Тірі табиғаттағы микроорганизмдердің орны

0
18748

Тірі табиғаттағы микроорганизмдердің орны\r\n\r\nЖоспар:\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  • Кіріспе
  • \r\n

\r\n11  Негізгі бөлім\r\n

    \r\n

  • Табиғаттағы тірі  организмдердің  бірі —  микроорганизмдер.
  • \r\n

  • Микроорганизмдердің зиянды  пайдалы әрекеттері.
  • \r\n

  • Микроорганизмдер биологиялық манызы.
  • \r\n

  • Микробтар жөніндегі ғылым — микробиология.
  • \r\n

  • Микробиология ғылымы дамуының негізгі кезендері.
  • \r\n

\r\n     111   Қорытынды:\r\n\r\n     1V   Қолданылған әдебиеттер \r\n\r\n                                               Кіріспе\r\n\r\n      Микроорганизмдер ,  микробтар – тек қана   микроскоппен  көруге  болатын өте  ұсақ организмдер.  Бұларды алғаш рет 17 ғасырда  голланд ғалымы А.В. Левенгук ашқан. Микроорганизмдер  арасында  прокариоттар  және  эукариоттар  тобына жататындары  бар. Кейде Микроорганизмдерге вирустарды да  жатқызады. Микроорганизмдер  мөлшері  жағынан  тым ұсақ болғандықтан, оларды  табиғи  субстраттардан оқшаулап алуда (таза дақыл күйінде), өсіруде және зерттеуде  ерекше тәсілдерді  қолдауды   қажет етеді. Микроорганизмдерді зерттейтін ғылым саласы – микробиология. Микроорганизмдердің  басым көпшілігі бір  клеткалы организмдер. Олар, көбінесе, қарапайым  бөліну арқылы  тез  көбейеді. Көп  клеткалы организмдерге  тән өте күрделі жынысты көбею процессі бұлардың көбінде болмайды. \r\n\r\n    Табиғаттағы   тірі  организмдер  мейлінше  алуан  түрлі  болады. Олардың   ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен басқа, жай  көзге  көрінбейтін  тірі организмдер — микроорганизмдер елеулі орын  алады. Сыртқы пішініне және тіршілік жағдайларына қарай микроорганизмдер бірнеше  топқа   бөлінеді. Кейбіреулері  ауыл  шаруашылығында,  медицинада  баға  жетпес пайда келтірсе, басқа біреулері  жануарлар мен өсімдіктерге және  адамдарға орасан зор зиянын тигізеді. Адам  баласы  микроорганизмдердің  тіршілік әрекетін ерте бастан-ақ өздерінің күнделікті тұрмысында пайдалана білген. Олар сүтті ашытып айран, түрлі жеміс-жидектерден шарап, квас және  сол  сияқты алуан түрлі тағамдарды дайындай алатын болғай. Ертеде Египеттіктер мал азығын әжептәуір сүрлей де білген.  Микробтардың  пайдалы  әрекеттерін  қолданып қана қоймай, адам баласы олардың зиянды, бүлдіруші, зақымдаушы әрекеттеріне қарсы күрескен. Мәселен, Қытайда, Индияда  және  Кавказда шешек  ауруына қарсы адамдарға арнаулы препараттар  егетін  болған. Жүқпалы  аурулармен  сырқаттанған адамдар бөлектелініп, жеке күтілген. Ал тамақ заттарын  бүлініп кетпес үшін түздау, ашыту, қайнату, салқындату, кептіру арқылы сақтаған. Бұлардың  барлығы микроорганизмдердің   зиянды  әрекеттеріне  қарсы күресудің ертеден  қолданылып  келе  жатқан басты шаралары болып  саналады. Бірақ  адам баласы табиғатта микробтардың тіршілік ететіндігін жете білмегендіктен жоғарыда айтылған  процестердін,  сыры құпия  болып  қала  берді. Сондықтан да  микробтар  қатысуымен жүретін  процестерді басқаруға мүмкіндік болмады.