«Менің Қазақстаным» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі

0
1395
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

№ 2 «Балдырған» тобы    _____________       күні, айы

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Нұсқаушы: Алпысбай Аққу Рымтайқызы

Білім беру саласы  «Денсаулық»

Бөлімі : «Дене шынықтыру»

Тақырыбы: «Менің Қазақстаным»

Мақсаты: Отан, туған өлке, туған жеріне деген мақтаныш, патриоттық сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.

Берілген белгі бойынша шашырап, бытырап жүру, жүгіру кезінде бір- бірімен қақтығыспай  жүру, жүгіруге  жаттықтыру.

Жаттығуларды көрсетіп, түсіндіру кезінде сөзді ынта қоя  тыңдауға тәрбиелеу.Негізгі қимылды жаттығуларды орындағанда, олардың жасалу сапасы мен дұрыс қалыптасуын    қадағалау. Балалардың өз беттерімен неғұрлым көңілді әрі белсенді  қимылдар жасап,оларды көбірек қайталауға, ойын үстінде көңілді , белсенді болуға  баулу.

Білімділік: Қ.Р.мемлекетттік рәміздері туралы білімдерін толықтыру.Туған өлкенің табиғаты,туған ел туралы түсініктерін кеңейт.

Гимнастикалық орындық үстімен етпетінен жатып тартылу жаттығуларына жаттықтыру. Оң, сол аяғымен кезек аттап,алға екпінді серпіліс жасап алға жылжи секіру кезінде тепе- теңдікті сақтауды  секіруді бекіту. Гимнаст.орындық үстіне етпетінен жатып екі қолмен алға жылжи тартылуға жаттықтыру.Допты   лақтырып қағып алу жаттығуларын орындау кезінде қолмен екпінді серпіліс жасап,бір-біріне ,белгіленген межеге жеткізе лақтыруға жаттықтыру. Көздің өткірлігін дамыта отырып,шапшаңдық,ептілік,төзімділік қабілеттерін жетілдіру.

Дамытушылық : Ойлау қабілеттерін дамыту. Нұсқау бойынша тапсырмаларды орындауға дағдыландыру. Балалардың дербес қимыл-қозғалыс әрекетін дамыту.Ептілік,зейін,реакция жылдамдығын дамыту,туа біткен дененің сапалық /күш,жылдамдық,ептілік,төзімділік,иілгіштік,тепе-теңдік/қасиеттерін дамыту.

Негізгі қимылды жаттығулары арқылы  омыртқаға, аяқ, табан бұлшық еттеріне түсетін күшті азайту үшін, арқаның, іштің, қолдың,иық бұлшық еттерін жаттығулар арқылы қарқынды жетілдіру, дамыту.

Тәрбиелік : ҚР  мемлекеттік рәміздерін құрметтей білуге тәрбиелеу.Қайырымды мейірбан болуға тәрбиелеу.Балалардың өз еліне деген құрмет мақтаныш патриоттық сезімдерін қалыптастыру арқылы адамгершілікке,еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру,тәрбиелеу.Дене түзілісінің дұрыс қалыптасуына  дамуына жағдай жасау. Балалардың дұрыс дене бітімін қалыптастыру, бала денсаулығын нығайту, жалпы физиологиялық жетілуін, қимыл- қозғалысы арқылы биологиялық қажеттілігін қанағаттандыру, жағымды эмоционалды көңіл- күй ортасын жасау, балаларды жинақылыққа тәрбиелеу, өз денсаулығына саналы көзқарасын тәрбиелеу. Ойын кезінде балалардың тәртіп мәдениетін,бір-біріне деген ілтипатын ояту,ынталандыра тәрбиелеу. Жеке гигеналық дағдылар мен денсаулық сақтау негіздерін қалыптастыру. Дербестікке, қимылдарының мәнерлілігі мен икемділігіне тәрбиелеу.

Қостілділік компонент : Менің Қазақстаным — мой Казахстан, жайна- процветай, туған жер- родной край, туған ел- родная страна, кеуде тұсынан- от груди, еденге лақтыру- бросать на пол, бросать- лақтыру,  строиться в одну линию- бір түзудің бойына сапқа тұрыңдар.

