«Мен өз елімнің патриотымын!» суретшілер байқауына шақырамыз!

0
2656

ПРЕСС-АНОНС

Күні: 05.05.2017

Уақыты: 11.00

Орны: Қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жанындағы саябақ. 

2017 жылы 5 мамыр күні Қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жанындағы саябақта Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша «Сана» зияткер жастар мектебі» Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен «ЖАСТАР FEST-QYZYLORDA» шығармашыл жастарды дамыту орталығы қызметін ұйымдастыру (көше билері, рэп, брэйк-данс және т.б.) әлеуметтік жобасының аясында «Мен өз елімнің патриотымын!» атты ерекше стильдегі суретшілер сайысы өткізіледі. Сайыс 1 Мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күніне, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай өткізіледі.

Шараның басты мақсаттары:

•          Талантты жас суретшілерге қолдау көрсету.

•          Жастар арасында патриоттық сезімді арттыру.

•          Қатысушыларға бейнелеу өнерінің қыр — сырын жан — жақты үйрету.

«Мен өз елімнің патриотымын!» ерекше стильдегі суретшілер сайысында мектеп оқушылары және шығармашыл студенттер кәсіби шеберліктері бойынша сынға түседі. Сайыс барысында сурет салу дағдысы, логикалық ойлау қабілеті, еске түсіру, елестету қабілеттері және шығармашылығы бағаланады. Сайыс 2 кезеңнен тұрады: «Мәңгілік ел» тұғыры — Қуатты Армия» , «Қазақстан — достық мекені».

Шараның қорытындысы бойынша ең үздік көрсеткіштерге жеткен қатысушыларға мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табысталады.

Сайыс 5  мамыр күні сағат 11.00-де Қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жанындағы саябақта өткізіледі.

 

Ұйымдастырушылар:  Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы,  «Сана» зияткер жастар мектебі» Қоғамдық Қоры

Байланыс:  +7 747 460 28 43

sabirzhan.kenshilik@gmail.com


ПІКІР ҚАЛДЫРУ