\r\n\r\n    Микроорганизмдер физиологиялық және биохимиялық қасиеттері жағынан әр түрлі. Олардың кейбіреулері басқа организмдер өніп-өсе алмайтын ортада тіршілік етуге бейімделген. Мысалы, 70 – 1050С ыстықта, жоғары деңгейдегі радиацияда және концентрациясы өте күшті қышқылды (pH<1,0) немесе сілтілі (рН 9,0 болатын, кейде одан да жоғары) орталарда, NaCl-дың жоғары концентрациясында (25 – 30%), оттек жоқ жерде (анаэробты жағдайда) тіршілік ете алатын микроорганизмдер белгілі. Олар өте төмен температурада да, құрғақшылық ортада да көбейе алады. Кейбір бактериялар мен балдырлар өз клеткасына қажетті барлық заттарды синтездеу үшін СО2-ні пайдаланады, бұларды автотрофтар деп атайды. Бұлардың ішіндегі кейбіреулері (мысысалы, сүт қышқылы бактериялары және қарапайымдылар) өздерінің дамуына қажетті өсу факторларын, яғни дайын витаминдер, амин қышқылдары немесе т.б. органикалық заттарды өздері синтездей алмайды. Мұндай Микроорганизмдерді – ауксотрофтар деп атайды. Көптеген Микроорганизмдер өте күрделі органикалық қосылыстарын (белоктар, көмірсулары, соның ішінде целлюлоза, липидтер, нуклеин қышқылдары, көмірсутектері) ыдыратса, кейбіреуі адамдарды және жануарларды уландыратын (метанол, көміртотығы, күкіртсутек, нитриттер) заттарды пайдалана алады, ал кейбір түрлері табиғи емес қосылыстарды ыдырата алады (ксенобиотиктер). Микроорганизмдер табиғатта – топырақта, суда, ауада кең таралған, биосферадағы зат айналымына  белсене қатысады. Микроорганизмдер  фотосинтез процесі кезінде түрлі қосылыстардың  минералдануына  жағдай туғызып, атмосферадағы СО2 қорының болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ топырақ пен ауаға бірқатар биогендік элементтерді қайтарады. Микроорганизмдер ауадағы   молекуларық азотты сіңіруге де (азотфиксация) белсене қатысады. Тау жыныстары мен  топырақ түзілу процесін ыдыратып, кейбір пайдалы  қазбалардың (мысысалы, сульфидтер мен күкірт) түзілуіне әсер етеді. Микроорганизмдердің  практикалық маңызы зор. Олардың   көпшілігі өнеркәсіптің  әр түрлі саласында (мал азықтық белокты түзу, шарап жасау, нан пісіру, сүт қышқылы  тағамдарын  өндіру кезінде антибиотиктер, витаминдер, амин қышқылдары, кейбір ферменттер, т.б.), адам шауашылығында (сүрлем даярлауда, өсімдіктерді  биологиялық жолмен қорғауда) кеңінен қолданылады. Сондай-ақ  Микроорганизмдер  лас  суларды тазартуда, жанар газ – метанды  түзуде  пайдаланылады. Бірқатар Микроорганизмдер адамдар, жануарлар және өсімдіктердің патогені болып саналады. Микроорганизмдердің  кейбір түрлері  топырақты  құнарсыздандырып, көптеген адам шауашылығын өнімдерін бүлдіреді, металдардың коррозияға ұшырауына ықпал етеді. Микроорганизмдер биологияның көптеген мәселелерін шешуде маңызды зерттеу нысаны болып саналады. Соның нәтижесінде көптеген биологиялық заңдылықтар ашылып, биотехнологияның негізі қаланды.\r\n\r\n   Микробиология тарихында римнің профессоры Афанасий Кирхердің (1601 —1680) есімі де аталуы тиіс. XVI ғасырдың аяғында Ганс пен Захарий Янсендердің алғашқы микроскопты кұрастырғаны мәлім. Әрине, бұл өте қарапайым аспап еді. Соны пайдалана отырып, Кирхер сасыған ет, шарап сіркесін, сүтті қарап, онда түрлі «құрттардың» кездесетінін байқады. Ол қанды қарап, одан түрлі клеткаларды көрді. Оба ауруымен ауырған адамдардың қанын қарап, Кирхер одан ерекше «құртты» көрдім деп мәлімдеді. Осындай жабайы аспаппен, әрине ол микробты көруі мүмкін емес  еді.