Көрнекі құралдар: жалауша- 2 шт, 2- гим.орындық, құм салынған қалташалар, қимылды ойынға асықтар, топ балаларының санына жететін / гим. таяқшалар/

Іс — әрекет кезеңдері

 

Педаготың іс- әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

 

-Сәлеметсіңдер ме балалар!

— Денсаулықтарың қалай?

/Нұсқаушы бүгінгі оқу іс- әрекетінің тапсырмасын айтып ж/е бүгінгі оқу іс- әрекеті қызметінде туған өлкеміз  жайлы әңгімелесеміз- деп хабарлайды/

 « Менің Қазақстаным» жылулық шеңбері.

Нұсқаушы балаларды ішкі ж/е сыртқы шеңберге тұрғызады.

Бір балаға жұмсақ матадан тігілген «жүрек» қолына беріледі.

Әр бала өзінің кеудесіне төсей отырып, өз отанына, туған жеріне,өз ата- анасына отбасына, досына  деген өздерін жүректен шыққан жылы, сүйіспеншілік сөздерін айтып бір- біріне бірдіреді.

— Балалар өздерінің пікірлерін, жауаптарын жинақтап, қорытып жауап береді.

— Балалар қызығушылық танытып қойылған сұрақтарға жауап береді.

Саяхат барысында диктофонға жазылған табиғат дыбыстары   аудио жазбасы тыңдатылады.

Сыңғырлаған  күй қойылады, аттың шабысын, маңыраған малдардың, сиырдың мөңірегенін, иттің үргенін,сылдырлаған бұлақтың суын, самал желдің желпігенін,құстардың, т.б  дыбыстардың аудио жазбасы тыңдатылады.

Нұсқаушы балаларға туған өлкеге саяхатқа бару ұсынылып 1-2 минут жердегі кілемшеге жатып , оларға бір сәт көздерін жұмып өздерінің туған өлкелерінде жүргендей, табиғат аясында, көк майса шалғында жатып,көк аспан, аппақ бұлттарды көріп, құстардың сайраған әнін,судың сыбдырын естігенін көз алдарына елестету ұсынылады.

Көкте күліп күміс күн,

Қуанышқа кенелдік

Әнге бөлеп жер бетін

Жорыққа біз жөнелдік!

Олай болса саяхатқа аттанайық!. /Балалар бір тізбек бойына сапқа тұрып шеңбер бойлай жүреді/

Ұйымдастыру –

іздестіру/

 

 

 

1.Кіріспе бөлім:

Нұсқаушының берген белгілер бойынша, қозғаластың бір түрінен екінші түріне, жүру, жүгіру  бағыттарын ауыстырып отырады.

— Балалар берілген белгі бойынша бір тізбек бойына сапқа тұрады. Бір тізбек бойынынан, колоннаға ауысады.

— Аяқтың үшімен жүру, қол мықында

— Өкшемен жүру,қол желкеде.

тізені жоғары көтеріп жүру/қалың шөптермен  жүру/

Аяқтың іші,сыртымен жүру/аюларша жүреміз/

— «жыланжүріс»қойылған кедергілердің арасымен жүру

— Бір тізбек бойымен баяужүгіру./қатты жел тұрды/

/жүгіру/,келесі белгі бойынша «тоқтау»,белгі

Бойынша «кері» «теріс» «шашырап» жүру, жүгіру./қатты толқындар/жүгіру кезінде балалардың қол,аяқ алыстарына көңіл бөлу,дұрыс дем алуларын қадағалау/

Дем алу жаттығулары: папка № 10.

Қолдарын алға созып, алқандарын ашып, мұрынмен терең дем алып, ауыздан шығару./алақандарындағы күзгі жапырақтарды  үрлеу/

Балалардың дем алу жаттығуларын дұрыс орындауларын қадағалау.

Жаттықтырушы балаларға жаттығуларды көрсетіп бірге орындайды.

