Микроорганизмдердің классификациялық принципі

0
12733

Жоспар:\r\n\r\n1.Кіріспе\r\n\r\nМикроорганизмдердің  жүйеленуі\r\n\r\n2.Негізгі бөлім\r\n\r\nА. Микроорганиздердің негізгі жіктелуі\r\n\r\nВ. Бактериялар;\r\n\r\nС. Вирустар;\r\n\r\nД. Саңырауқұлақтар;\r\n\r\nЕ. Актиномицеттер;\r\n\r\nГ. Ашытқылар.\r\n\r\n3.Қорытынды\r\n

    \r\n

  1. Пайдаланған әдебиеттер
  2. \r\n

\r\n \r\n\r\nМикроорганизмдер- (бактериялар, саңырауқұлақтар,  қарапайымдылар, вирустар) өзара ұқсастықтарына, ерекшеліктеріне және  қарым-қатынасына қарай өз іішнде жүйелендірілген. Мұнымен арнайы ғылым- микроорганиздер систематикасы (жүйесі) айналысады.  Систематика үш бөлімнен тұрады: түрлерге жіктелуі, яғни классификация, таксономия және идентификация.  микроағзалар таксономиясының негізіне  олардың морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық және молекулярлық-биологиялық қасиеттері  жатыр.\r\n\r\nКелесідей такосномиялық категорияларды өзара бөліп қарастырады:  патшалық, патшалық ішілік, бөлім, класс, тұқымдас,түр, түр іші және т.б.  Белгілі бір таксономиялық категория шегінде  келесі таксондарды бөліп қарастырады- бірдей  қасиеттер менсипаттарға ие  организмдердің біріккен тобы.\r\n\r\nМикроорганизмдер клеткаға дейінгі формалармен (вирустар- Vira патшалығы) және клеткалық формалармен (бактериялар, архебактериялар,  саңырауқұлақтар және қарапайымдылар) болып бөлінеді.\r\n\r\nҮш доменді (немесе империяны )қарастырады:  «Bacteria», «Archaea» және «Eukarya»:домен «Bacteria»-бұл  нағыз бактериялармен көрсетілген  прокариоттар.  домен «Archaea» —архебактериялар ретінде сипатталған прокариоттар;домен «Eukarya»-бұл  клеткалы  ядролық қаптамаға ие , ал цитоплазмасы  жоғары дәрежеде ұйымдастырылған органеллалардан-митохондрия, Гольджи аппаратынан және т.б. тұратын  эукариоттар болып табылады. «Eukarya» домені  келесілерді біріктіреді:  Fungi патшалығы (саңырауқұлақтар); Animalia аңдар патшалығы  (Protozoa қарапайым-патша ішілік жіктелімді қосады); Plante өсімдіктер хандығы. Домендер  патшалықтарды, класстарды, тұқымдастарды,тектерді және түрлерді біріктіреді.\r\n\r\nТүр.  Негізгі таксономиялық  категориялар ретінде  түр табылады. Түр- ұқсас сипаттар арқылы біріктірілген ,бірақ  өзге топтардан айрықшаланатын өзара ұқсастылардың бір жікке бірігуі.\r\n\r\nТаза мәдениет. Қоректену ортасындағы өзара ұқсастықтарымен біріктірілген,  ұқсас морфологиялық,  биохимиялық және антигендік, тинкториалды (бояғыштарға әсері) және мәдени  қасиеттерімен  сипатталатын бірігу түрі-таза мәдениет.\r\n\r\nШтамм. Белгілі бір қайнар көзден қалыптасқан  және өзге  түрлерден  ерекшеленетін  микроорганизмдердің таза мәдениеті  штамм деп аталады.  Штамм- түрге қарағанда әлдеқайда тар ұғым.\r\n\r\n Клон. Штамм ұғымына ұқсас ұғым клон болып табылады. Клон ретінде  бір ғана микробты  клеткадан қалыптасқан  ұрпақтардың өзара жиыны түсіндіріледі.