Солай бола тұрса да бұл  аурудың  қанда жүрген микробтар арқылы таралатыны жөніндегі оның пікірі өз кезіндегі  прогрессивтік батыл  көзқарас болып есептеледі. Тек  XVII ғасырдың  аяғында  ұлғайтып  көрсететін  аспаптарды жасау  техникасының  жетілуіне байланысты  микроорганизмдерді  тауып, оларды жан-жақты зерттеуге мүмкіндік туды. Микроорганизмдерді  алғаш рет  ашу  Голландия әуесқойы Антон ван Левенгуктың (1632—1723) есімімен  тікелей  байланысты.  Жас кезінен  шыныларды  құрастырумен  кеп  айналысқан ол, заттарды 160—300 есеге дейін үлкейте  алатын  алғашқы  микроскопты  құрастырған.  Осы «қарапайым» микроскоптың  көмегімен Левенгук жай  көзге   көрінбейтін  микробтар дүниесін ашты, ет тағамдарындағы  зең  саңырауқұлақтарын, тұрып қалған қақ суындағы  тірі организмдерді көрді, олардын   пішінін, шамасын  және  қозғалысын  сипаттап  жазды. Тістің   сыртына тұрып қалған өңезін суға езіп қарағанда, ондағы  тірі  организмдер  Левенгукқа  өте  зор әсер еткен. Левенгук   бұл  культурадан  жыбырлап жүрген өте ұсақ жәндіктерді көргенін  және олардың соншалықты  көптігіне тан, қалып, олардың   шамасы бүкіл  Құрама  Корольдықтағы адамдар санынан көп болса  керек  деген  пікірге келеді. Бұл тірі организмдердің   ішінде шар  және қысқа таяқша тәрізділері   және спираль  тәрізді  түрлері  бар екендігін ол анық байқады. Сонда  Левенгук әзі жасаған микроскоппен түрлі ашытқы  саңырауқұлақтарды, бактериялар мен инфузорияларды  көрген.  Левенгуктын, ашқан  жаңалығы  микроорганизмдер  дүниесін  зерттеуге, сәйтіп микробтар жөніндегі ғылым — микробиологияның  дамуына  жол ашты. Өз зерттеулерін   Левенгук  «Антон ван Левенгук ашкан табиғаттың  құпия  сырлары»  деген  атпен 1695 жылы  кітап етіп  жарыққа  шығарды. Алайда ол бұл организмдерді сипаттап жазғанымен олардын, табиғатта  алатын  орнын, әрекеттерін  білмеді. Әйткенмен  Левенгук зерттеулері сол кездегі кәптеген табиғатты  зерттеуші   ғалымдардың назарын аударды.  XVIII ғасырдағы  Шведтің көрнекті  табиғат зерттеушісі  Карл Линней өзінің «Табиғат системасын» жасағанда жануарлар мен өсімдіктерді  белгілі бір тәртіппен   орналастырғаны  мәлім. Бұл системаға құрт, құмырсқалар сияқты, микроорганизмдер дүниесі енгізілген жоқ. Оны Карл Линней «хаос» яғни ешқандай берекесі  жоқ жәндіктер  тобына  жатқызған. Бұдан ол жай көзге керінбейтін  осы  организмдерді зерттеудің қажеті жоқ  деген қорытындыға  келді. Басқаша айтқанда, ол микроорганизмдерді адам түсінбейтін  құпия сыры бар дүние деп танытпақшы болды. Дегенмен,бұл кезде  микроорганизмдер жайында дәйекті материалдар  жинала  берді. Сондықтан бұл  кезеңді біз  микробиология  дамуының   морфологиялық кезеңі  деп  атауымызға болады.\r\n\r\n   Микробиология ғылымының одан әрі дамуында орыстың көрнекті табиғат зерттеушісі М. М. Тереховский (1740—1796) еңбегінің зор маңызы болды. 1775 жылы Тереховский Страсбург университетінде  өзінің  микроорганизмдер жөніндегі еңбегін қорғады. Ол табиғатта кездесетін микробтардың шығу тегін зерттеген болатын. Тереховский өз зерттеуінде ең алғашқы рет эксперименттік әдісті қолданды және микроорганизмдерді адамның күнделікті тұрмысында пайдалануға мүмкіндігі барлығын дәделдеді.\r\n\r\n           XVIII    ғасырда микроорганизмдердің    ашылуы ғалымдар арасында тартыстар тудырды. Ғылымда бұл  кезде   “тіршілік өздігінен пайда  болады”  деген жалған үғым үстем еді. Микроорганизмдердің  бірқатар  ортада өніп-өсетіндігін байқаған бұл  ғалымдар  олардың дамуында  ешқандай заңдылық  жоқ  және кез  келген  жерде өздігінен   пайда бола береді  деген болжаулар  айтты. М. М. Тереховский өзінің италиялық досы Спаланцанимен  бірлесе отырып, мұндай жалған қағиданы жоққа шығарды. Түрып қалған тұнықсуларда немесе басқа да сұйықтарда кездесетін организмдер — негізінде тірі жәндіктер, ал бұл сұйықтарды 45 минут бойына қайнатып, ыдыстың аузын ауа енбейтіндей етіп жапса, онда осы сұйықтарда тірі жәндіктердің, демек микроорганизмдердің, пайда болуы байқалмайды деп көрсетті. Бұл жағдайда сүйықтарда жәндіктердің өніп-өсуі, ауаның   сұйыққа   енуінен болатынын дәлелдеді. Бірақта ол кезде Тереховский еңбегі  оқымыстылар  қауымына  жете таныс  болмағандықтан микробиологияда эксперименталды әдіс қолданылмай, бұрынғысынша, морфологиялық бағыт басым болып қала берді.\r\n\r\n               XIX ғасырдың бірінші жартысында микробиологияның дамуы баяулады десек қателескен болар едік. Оба ауруын жоюда ұзақ жылдар аянбай күрес жүргізген орыстың көрнекті дәрігері Д. С амойлович (1744—1805), осы ауруды қоздырушы — көзге  көрінбейтін организм деген пікір айтты. Оның бүл пікірін кейінгі зерттеушілер толық  дәлелдеді. Бұл кезеңде теориялық  және  практикалық  маңызы әлі анықталмаған жеке деректер микробиологияда  басым болды, бірақ  микробиология жеке ғылым болып, атаққа ие бола қоятындай   дәрежеге жетпеген еді.\r\n\r\nXIX ғасырдың  екінші  жартысында өнеркәсіптік капитализмнін, өрлеу барысында, ғылым мен техниканың  қарқындап  дамуына  байланысты  микробиология  ғылымы  едәуір табыстарға жетті. Микробиология ғылымының  көрнекті  қайраткері  және  осы ғылымның   негізін қалаушы француз оқымыстысы  Луи Пастер (1822— 1895) өзінің зерттеулерінін, нәтижесінде табиғатта және өнеркәсіпте  кездесетін ашу процестері микроорганизмдердің әсерінен болатындығын дәлелдеді.Сөйтіп, ол микробиологияда  физиологиялық бағыттың негізін қалады.Осы кезге дейін спирттік  ашу процесі   және түрлі органикалық қалдықтардың шіруі таза химиялық жолмен жүреді деген пікір үстем болып келді. Әсіресе бұл пікірді қолдаған атақты неміс химигі Ю. Либих еді. Л. Пастер ашу процесінің табиғатын жете зерттей отырып, бүл құбылыстың микроорганизмдер қатысымен жүретінін дәлелдеді. Осының нәтижесінде сүт қышкылды ашу, спиртті ашу процестерін қоздырушы бактерияларды тауып, оларды жекелеп бөліп алып өсіреді. Бұдан әрі ашудың химиялық тео-риясын — бүл процесте оттегінің міндетті түрде қатысатыны, онсыз ашу процесінін, жүрмейтіні жайында пікір айтты. Пастер 1861 жылы ашудың басқа түрі — май қышқылды ашу процесін тапты. Ол бүл процестің ауадағы оттегінсіз жүретіндігін анықтады. Сөйтіп, Пастер микроорганизмдердін, екі тобының болатындығын, яғни аэробты (оттегі бар жерде тіршілік ететін) және анаэробты (оттегінсіз тірщілік ететін) топтарын ашты. Пастердің бүл жұмысының тағамдық заттарды сақтауда, түрлі ашу процестерінің   технологиясын жасауда зор маңызы болды. Көптеген микробиологиялық әдістер де, яғни қоректік ортаны даярлау, оны залалсыздандыру (стерилизация) Пастердің еңбегінің арқасында ашылды. Адамда кездесетін  жүқпалы аурулардың тегін зерттей келе, Пастер оларды қоздырушы микроорганизмдер  екендігін  анықтады  және мал  мен  адамды бұл  аурулардан  сақтандырудың жолдарын көрсетті. Ол — топалан   және құтырма  ауруларына  қарсы вакциналар  жасап, іс жүзінде қолдана білді. Микробиология ғылымының бұдан былай дамуында  Пастердің  осы жүмысының зор маңызы болды. Өзінің даңқты  жұмыстарымен  Пастер  микробиологияны  практикалық маңызы зор ғылымға айналдырды. Пастер  жүмыстарының  соншалықты  маңызды екендігін   академик   Заболотный былай сипаттаған еді: «Пастер едбегінен шаруалар топырақ құнарлылығын  арттыратын  микробтық процестердің құпия  сырын түсіне алады; жұмысшылар — ашу процесінің мәнін аңғарады; дәрігер — медицинаның қазіргі кездегі жайымен танысады; табиғатшы (натуралист)—жұмбақ  деп есептелген   биологиялық   мәселелердің  шешуін таба алады».\r\n\r\n     Микробиология  ғылымының  дамуында неміс оқымыстысы Роберт Қохтың (1843—1910) еңбектерінің  зор  маңызы  болды.Ол  туберкулез (өкпе ауруы), холера ауруларын қоздырушы микроорганизмдерді тауып, зерттеп, олармен  күресудің  нақты  жолдарын көрсетті. Сонымен қатар Роберт Қох  белгілі микроорганизмдерді өсіру үшін жеке бөліп  алып, тығыз қоректік ортаны қолдануды  ұсынған  алғашқы  ғалым. Бұл әдісті қолдана отырып   мамандардың  табиғаттағы микроорганизмдер тобынан қажетті түрік  жеке бөліп  алуларына мүмкіндік туды. Орыс ғалымы Л. С. Ценковский (1822—1887) сол кездегі эволюциялық  көзқарасты  колдаушылардың   бірі болды. Мамандығы  ботаник болса да  қарапайым микроскоптық организмдерді зерттеді. Ол төменгі сатыдағы  балдырлар, инфузориялар, миксомицеттер, басқа да қарапайымдылардың 43-ке жуық   жаңа түрін тауып, сипаттап жазды, және бүларға бактериялардың  туыстық жағынан қатысы бар  деген пікірін айтты. 1883 жылы ол сибирь  жарасына қарсы вакцина жасаған болатын.\r\n\r\n      Микробиология ғылымына бұдан былай елеулі үлес қосқан отандық оқымыстылар болды. Бұл салада, әсіресе орыс оқымыстысы И. И. М е ч н и к о в т ы ң (1845—1916) еңбегі зор. Ол микробиологияда бірқатар жаңалықтар ашты. Соның ішінде, әсіресе иммунитет және бактериология жайындағы еңбектері өте бағалы. И. И. Мечников «фагоцитоз және оның иммунитеттегі ролі»  туралы  тыңғылықты  ілім жасады. Фагоцитоз  деп зиянды микробтарды жоятын организмдегі  ерекше обыр клеткалардың қасиетін айтады. И. И. Мечников адам баласы қартаюының басты  себебі болып есептелетін түрлі жұқпалы ауруларды емдеуде қазір қолданылып  жүрген  дәрілерді (антибиотиктерді) алудың  ғылыми теориялық    негізі — антагонизм туралы ілім жасады. Антагонизм — тіршілік әрекеті барысында микроорганизмдердің  бір-бірінен күресі. Сөйтіп, И. И. Мечников организмнің ұзақ жылдар бойьша тіршілік етуге қабілеттілігі бар екенін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты. Ол Россияда бірінші болып Одесса қаласында бактериологиялық лаборатория үйымдастырды.\r\n\r\n    Отандық, әсіресе советтік микробиологияны тамаша табыстарға жеткізіп, біздің елімізде денсаулық сақтау жөніндегі барлық маңызды мәселелерді шешуге бар күшін жұмсаған оқымыстылардың бірі — қүрметті академик Н. Ф. Гамалея (1859—1949). Ол микробиология және бактериология   саласында  көп еңбектер жасады. Мечниковпен  бірге  Россияда бактериологиялық    лабораторияны  ашуға  белсене қатысты, ал Мечников қайтыс болғаннан кейін оны өзі басқарды. Ол көп жылдық  еңбектерінің нәтижесінде микробтар дүниесіндегі ерекше организмдер — бактериофагтарды  ашып, зерттеді. Сөйтіп, ол соңғы жылдары елімізде зор қарқынмен дамыған вирусология  ғылымының   негізін  қалаушылардың  бірі  болды. Гамалея оба және туберкулез  ауруларының   кейбір  мәселелерін  зерттей отырып, оларды  емдейтін  отандық  препараттар  жасады. Ол совет микробиологтарының тамаша, көрнекті  ғалымдарын даярлады.\r\n\r\n   Орыс оқымыстылары Д. К. Заболотный (1866—1929) мен Т. А. Тарасевич (1868—1927) оба, мерез, туберкулез тағы басқа да ауруларды зерттеудегі табыстарымен әлемге әйгілі болды. Бұл оқымыстылар елімізде зор қарқынмен дамып отырған эпидемиология  ғылымының  негізін қалады.\r\n\r\n     Дүниежүзілік  және отандық  микробиология  тарихында орыс   оқымыстысы   Д. И. Ивановскийдің (1864—1920) алатын орны  ерекше. Ивановский  бұдан  бұрын ешкім байқамаған темекінің  мозаиа және рябуха  деген  ауруларын  зерттей отырып, олардың әрқайсысы  өз  алдына  жеке ауру екенін  және  бұл  ауруларды қоздырушылардың өзі осы аурулардан бөлек болатынын аныктады. Сөйтіп, мөлшері жағынан әдеттегі микроорганизмдерден бірнеше есе кіші, арнаулы бактериялық сүзгіден өтіп кететін вирус деп аталатын микроорганизмдердің   ерекше бір түрін тапты.Бұдан  кейінгі  ғалымдар  вирустардың  адам мен жануарлардың   бірқатар  ауруларын  қоздырушы екендігін дәлелдеді. Ивановскийің вирустар жайындағы еңбегі, көптеген зерттеулермен толықтырылып, вирусология ғылымы деп аталды. Ауыл шаруашылығы және техника саласындағы   микробиология да айта қаларлыктай жетістіктерге жетіп, дамып келеді. Микробиологияның бұл саласына: С. Н. Виноградский, В. Л. Омелянский, С. П. Костычев, Н. Н. Худяков, В. С. Буткеевич, В. Н. Шапошников, М. В. Федоров, Н. А. Қрасильников, Е. Н. Мишустин сияқты ғалымдарымыз үлкен үлес косты.\r\n\r\nС. Н. Виноградский (1856 — 1953)—өз өмірін топырақ микроорганизмдерін  зерттеуге сарп еткен орыстың  көрнекті  оқымыстыларының  бірі  болғандықтан, ол топырақ , микробиологиясының негізін қалаушы деп аталады. Өзінің алғашқы ғылыми  жұмыстарында  Виноградский күкірт бактерияларын   зерттеген. Мұнда ол күкірт бактериялары өздерінін, тіршілік барысында Виноградский С. Н. күкірт сутегін  күкірт қышқылына  дейін тотықтыра алатындығын дәлелдеді. Осы реакция барысында  бөлінетін  энергия ауадағы көмір қышқыл газын күкірт бактерияларының сіңіруіне көмектеседі. Сондықтан да бұл бактериялар органикалык қалдықтар жоқ ортада тіршілік ете береді. Бұл  құбылысты  Виноградский  хемосинтез деп атады.  Кейін дәл осындай  құбылысты темір  бактерияларынан да анықтады. Сонымен  қатар ол  топырақтағы  нитрификациялаушы бактериялар  әсерінен органикалық қалдықтардың шіріп азот қышіқылына, ал кейіннен оның азот кышқылының тұздарына айналатындығын дәлелдеді. Микроорганизмдердің жеке тобына лайық қоректік ортаның біраз түрін үсынған да осы Виноградский еді. Виноградскийдің ілімін одан әрі дамытқандардың бірі — В. Л. Омелянский (1867—1928). Ол клетчатканы ыдырататын микроорганизмдерді зерттеп, бүл құбылыстың бірқатар жақтарын анықтады. Ақыр аяғында оның 1909 жылы жазған «Микробиология иегіздері» деген ооқулығы тек микробиология ғана емес, басқа  ғылым  саласындағы  оқымыстыларға әйгілі болды және бірнеше  шет  тілдерге аударылды.