2.Негізгі бөлім./Оснавная часть/

Жалпы дамытушылық , қимылды жаттығулар:

/затсыз /папка №1

Балаларды 3- звеноға бөлу. Негізгі тұрысты дұрыс орындауларын қадағалау, бір мезгілде басталып,аяқталуына,санауға еруіне назар аудару. Дұрыс дем алуларына үлкен көңіл бөлу.

Негізгі қимылды жаттығулар.

Шартты белгілер:

Ү- үйрету. Қ- қайталау. Б- бекіту.

Шартты белгілер: *-  өзгерістер.**- қосымша.

1.Жерге қойылған  жіңішке тақтай немесе орындық үстімен жүру./ені 15см/

2.Қатарынан тасталған шеңберлерден қос аяқтап секіру.

3**Қатарынан тасталған 5-6 жіңішке жіптерденоң,сол аяқпен кезек секіру.

*Допты бір қолымен  /оң,сол/қолмен кезек «жоғары» лақтырып қайта қағып алу.

Таза ауада өткізілетін оқу қызметіне берілген ойын- тапсырмалар.

Ойын тапсырма жаттығулар:

Ойын жаттығулар:

1.**Еңбектеу жаттығуларына

арналған ойын-жаттығу

«Қақпадан өт»

 «тіркеме» әдісімен /приставной шаг/

/оң,сол қырларымен жүру.

Бір орында тұрып, қос ақтап секірпемен секіру.

«жаппай бақылау тәсілі»

2. Саппен қарама-қарсы тұрып, допты бір-біріне екі қолмен

«төменнен»

лақтыру./ара-қаш.1,5-2м/

3. Допты  оң, сол қолмен кезек алысқа лақтыру.

4.**Лақтыру жаттығуларына арналған ойын- жаттығу. «Көздеп лақтыр»

Қимылды ойындар: папка № 3,7, 9;

«Оң таяқша» /жарыса еңбектеп ойнайтын ойын/

«Тұтылма, құтыл»

/жүріп, жүгіріп ойнайтын ойын/

 «Алмақ-салмақ»

/жүгіріп, секіріп ойнайтын ойын/

Эстафеталық ойын: «Сыңар аяқ»

 «Капитанға қарай жүгір»

/лақтырып немесе лақтырғанды ұстап алып ойнайтын ойын/

«Түйілген орамал» /лақтырып,  қайта ұстап алып  ойнайтын ойын.

«Секіре түс» /жүгіріп , секіріп ойнайтын ойын.

Балаларға ойынның шартымен, ережесімен таныстырылып, жүргізуші таңдалады. Белгі беру.

Ойын 3-4 рет ойналады.

 3. Қортынды бөлім.

/Заключительная часть/

Балалар бір тізбек бойымен жүру арқылы  шеңберге тұрады.

Баяу қозғалыстағы ойын. «Шаңырақ», «Кереге»

Ойынның шартын балаларға түсіндіру,таныстыру. Ойынға белгі беру.

Ойын 2-3 рет ойналады.

-Жарайсыңдар балалар, шаршаған шығарсыңдар, біраз бойымызды сергітіп алайық.

Рефлексивті –

түзетушілік

Оқу іс- әрекетін қортындылау.

— Мағыналық:

— балалар бүгінгі оқу іс-әрекет барысы сендерге ұнадыма?

— балалар бүгін сендермен не жайында әңгімелесіп қайда саяхат жасадық қандай өзгерістері туралы айтып, есімізге түсірдік?

Эмоционалды:

— балалар,  сендер  қандай   жаттығуларды орындаған сендерге ұнады ,және қандай әдіс- тәсілдерді орындағанда сендерге қиын соқты?

— Жағымды:

— балаларды мадақтау, жылы сөздер айту.

— Дұрыс балалар, бұл жаттығулар сендердің бұлшық еттеріңнің жақсы жетілуіне, денелерің  сымбатты боуына көп әсер етеді

— Қандай ойындармен таныстыңдар?

— Ал, ойын сендерге ұнады ма?

Олай болса осымен бүгінгі дене шынықтыру оқу  іс-әрекетіміз аяқталды.

-Сау болыңдар, балалар!

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