\r\n\r\nМикроорганизмдер-бір жасушалы  тірі организмдер, олар тек қана микроскоптың көмегімен көрінеді.  Микроағзалардың өлшемі  микрометр-мкм (1*1000мм) немесе нм (1/1000мкм) арқылы есептеледі.\r\n\r\nМикробтар  бактерияларға, вирустарға және фактарға, саңырауқұлақтар мен ашытқыларға жіктеледі.  Бөлек түрде бактерияның келесі түрлері қарастырылады: рикетсиилер, микоплазмалар, ал басты орынға  қарапайымдылар ие.\r\n\r\nБактериялар.\r\n\r\nБактериялар-микрометрдің он бөлігінен басталатын өлшемге ие бір жасушалы ағзалар, мысалы спирохеттің өлшемі-500мкм-ға дейін.\r\n\r\nБактериялардың басты үш түрін бөліп көрсетеді:  шар тәріздес бактериялар (кокк), таяқша тәріздес  (бацила және т.б.), ирелеңді (вибриондар, спирохеттер, спириллалар) 1-сурет\r\n\r\nШар тәріздес бактериялар (кокктер) қарапайым шар тәріздес формаға ие, бірақ кейде сопақшалау да түрі кездесуі мүмкін. Кокктер жалғыздан орналасуы мүмкін (микрококктер); сондай-ақ жұптасуы да мүмкін (диплококктер); өзара жалғасқан тізбек түрінде (стрептококктер) немесе жүзім түрінде (стафилококкктер), пакет ретінде (сарциндер). Стрептококктер ангинаны тудыруы мүмкін немесе ісікке алып келуі мүмкін, стафилококктер – түрлі іріңдік және іспелі ауруларға алып келеді.\r\n\r\n \r\n\r\n1-сурет. Бактериялар формалары: 1-микрококктар, 2-стрептококктар, 3-сардиндер, 4-спорасыз таяқшалар, 5-споралары бар таяқшалар, 6-вибриондар, 7-спирохеттер, 8-спириллалар; стафилококктер.\r\n\r\nТаяқша тәріздес бактериялар ең көп таралғаны болып саналады.  Таяқшалар дара,  жұптасқан түрде (диплобактериялар) немесе тізбек түрінде (стрептобактериялар) болуы мүмкін.  Таяқша тәрізділерге  ішек таяқшасы, қозбалы сальмонеллеза,  дизентерия,  туберкулез жатады.\r\n\r\nКейбір таяқша тәріздес бактериялар  қолайсыз жағдайларда  спора түзетін қабілетке ие. Спора түзгіш бактерияларды бацилларлар деп атайды. \r\n\r\nСпора түзу өз кезегінде өте күрделі үрдіс болып табылады. Споралар қарапайым бактериалды клеткадан айрықшаланады. Олар өте жуан қабықшаға ие және  судың көлемі оның құрамында аз кездеседі. Сондай-ақ оларға қоректенуші заттардың қажеті жоқ,  ал көбеюі толығымен тоқтатылады. Споралар құрғауды, жоғары және төмен температураларды ұзақ кезең бойы шыдамдықпен өткізе алады  және де  өміршең қалыпта  ондаған, жүздеген жылдар бойы қала алады.\r\n\r\nИрелеңді бактриялар  үтір тәріздес болады. Вибриондарға  холера қоздырғышы, ал сифилис қоздырмасына  спирохет жатады.\r\n\r\nБактериалды клеткалар  жасушалық  қабырғаға ие (немесе қаптама). Клетканың ішіндегі сұйықтық (цитоплазма) пен қаптама арасын  клеткалық мембрана бөліп тұр.  Цитоплазма  өте мөлдір  ақуызды масса ретінде сипатталады, ол  коллоидты қалыпта кездеседі.  Цитоплазмада рибосомалар, ДНҚ молекулалары бар ядерлік аппарат бар.\r\n\r\nМикоплазмалар- клеткалық қабырғадан айырылған бактериялар, олар өз өсімінде  өсу факторларын, көбінесе ашытқы құрамындағы факторларды қажетсінеді.