнан еркелетіп өсірген,

Аман болшы теңдесі жоқ Ата менен Ана!

Қайырмасы:

Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған,

Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған.

Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған,

Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям.

7. Үй тапсырмасы.

1. №18 – сабақ. Оқулықта берілген 2 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №19, «Аптаның ақырғы күндері» мәтінін оқып келу.

  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…, арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады…

Д е м а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе 1………………2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