«ҮЗДІК БАЛАБАҚША ӘДІСКЕРІ» І республикалық әдіскерлер байқауына қабылдау басталды

0
5010

«SKILLS ACADEMY» ЖШС республикамыздағы  мектепке дейінгі мекемелер әдіскерлерінің арасында өтетін «ҮЗДІК БАЛАБАҚША ӘДІСКЕРІ» І республикалық әдіскерлер байқауын Online режимде жариялайды. Байқаудың ақпараттық демеушісі – Martebe.kz республикалық білім сайты. Байқау жеңімпаздары  www.martebe.kz  сайтында жарияланады.

Байқаудың мақсаты: балабақша әдіскерлерінің шығармашылық ізденісі мен қабілеттілігін дамыту, үздік әдіскерлерді насихаттау.

Қатысушы үміткерлердің жұмыстары 10 сәуір мен 22 мамыр аралығында  skillsacademy.kz@mail.ru электронды почтасына қабылданады.

«ҮЗДІК БАЛАБАҚША ӘДІСКЕРІ»  атты  І республикалық  әдіскерлер байқауының ережесі

1.Байқаудың мақсаты

  • Еліміздің әр өңірлеріндегі балабақша әдіскерлерінің педагогикалық шеберлігін және кәсіби біліктілігін арттыру, үздік білім беру мамандарының жұмыстарын танымал етіп, әдіскерлердің талантты тәрбиешілермен және мектеп жасына дейінгі балалармен шығармашылық жұмыстарын дамыту.
  • Әдіскерлердің республикалық масштабта педагогикалық тәжірибелерімен бөлісу тәсілдерін, біліктіліктерін арттыру, заманауи білім беру жүйесіне сәйкес жаңашыл әдіскерлерді анықтау, ғылыми қабілеттілігін арттыру.
  1. Байқаудың өту тәртібі
  • Байқауды өткізу және ұйымдастыру ісімен ұйымдастыру алқасы айналысады. Ұйымдастырушы қатысушыларды тіркеуді, жұмыстарды сараптауды, қорытынды шығаруды, марапаттауды жүзеге асырады.
  • Байқаудың жеңімпаздарын анықтау үшін мектепке дейінгі білім беру саласының өкілдерінен тұратын арнайы әділ-қазылар алқасы құрылады. Сонымен қатар ұйымдастыру алқасының өкілдерінен арнайы ғылыми-әдістемелік кеңес құрылады.
  • Әділ қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  • Байқауға жіберілген материалдар мен жұмыстар кері қайтарылмайды.
  • Байқаудың марапаттау рәсімі жеңімпаздар анықталған уақыттан кейін он күн ішінде жүзеге асырылады.
  • Байқауға кез-келген мектепке дейінгі білім мекемелерінің әдіскері қатыса алады.
  1. Байқаудың тапсырмалары
  • Тәрбиешілер үшін ашық оқу қызметтері, семинарлар, жеке және топ бойынша кеңестер, конкурстар мен көрмелер өткізген болса электронды нұсқалары слайд түрінде; әдіскер мен тәрбиешілер арасында жүргізілген шығармашылық жұмыстардың материалдары (фотолары, әдістемелік құралдары (болса))
  • Білім беру деңгейлерінің үздіксіздігі мен сабақтастығы принциптерін сақтау, ата-аналармен өзара іс-әрекет жасау бойынша іс-шаралар ұйымдастырудың материалдары (суреттері, электронды нұсқалары, т.б дәлелдері)
  • Мектепке дейінгі мекемелерде болашақта тың және жаңа тиімді әдіс-тәсілдерді қолданау жобасы (егер болса)

 

  1. Байқаудың марапаттау рәсімі

Байқауға келіп түскен қатысушылардың жұмыстары  Martebe.kz білім сайтында жарияланып, сертификат беріледі.

Бас жүлде – диплом, байқау жеңімпазы үшін арнайы тағайындалған статуэтка және «Үздік әдіскер» төсбелгісі

І орын – диплом, «Үздік әдіскер» төсбелгісі

ІІ орын – диплом ,  «Үздік әдіскер» төсбелгісі

ІІІ орын – диплом ,  «Үздік әдіскер» төсбелгісі

 «Жаңашыл әдіскер» номинациясы — диплом, естелік сыйлық.

Барлық қатысушылар және мекеме басшысы арнайы алғыс хаттармен марапатталады.

Байқауға қатысу құны — 5000 тг.

Байқауға келіп түскен әдіскерлердің еңбектері республикалық ғылыми жинақта жарық көреді. Сатып алу құны – 4000 тг. Алам деушілер үшін байқау жарнапұлымен бірге аударылуы тиіс.

Біздің реквизит:

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ; БИК: KSNVKZKA

«SKILLS ACADEMY « ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

Кнп 859

Ескерту! Төлемді кез келген банктен жасай аласыз.

Қатысу үшін төлем жасау жөнінде және байқауға қатысты туындаған сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу телефоны: 8775-998-83-87.

Өтініш беру үлгісі

«ҮЗДІК БАЛАБАҚША ӘДІСКЕРІ»  атты  І республикалық  әдіскерлер байқауына өтініш

Аты – жөні  
Мекен – жайы, индекс (Міндетті)  
Жұмыс орны  
Еңбек өтілі  
Эл. поштасы  
Байланыс номері  

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