\r\n\r\nКейбір бактериялар қозғала алады.  Қозғалыс жгут түрінде жүзеге асады- түрлі ұзындықтағы жіп-жіңішке жіп тәрізді. Жгуттар дара бір  жіп күйінде де,  оралған түрде де  кездеседі. Жгуттар көптеген таяқша тәріздес бактерияларда бар және  барлығы дерлік ирелеңді бактерияларда кездеседі.  Шар тәрізділер, негізінен,  жгуттарға ие емес, олар аз қозғалады.  Бактериялар екіге бөліну арқылы көбейеді. Бөліну  жылдамдығы  өте жоғары болуы мүмкін (әрбір 15-20 минут сайын), және  бактерия саны өте жоғары бола алады.  Мұндай тез бөлінгіштік  тағамдарда және субстраттарда кездеседі.\r\n\r\nВирустар.\r\n\r\nВирустар- жасушалық құрылымға ие емес  микроорганизмдер тобы. Вирустардың өлшемі нанометрлермен өлшенеді (8-150нм), сол себепті  оларды электронды микроскоп арқылы көруге болады.  Кейбір вирустар тек қана ақуыздан және нуклеинді қышқылдан тұрады.\r\n\r\nВирустар адамның бойында  тұмау,  вирустық гепатит,  қызылша, жануарлардың ауруы-ящур, жануарлар чумасы сияқты ауруларды тудыруы мүмкін.\r\n\r\n Бактерияларды, вирустарды  бактриофагтар деп атайды, саңырауқұлақ вирустарын-микрофагтар және т.б. атайды.  Бактериофагтар микроорганизмдер бар жердің кез-келгенінде  кездесе береді.\r\n\r\nРиккетсиялар- бактриялар мен вирустар арасындағы орынды иеленетін  микроорганизмдер. Олар  өз кезегінде  ұзындығы 1,0мкм болатын  таяқша түрінде кездеседі.  Олар спора түзбейді және  капсулға ие емес. Вирустар сияқты олар да жасушаішілік паразит болып табылады.\r\n\r\nСаңырауқұлақтар.\r\n\r\nСаңырауқұлақтар хлорофиллға ие емес және  органикалық заттарды синтездемейтін  өсімдік ағзалары болып табылады.  Олар  дайын органикалық заттарды қажетсінеді.  Сол үшін саңырауқұлақтар түрлі субстраттарда  дамиды. Кейбір саңырауқұлақтар  өсімдік, жәндік , аңдар мен адамдардың бойында ауруларды тудыртуы мүмкін.\r\n\r\nСаңырауқұлақтардың жасушалары  ядролардың болуымен, вакуольдердің барымен және  өсімдік ағзаларына ұқсас жасушалрға ие болуымен ерекшеленеді.Көбінесе олар ұзын және бұтақ тәріздес қалыпта болады. Мицелий  бір немесе бірнеше ядролы клеткадан тұратын немесе мүлдем клеткасы жок   сипатта болады.  Мицелийде ұрықтық денелер , яғни организмдер дамиды.  Кейбір саңырауқұлақтардың тұрпаты  дара клеткалардан  тұруы мүмкін.\r\n\r\nСаңырауқұлақтар түрлі жолдармен көбейе алады, соның ішінде  вегетативті жолмен  де көбейеді.  Көптеген саңырауқұлақтар  жыныссыз және арнайы споралардың түзілуінің негізінде көбейе алады. Споралар сыртқы ортада ұзақ уақыт бойы сақтала алады.  Дамыған споралар алыс аумақтарға жылжи алады.  Қоректену ортасына түсіп, споралар  гифтерге айналады.\r\n\r\nСаңырауқұлақтардың кең тараған түрі- зең саңырауқұлақтары. Олар табиғатта кең таралып,  қоректену тағамдарында дами алады, соның негізінде түрлі түсті жақсы байқалатын  тарамдарды тудырта алады. Тағамдардың бұзылуының көп жағдайдағы себепшісі-саңырауқұлақтар. Олар тағамның бетінде ұлпа тәріздес ақ үлпілдекті тудыртады.