«Менің туған өлкем» тақырыбында байқау өткізіледі

0
4185

Құрметті оқырмандар!
Әрбір  адам  баласының  кіндік  қаны  тамған,  жанына,  жүрегіне  жақын  қимас сезімге  бөлейтін  алтын  ұясы  бар. Оның әр тасы, топырағы  ыстық болады емес пе?!
      
Martebe.kz сайты  «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында  оқушылар  арасында  «Менің туған өлкем» тақырыбында  шығармалар (проза, эссе, поэзия) байқауын  жариялайды. Өлкеңіздің өткен тарихына көз жүгіртіп, бүгінгі  таңдағы жетістігімен кемшілігін тілге тиек етсеңіз. Ал өлкеңіздің  ертеңі қандай болмақ?…
   Байқауға қатысу үшін :
          Қатысушы осы жазбаны өз парақшасында (вконтакте, фейсбук, инстаграм)  жариялауы тиіс;
         Қатысушы өзі туралы толық ақпарат беруі керек
(Аты-жөні, мектебі, сыныбы, мекен-жайы, индекс, байланыс нөмері)

Жұмыстар 17 ақпанға дейін  Symbat_aidarkhan@mail.ru  почтасында қабылданады.  Ең үздік шығармалар «Шәкірт ойы» айдарында  жарияланатын болады. 
Байқаудың жүлдегерлері мен жеңімпаздары  диплом мен арнайы сыйлықпен марапатталады. Шығармалары үздік деп танылған оқушылардың мұғаліміне алғыс хат тағайындалады.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