Менің елім-Мәңгілік ел! (Шығарма)

4
74928

Әрбір адам үшін ең асыл қазына- отанын, туған елін сүю. Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық , ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім — тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы — тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы — батыр халық».

Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, жерін жауға бермей, ұлан байтақ өлкесін қазақ еліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас батырлар қаншама десеңізші! Бұлардың ерлігі біздерге қашан да болса өнеге болмақ. Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай еңбек етуі қажет. Отаншылдық сезім ертеден қалыптасқан, ескірмейтін, мәңгілік, қасиетті ұғымды  Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы бар күш – қуатын, ерік-жігерін Отан игілігі мен мүддесіне аямай жұмсау, туған жерін, қасиетті ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу деп түсінемін. Әрбір адам бала кезінен

« Қазақстан – менің Отаным, мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсуі тиіс емес пе? «Қазақстан- біздің ортақ  үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің өмірімізді ,туған жеріміздің қадірін білер болсақ, оны жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік.
Ұстаздарымыз айтқандай адамгершілікті, тәрбиелі адам – кез келген мемлекеттің байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі.
Олай болса ең алдымен тілімізді, дінімізді, салт — дәстүрімізді білсек, тіл — қазақ болуымыз үшін, дін — адам болуымыз үшін, салт – дәстүр — ұлт болуымыз үшін қажет.

Елбасы Н.Назарбаев атамыз біз өмір сүріп отырған мекенге қаншама жақсы жағдайлар жасауда..Біздердің сауатты болып өсуімізге, сапалы білім алып елді өркендету, қызмет ету үшін  бағыт беруде.

Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады.Олар өзара тату-тәтті өмір сүруде.Еліміздегі ынтымақ, бірлік, достықты мақтан етуге тұрарлық.Ынтымақ бар жерде бақыт бар.Біз бақыттымыз.Қазақстан Республикасы – өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі болса Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс деп ойлаймын.Туымызды,Елтаңба,Әнұранымызды тұмардай қасиет тұтсақ деймін.Нұрсұлтан атамыздың рәміздер жайлы айтқан ойтолғамын оқығанымда қатты толқыдым. «Тудың түсін дәл табу оңай болған жоқ.Зеңгір көк түстің мағынасы өте терең.Мұнда біздің ашық аспанды, яғни бейбіт күнді айшықтайтын кіршіксіз көңіліміз бар, мұнда көкті тәңір тұтқан ата-бабаларымыздың арман-аңсары бар, мұнда біздің халқымыздың біртектілігін, мемлекетіміздің бөлінбейтінін білдіретін ұлы тұтастық идеясы бар.

Мына алтын күн алаулаған зеңгір аспанның аясында баяу қалықтаған дала бүркіті-қазақтың қыран көңілін, дарқан да ақ, бітімшіл бейбіт көңілін шырқау биікке алып шыққандай.Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін! Қазақ өмірінің ұлы белгісі-шаңырақтан  тараған таң шапағындай  уықтар аясындағы  ай мүйізді, алтын қанатты ғажайып  пырақтар халқымыздың болашаққа ұмтылған асқақ арманның бейнесіндей болып көрінеді.Қос пырақтың ортақ шаңырақты қанатымен қорғап тұрғаны да көп ой салады.Елтаңбада ұлы идея-Еркіндік идеясы біздің есімізге қазақтың: «Отан үшін күрес-ерге тиген үлес» деген қанатты сөзін еске салып тұратын болсын»,-деген.

«Біздер Қазақстандықтар — бір халықпыз!Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Осындай елде туылып, өмір сүргенімді мақтан етемін.Отан алдындағы парызым-ұлы жауапкершілікпен білім алып, елдің өркендеуіне өз үлесімді қоссам деймін.Қазақ хандығының 550 жылдығы- ұлтымыздың рухы мен мемлекетіміздің мерейі үшін ерекше оқиға.  Сыр бойы-қазақ  даласында дәуірлеген мемлекеттер ту тігіп,астанасын салған қасиетті жер.Мұнда Сақ мемлекетінің ордасы,әрі көне қала мәдениетінің орталығы-Шірік-Рабат шахары,Оғыз мемлекетінің астанасына айналған Жанкент,Қыпшақ және Қазақ елінің астанасы болған Сығанақ қаласы салынған.ХХ ғасырдың басында, Қазақ елінің алғашқы астанасы болған бүгінгі Қызылорда қаласының киелі Сунақата ауылында тұрамын.Сыр бойы-бүкіл түркі халықтарына ортақ   абыз,бүгінгі Мәңгілік ел идеясының бір тамыры өзінен бастау алатын, ойшыл, мәңгілік өмірдің кілтін руханияттан тапқан сазгер, ыспалы музыкалық аспаптардың атасы Қорқыт бабамыз өмір сүрген, мәңгілік мекен еткен киелі топырақта дүниеге келгеніме шүкір деймін.

15 ғасырдың 70- жылдарында Қазақ хандығы Сырдария бойымен жүріп отырып,Қаратаудың бөктерін иеленді.Хандықтын жері кеңейіп, оған түкпір-түкпірден туыс рулар келіп қосылып жатты.Қазақ хандығының құрамына алғаш қосылғандардың қатарында Сырдың жағасындағы Созақ пен Сауран қалалары бар еді.Қасым хан жас мемлекеттердің астанасы етіп, Сығанақ қаласын таңдаған.Соның нәтижесінде тоғыз жолдың торабында орналасқан Сыр елінің қалалары көркейе түсті.Ал Тәуке ханның тұсында Сыр бойындағы қалалардың саны 32-ге жетті.Жоңғар шапқыншылығынаң зардабын тартқан халық тұс-тұстан ауып келіп, алты Алаштың табан тірері-Сыр бойын паналаған.Сондықтан да, сыр өңірі қазақ хандығының рухани-мәдени орталығы ретінде ұлтқа пана болған,Ұлы даланың киелі мекені ретінде танылады.Елбасының Сырды Алаштың анасына балайтыны да сол себептен болар.Тарихи тағдырымызға жүздеген жылдық күрделі кезеңдері үшін, бізге дейінгі және келешекке ең асыл мұра болып қалған Ұлы Отанымыз-Тәуелсіз Қазақстан үшін рахмет деймін.

Ендігі міндет-бабалар аманатына адал болып,Ұлы Дала елінде тәуелсіздікті мәңгі ету. Келешекте елімді көркейтуге тер төгемін, адал қызмет етемін.Ә.Асылбеков ағамыздың сөзіне жазылған «Қазақ елі осындай» әнін үлкен сахналарда шырқап,Мен- мәңгілік елдің перзентімін, Менің елім-Қазақстан деп мақтана бергім келеді.

Арайлы алтын таңдары,

Жайдары жарқын жандары.

Асқарлы арманы бар,

Аспанды таулары бар,

Бақшалы баулары бар.

Даламдай дархан пейілді,

Анамдай артқан мейірі,

Біртұтас халқымыз бар,

Мызғымас қалпымыз бар.

Әлемге даңқымыз бар!

 

 

Авторы: Алмазұлы Санжар


4 ПІКІРЛЕР

  1. Рахмет сіздерге маған сабақта осыған ұқсас тапсырма берілген еді. Мағынасы өте керемет

  2. Өте керемет!?? Сабағыма көмектесті Қате жоқ ????

ПІКІР ҚАЛДЫРУ