Менің таңдауым – ҚазҰУ!

0
879
ҚазҰУ

Магистрант атағын алу үшін менің таңдауым ойланбастан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне түсті, себебі Quacquarelli Symonds (QS, Ұлыбритания) агенттігінің зерттеулеріне сәйкес ең үздік 200 ЖОО құрамына кіріп, 165 орынды иеленді. Жалғыз менің емес, талай түлектің арманы болған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –де грант иегері атану маған да бұйырыпты.

Құрылғанына 85 жыл толған оқу орны өз тарихында көптеген жетістіктерге жетіп, әлемдік аренаға өз орнын көрсете алды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ — мемлекеттік аттестаттаудан бірінші болып өтіп, барлық мамандықтар мен деңгейлерде білім беру қызметін жүзеге асыруға құқықты растайтын Қазақстан Республикасы жоғары білім беру жүйесінің жетекші мекемесі.

Университетте жоғары білікті мамандар даярлауға, әлемдік білім кеңістігіне одан әрі интеграциялануға, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, оларды өндіріске енгізуге бағытталған орасан зор білімдік, ғылыми, рухани, білім беру, инновациялық және өндірістік әлеует бар.

ҚазҰУ студенттері үшін толыққанды оқу және демалу үшін барлық жағдайлар жасалған. «Керемет» Студенттерге Қызмет Орталығы өзінің құрылымы және функционалдық қызметі бойынша, «бір терезе» және «бірыңғай кеңсе» қағидаты негізінде қызмет түрлерін көрсететін және әлемдік кеңістікте толыққанды аналогы жоқ орталық болып табылады.

Орталықтың практикалық маңыздылығы, әлеуметтік маңызы бар 500-ден астам, оқу-ағартушылық, медициналық, әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени-демалыстық қызметтерін ұсыну болып табылады. Бос уақыттарында студенттер кинотеатр, кафе, кітап дүкені, супермаркет, фотостудия, ателье, сән салоны, киім жуатын орын, кеңсе тауарлар дүкені, имидждік өнім дүкені, «Көмек» қоғамдық дүкені, сатушысыз «Адалдық дүкені» қызметтерімен қатар өзгеде көптеген қызметтерді ала алады.

Үздіксіз білім беру жүйесі: бейіндік мектеп, колледж, бакалавриат, магистратура, PhD докторантура – сәттілікке бастар жол! Мұның барлығы басқа жанға асыра мақтау болуы мүмкін, бірақ, ҚазҰУ — мүмкіндіктерге толы инновациялық мекен екендігін мойындауымыз керек.

Бәрімізге белгілі, коронавирус инфекциясын алдын алу мақсатында Қазақстанның көптеген аймақтарында карантрин режимі қойылды. Осыған орай, ҚазҰУ басқа ЖОО секілді қашықтықтан оқытуға көшті. Айтып кетеін жайт, карантин — университетіміздің білім беру саласын одан әрі технологиялық және прогрессті етуге керемет мүмкіндік. Барлығы оқытушы мен пәнге, соның ішінде сабақты өткізу әдіс-тәсіліне байланысты.

Біздің университетте оқытушылар өз студенттерінің қашықтықтан тоқтамастан білім алуларына барын салуда. Кей сабақтардан оқытушылар әр түрлі форматтағы сұрақтар мен тапсырмалар береді, біз қашықтықтан оқыту сайтына кіріп, белгіленген уақытқа дейін жауап береміз. Соның ішінде маған ерекше ұнайтын пән – Жоғары мектеп педагогикасы. Педагогика бұл негізінен, қиын әрі жан жақты қарастыруды талап ететін сала. Осы пәнді меңгеру арқылы, қалай жақсы маман иесі болудың негіздерін, білім алушылармен қалай дұрыс жұмыс істеу туралы тәжірибе жинадым.

Оқытушымыз бакалавр кезінде де сабақ берген, осы мамандығымның жалғасын табуға әсер еткен «Педагогика және білім беру менеджмент» кафедрасының доценті Қасымова Роза Садыққызы жоғары білімді, өз мамандығын жақсы көретін білікті ұстаз. Ол сабақты әр түрлі форматта және қызықты әдіс-тәсілдер, технологиялар қолдану арқылы өтеді. Бұл тақырыптарды барлық жағынан қамтылған, әрі оңай түсінуге септігін тигізеді. Атап айтатын болсам, Инновациялық жаңа технологияларды қолданып, тақырыпты тереңінен қарастырып, дәріс, семинар уақытында ерекше атмосфера береді. Мен де болашақ мамандығымда Роза Садыққызы сияқты үлкен жетістіктерге қол жеткізуге тырысамын. Басқа да пәндер Zoom, Microsoft Teams сияқты әлеуметтік желілер арқылы оқытушымен тікелей байланыста тақырыптарды талдаумен өтеді. Оқытудың бұл жолы кейде ыңғайлы.

Қорытындылай келе, жоғары білімнің қара шаңырағы кез келген талаптыға өз есігін айқара ашады.

Жолмырзаева Дана
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Шет тілі: екі шет тілі мамандығы
1-курс магистранты


ПІКІР ҚАЛДЫРУ