\r\n\r\nСаңырауқұлақтардың әрбір түрі  тек қана өнімнің бұзылуын ғана тудыртпайды, сондай-ақ  адамға қауіпті таксинді заттарды да түзуі мүмкін-микотоксиндер. Оған саңырауқұлақтың кейбір түрі-сапергиллус, фузариум жатады.  Кейбір саңырауқұлақтардың жағымды жақтары-тағамдық және фармацевтикалық өндірісте қолданылуы. Мысалы, цениилиум түрінің саңырауқұлақтары  пенициллин антибиотигін алуда қолданылады және сыр (рокфор мен камамбера) алуда пайдаланылады.\r\n\r\nАктиномицеттер- бактриялардың да, саңырауқұлақтардың да сипаттарына ие микроорганизмдер.  Құрылымы мен биохимиялық сипатына қарай  бактрияларға ұқсас, ал  көбею, гиф түзу  сипатына қарай  саңырауқұлақтарға ұқсас.\r\n\r\nАшытқылар\r\n\r\nАшытқылар-өлшемі жағынан 10-15мкм-дан аспайтын  бір жасушалық қозғалыссыз микроорганизмдер.  Ашытқылардың жасушаларының формасы  көп жағдайда дөңгелек және сопақша болып келеді.  Ашытқылардың  клеткалары құрылымы бойынша саңырауқұлақтарға ұқсас, олар да вакуоль мен ядроға ие.  Ашытқылардың көбеюі  бөлінуімен,  споралармен жүзеге асады.\r\n\r\nАшытқылар табиғатта кең таралған, оларды топырақ пен өсімдік құрамынан , тамақтардан көруге болады.Ашытқылардың тамақтарда дамуы  оның бұзылуына алып келеді.  Ашытқылардың кейбір түрлері  қантты  этил спиртына айналдыру қасиетіне ие. Бұл процесс  спирттік қыжылдау деп аталады және  вино жасауда,  тағамдану өндірісінде кеңінен қолданылады.\r\n\r\nАшытқылардың кейбір түрлері — кандида  адам организмындағы-кандидоз ауруын тудырады.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nҚорытынды бөлім\r\n\r\nҚорыта айтқанда- Микроорганизмдер-бір жасушалы  тірі организмдер, олар тек қана микроскоптың көмегімен көрінеді.  Микроағзалардың өлшемі  микрометр-мкм (1*1000мм) немесе нм (1/1000мкм) арқылы есептеледі.\r\n\r\nМикробтар  бактерияларға, вирустарға және фактарға, саңырауқұлақтар мен ашытқыларға жіктеледі.  Бөлек түрде бактерияның келесі түрлері қарастырылады: рикетсиилер, микоплазмалар, ал басты орынға  қарапайымдылар ие. Систематика үш бөлімнен тұрады: түрлерге жіктелуі, яғни классификация, таксономия және идентификация.  микроағзалар таксономиясының негізіне  олардың морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық және молекулярлық-биологиялық қасиеттері  жатыр.\r\n\r\nКелесідей такосномиялық категорияларды өзара бөліп қарастырады:  патшалық, патшалық ішілік, бөлім, класс, тұқымдас,түр, түр іші және т.б.  Белгілі бір таксономиялық категория шегінде  келесі таксондарды бөліп қарастырады- бірдей  қасиеттер менсипаттарға ие  организмдердің біріккен тобы.\r\n\r\n \r\n\r\nӘдебиеттер тізімі:\r\n

    \r\n

  1. М.Х.Шығаева, Ә.Т.Қанаев «Микробиология және вирусология»
  2. \r\n

  3. Ғаламтор материалдары мен суреттер
  4. \r\n

  5. http://biofile.ru/bio/6974.html  (Аударма жасадым)
  6. \r\n

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