Мен – веб журналистпін

0
1608

Мен – веб журналистпін. Мен ғылым мен техниканың қарыштап дамыған шағында халыққа талмай қызмет етемін. Бұл жолда… Мен ақпарат кеңістігіне терең сүңгіп, қажет дүниелерді тауып қана қоймай, өз елімді өркениет шыңына жетелеймін.

Мен – веб журналистпін. Маған халқымның әлемдегі еш елге есесін жібермей,ғаламтордың ғаламатын меңгеріп,өркениет көшінің алдында жүргені маңызды.Бұл үшін мен массагеттің майын ішіп, әлеуметтік желілердің жілігін шағып, ақпараттық порталдардың барлығын жетік меңгеруім керек.

Ақпарат алудың бірден-бір көзі интернет екені даусыз. Бүгінде қажетті ақпаратын ғаламтордан қотарып алып, кәдеге асыратын қауымның саны айтарлықтай өсіп келеді. Осы ақпарат атаулыны интернетпен шендестіріп отырғандардың арасында интернет журналистикасы да төбе көрсетіп қалады. Қазір интернет-газеттер дейсіз бе, журналистердің интернеттегі блогтері деймісіз, интернеттегі түрлі ақпараттық-сараптамалық сайттар дейсіз бе – бізде мұның барлығы жетіп-артылады. Бұл жағынан «біздерде мынадай бар, мынадай бар» деп паш ететін дүниелер, әрине, баршылық. Бірақ солардың сапа жағынан болсын, сан жағынан болсын өсу қарқынын артыру үшін еңбек етемін.

Қазірде Байыптап қарасақ, елімізде, шынымен де, қазақтілді интернет басылымдары санаулы ғана. Олардың «алдыңғы сапта тұрғаны деп – www.abai.kz және www.massagan.com сайттарын алуға болады» дейді мамандар. Сондай-ақ интернет сарапшылары «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Алаш айнасы», «Жас қазақ», «Түркістан» басылымдарының интернеттегі сайттарын жоғары бағалайды. Сарапшылардың пікірінше, бұл газеттер де интернет журналистикасының өркендеуіне өзіндік

үлес қосуда. «Әйтсе де бізге ғаламтордағы журналистиканың абырой-атағын арттыру үшін әлі де тер төгу қажет. Ол үшін интернетті қолдану мәдениетіміз, сауатымыз нық болуы керек» дейді мамандар.

Қазақ журналистикасымен біте қайнасқан қазақ интернетінің дамуы үшін талмай еңбек етемін. Журналистика әлемінде ғана емес, интернет кеңістігінде де қазақ менталитетін биік ұстауды міндет деп білем.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