«Менің мектебім» тақырыбында сабақ жоспары

0
13294

 

Тақырыбы:

Менің мектебім

Мектебі:  27 гимназия
Күні,айы:  Мұғалімнің аты-жөні: Жаксыкулова Ж.М.
4 сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

 

Оқу мақсатына сәйкес оқу мақсаты

4.1.3.1.мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және түйінді тұстарын анықтау.

4.2.1.1. әңгімені өрбіту үшін қажетті сөздерді қолдану.

4.3.2.1. бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіннің түйінді тұсын түсіну;

4.5.1.2 көптік/тәуелдік/жіктік/септік жалғауларын ауызша тілде және жазбаша тілде еркін қолдану

Сабақ мақсаты

 Барлық оқушылар біледі:

Мектеп, сынып атауларын еске түсіреді.

Оқушылардың басым бөлігі біледі:

Өздерінің қай мектепте оқитындығын, қай көшеде орналасқанын айта алады,  сұрақты түсінеді.

Кейбір оқушылар біледі:

  Өмірлік жағдаяттарда мектепке  байланысты өз қалауын  білдіре алады.

Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Жоспарланған жұмыс Ресурстар

Сабақтың       басы

(2-5 минут)

               (МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың басталуына жағымды ықпал

ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.

Оқулық

 

Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 — топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 — топ, көктем айындағылар 3 — топ, жаз айындағылар 4 — топ болып бөлінеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрау Өткен сабаққа байланысты сұрақтар қою
Қызығушылықты ояту

  Берілген сурет бойынша 4-5 сөйлем құрастырып жаз.

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

  Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз.

Балалар мектепке    ……  .

Қоңырау   ….  .

Мұғалім сыныпқа   …..  .

Сабақ  …. .

Бірінші сабақ – қазақ тілі  …. .

Оқушылар тапсырмалар  …. .

Айгүл өлең  …. .

Керекті сөздер: болды, соғылды, оқыды, кірді, орындады, келді, басталды.

  Сөйлемдерді дұрыс  аяқтап жаз.

Кітап, қалам                                                мектепте жүр.

Суреттер                                                      үстелдің үстінде жатыр.

Дәптер, қағаз                                              партаның үстінде жатыр.

Оқушылар                                                   қабырғада ілулі тұр.

Білімді адамға                                             әрқашан жол ашық.

 

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлерден,

Ытқып-ытқып  жүгірді.

Ой толғаныс Жылт — жылт еткен, жылғадан өткен. (су)
2. Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті. (өрік)
3. Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. (қой)
4. П — дан егер бастасаң,
Зоопаркте тұра алам.
Т — дан егер бастасаң,
Ойыңды сыртқа шығарам (піл — тіл)
5. Шыр — шыр етеді,
Ұстай алсаң сөйлеп кетеді. (телефон)
6. Аулада бар елде жоқ,
Дауылда бар, желде жоқ. (у әрпі)

Сөйлемдерді дұрыс ретімен орналастырып жаз.

1.      қалам, алдым, Мен.

2.      Келді, Ол, сабаққа.

3.      алды, Оқушылар, оқулық, көп.

4.      қарындаш, Менде, бар, сары.

5.      басталды, сабақ, Бірінші.

Үй тапсырмасы №5 тапсырма Күнделіктеріне жазады
Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

 

Бағалаймын: бағалау  бағалау парағын көрсету парақтары арқылы

мадақтау сөздермен ынталандырамын.

Топтағы әр оқушы берген формативті бағасынан

сумативті баға қоямын.

 

Қорытындылау

(сұрақ-жауап)

Ø  бүгін қандай тақырыппен таныстық?

Ø  Өз мектептерің туралы айтыңдар?

 

Сабақтың соңы

36-40 мин.

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық  әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны  туралы ой-пікірлерін білдіре алады.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