\r\n\r\n    Микробиология   тарихында   орыс оқымыстысы М. С. Воронин да елеулі орын алады. Ол бұршақ  тұқымдас  өсімдіктер тамырында тіршілік ететін және тіршілігі барысында ауадағы атмосфералық   азотты  өз бойына  сіңіре  алатын   микроорганизмдердің  ерекше тобы — түйнек бактерияларын  тауып, жете зерттеді.  Осы кезеңде  голландия  оқымыстысы М. Бейеринк те бұл бактерияларды зерттеген болатын. Ол бұл бактериялардың  атмосфера азотын сіңіретіндігін дәлелдеп қана  қоймай, сонымен бірге осы  микробтарды  таза, жеке күйінде бөліп алып, арнаулы коректік ортада өсірді. Кейіннен ол осы бактерияларды бұршақ тұқымдас өсімдіктер тұқымына жұқтырып, жақсы нәтижеге ие болды. 1901 жылы Бейеринк топырақтың күнарлылығын едәуір арттыратын және топырақта бос    тіршілік  ететін азот бактерияларын тапты. Ал бұл бактериялардың атмосфера азотын қалай және қандай жағдайда сіңіре алатындығын С. П. Костычев жете зерттеді.\r\n\r\n    В. С. Буткеевичпен бірге ол микроскоптық саңырауқұлақтардың тіршілігі барысында түрлі органикалық қышқылдар түзетіндігін дәлелдеді. Мұның өзі елімізде лимон қышқылының енеркәсібін салып, өркендетуде зор роль атқарды. С. А. Қоролев (1876—1932) пен А. Ф. Войткевич (1876—1950) сүт қышқылы бактерияларының  тіршілігін зерттеуде көп жұмыстар жүргізді. Олардың бұл еңбегі сүт тағамдарын даярлаудың   технологиялық  ережелеріне  көптеген өзгерістер енгізді. В. Н. Шаповниковтың және басқа да ғаалымдардың  зерттеулерінің нәтижесінде елімізде ендірістік   микроорганизмдердің  көмегімен   сүт қышқылын, ацетонды және  бутил спиртін алу ғылыми  жолға  койылды. Әсіресе спирт өндіруде ашытқы  саңырауқүлақтарын таза күйінде жеке бәліп алып, оларды  өндірісте қайтадан  пайдалану жұмысы  Данияның ірі микробиоло-гы Э. X. Г а н с е н н і ң есімімен тығыз байланысты. Сірке қышқылы ашу процесінің күрделі мәселелерін шешуде Гансен кеп еңбектер сіңірді. Отандық ғалым Б. Л. Исаченко 1914 жылы арктикалық теңіздерде химиялық элементтердің өзгеріп отыруы микроорганизмдер тіршілігіне байланысты екендігін ашты. Сонымен бірге ол топырақтағы пайдалы микроорганизмдерден  тыңайтқыштар  дайындауда да елеулі еңбек етті.\r\n\r\nТабиғаттағы кальций  айналымында микроорганизмдердің зор маңызы бар екендігін зерттеген және микробтар өзгергіштігі  туралы  көп еңбек сіңірген Г. А. Надсон еді. Ол ашытқыш саңырауқұлақтардың ионданушы  сәулелер әсерінен өзгеріске түсетіндігін және ол өзгергіштіктің тұқым қуалайтындығын зерттеді. Микроорганизмдерде трансдукция және трансформация, сонымен бірге ашытқыш саңырауқұлақтарда   будандасу сияқты құбылыстардың болатындығын да осы Г. А. Надсон ашып, жете зерттеген болатын.\r\n\r\nҚПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер, советінің 1963 жылы 9 январьда «Биология ғылымдарын одан әрі дамыту және оны   практикамен байланысын  нығайту шаралары туралы» қаулысы биолсгия ғылымының, оның ішінде микробиологияның  дамуында  жаңа кезең болып есептеледі. Қаулыда биология ғылымының  негізгі  теориялық  проблемалары мен ауыл шаруашылығын, медицинаны, тамақ өнеркәсібін дамытуға қажетті міндеттер белгіленген.  