Минералдар дегеніміз не?

0
9066
Freepik.com

Минералдар Жер бетіндегі немесе жердің қойнауындағы әртүрлі геологиялық процестерге байланысты пайда болады және олар тау жыныстарын, кентастар мен метеориттерді, т.б құрайды.

Минералдар, негізінен, қатты болып келеді. Оларды кристалды (пирит, голенит, т.б), аморфты (опал, пимонит, т.б) және металикті (сыртқы кристалл тәрізді, ішкі құрылысы аморфты, шыныға ұқсас) болып жіктеледі

Табиғатта зерттелген минералдар түрлері 2,5 мыңға жуық. Жыл сайын30-ға жуық жаңа минералдар түрі анықталады. Әр минерал — өзіне тән құрылымы бар табиғи қосынды. Минералдардың көпшілігінің құрылымы кристалдардан құралған.

Әртүрлі қоспалар минералдарың қасиеттерін өзгертеді. Өте қатты минералдар (алмас, корунд, гранид, т.б)  заттарды кесуге, тесуге, өңдеуге пайдаланылады. Ал қатты, әдемі таңдаулы жинағы Қазақстанның геологиялық мұражайына қойылған.

Минералдардың құрамын, қасиетін, пайда болуын зерттейтін ғылымды  минерология деп атайды. 

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

География пәні бойынша басқа да ақпараттар: 

  1. Мұнай және газ өндіру өнеркәсібі

  2. Жеті қат жер қазынасы. Қазба байлығы мен кен өндіру қызметі

  3. Географиялық зерттеулерде матрицалық әдісті қолданудың әдістемелік ерекшеліктері

  4. Теңіз бен мұхит географиясы туралы не білесіз? (Тест)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