Бертін  келе  микробиология   ғылымы  көптеген   жаңалықтармен  теориялық  және практикалық жетістіктермён толықтырылды. Халық шаруашылығының түрлі кажеттері мен мақсаттарына сәйкес бұл ғылым — жалпы микробиология, техникалық  немесе өнеркәсіптік    микробиология, тағамдық микробиология, ауыл шаруашылық микробиологиясы, геологиялыіқ микробиология, санитариялық  микробиология,  медициналык микробиология,  эпидемиология, мал дәрігерлік микробиология   және   вирусология  болып   бірнеше салаға бөліңеді.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nҚорытынды:\r\n\r\nМикроорганизмдер ,  микробтар – тек қана   микроскоппен  көруге  болатын өте  ұсақ организмдер. Сыртқы пішініне және тіршілік жағдайларына қарай микроорганизмдер бірнеше  топқа   бөлінеді. Кейбіреулері  ауыл  шаруашылығында,  медицинада  баға  жетпес пайда келтірсе, басқа біреулері  жануарлар мен өсімдіктерге және  адамдарға орасан зор зиянын тигізеді.Адам  баласы  микроорганизмдердің  тіршілік әрекетін ерте бастан-ақ өздерінің күнделікті тұрмысында пайдалана білген. Микроорганизмдер физиологиялық және биохимиялық қасиеттері жағынан әр түрлі болады. Олардың кейбіреулері басқа организмдер өніп-өсе алмайтын ортада тіршілік етуге бейімделген. Микроорганизмдер табиғатта – топырақта, суда, ауада кең таралған, биосферадағы зат айналымына  белсене қатысады. Микроорганизмдер  фотосинтез процесі кезінде түрлі қосылыстардың  минералдануына  жағдай туғызып, атмосферадағы СО2 қорының болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ топырақ пен ауаға бірқатар биогендік элементтерді қайтарады. Микроорганизмдердің  практикалық маңызы  да зор. Олардың   көпшілігі өнеркәсіптің  әр түрлі саласында (мал азықтық белокты түзу, шарап жасау, нан пісіру, сүт қышқылы  тағамдарын  өндіру кезінде антибиотиктер, витаминдер, амин қышқылдары, кейбір ферменттер, т.б.), адам шауашылығында (сүрлем даярлауда, өсімдіктерді  биологиялық жолмен қорғауда) кеңінен қолданылады. Сондай-ақ  Микроорганизмдер  лас  суларды тазартуда, жанар газ – метанды  түзуде  пайдаланылады. Бірқатар Микроорганизмдер адамдар, жануарлар және өсімдіктердің патогені болып саналады. Микроорганизмдердің  кейбір түрлері  топырақты  құнарсыздандырып, көптеген адам шауашылығын өнімдерін бүлдіреді, металдардың коррозияға ұшырауына ықпал етеді. Микроорганизмдер биологияның көптеген мәселелерін шешуде маңызды зерттеу нысаны болып саналады.\r\n\r\nМикроорганизмдерді зерттеуде,микробиология тарихында   үлес қосқан ғалымдар: Антон ван Левенгук (1632—1723), Луи Пастер (1822— 1895), И. И. М е ч н и к о в  (1845—1916), Н. Ф. Гамалея (1859—1949, Д. К. Заболотный (1866—1929) мен Т. А. Тарасевич (1868—1927)  тағы да басқалар.\r\n\r\n \r\n\r\nСурақтар:\r\n

    \r\n

  • –Кейбір бактериялар мен балдырлар өз клеткасына қажетті барлық заттарды синтездеу үшін СО2-ні пайдаланады, бұларды не деп атаймыз?
  • \r\n

  • – Ауксотрофтар деп қандай микроорганизмдерді айтамыз?
  • \r\n

  • –  «Қарапайым» микроскоптың  көмегімен  жай  көзге   көрінбейтін  микробтар дүниесін ашқан Голландиялық ғалым?
  • \r\n

  • – Микроорганизмдер өте күрделі органикалық қосылыстарын атаңыз?
  • \r\n

  • – Микроорганизмдерді өсіру үшін жеке бөліп алып, тығыз қоректік ортаны қолдануды  ұсынған  алғашқы  ғалым?
  • \r\n

\r\n Қолданылған  әдебиеттер:\r\n\r\n \r\n\r\nО.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл\r\n\r\nҒаламтор желісі.\r\n\r\nМ.Х.Шығаева, Ә.Т.Қанаев «Микробиология және вирусология»\r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