Мотоатқыштар взводының ұрыстық әрекет негіздері және ұйымдастырылуы

0
10335

Мотоатқыштар взводы  –  жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш взводы.

ЖҰМ – бұл сауытталған шынжыр табанды машина. Ол взводтын жеке құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және жылжуға арналған. ЖҰМ зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядтармен жабдықталған. Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте жылдам қозғалады (70км/сағ), су бөгеттерінен, жолсыз, батпақ жерлерден және қалың қарлардан жақсы өтеді. ЖҰМ ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларына қарсы қорғану жүйесімен және түнде көру аспабымен жабдықталған.

Мотоатқыш взводының  қаруларында

ЖҰМ, қол пулеметтер, танкіге қарсы гранататқыш, автоматтар, жарықшақты және танкіге қарсы гранаттары болады.

Мотоатқыш взводтар қазіргі заманғы қуатты қару – жарақпен және техникамен қарулана отырып, қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс құралдарын, тірі күштерін өз атысымен табысты түрде жеңіліске ұшыратуға қабілетті. Олар жылдың және тәуліктің кез келген мезгілі мен уақытында, ауа райының кез келген жағдайында табанды қорғаныстық ұрыс жүргізе отырып, жоғары қарқынмен шабуылдай алады.

Жорық реті — бөлімшелерді қозғалыс үшін лек сабына тұрғызу. Бұл кезде машиналар командир тағайындаған арақашықтықты сақтай отырып, бірінің артынан бірі жүреді. Жаяу ретте жылжыған кезде мотоатқыштар взводының жорық реті – 3 немесе 2 лек бойынша жасалады.

К- командир;                    МВ- механик-жүргізуші;

НО-көздеуші оператор;    ПГ-көмекші    гранататқыш;

П- пулеметші;                   СГ- гранататқыш;

С- атқыш;                          СС- аға атқыш.

Суретте жаяу ретте екі лек бойынша жылжыған мотоатқыштар взводының жорық реті.

Ұрысқа кіру реті маңдайшеп пен тереңдікке бөлінген взводының белгіленген аралық және арақашықтық бойынша сапқа тұруы. Ол бөлімшені ұрыс алаңына шығару, сонымен бірге ұрыс барысында немесе қарсылас тереңдігінде жылжу кезінде қолданылады. Ұрысқа кіру реті бөлімшенің артиллерия атысы мен авиация соққысына мейлінше аз тәуелді болуын, оларды ұрыс ретінде тез жазылуын, ұрыс барысында қозғалыстың жоғарғы екпініне қол жеткізуді және бөгеттер мен қиратулардан тез кетуді қамтамасыз етуге тиіс.     

Мотоатқыштар взводының үшін ұрысқа кіру реті болып, оның жорық реті – лек саналады.

Ұрыс реті дегеніміз – ұрыс үшін күшейту құралдарымен бірге взводтың сапқа тұруы. Ол орындалатын міндетке, қарсылас қимылына, бөлімшедегі күш пен құралдардың болуына және жергілікті жер сипатына байланысты құрылады.

Жаяу рет қимылындағы шабуылда мотоатқыштар бөлімі, взводы және ротаның ұрыс реті – тізбек болып табылады. ЖҰМ (БТР) бұл кезде тасадан тасаға 400м қашықтықта өз бөлімшесінің соңынан жылжып отырады және оны өз атысымен қолдайды. Мотоатқыштар бөлімі ЖҰМ-нан (БТР) жаяуланудан кейін лектен тізбекке жазылады. Тізбектегі жауынгерлер арасындағы аралық 6–8м, яғни 50м-ге дейін болады.

ЖҰМ (БТР) қимылдайтын мотоатқыштар взводының ұрыс реті – машиналар арасындағы аралық 100м-ге дейін болатын ұрыс желісі. Атқыш – зенитшілер тізбек артынан ЖҰМ (БТР) немесе жаяу ретпен жүріп отырады және әуе нысаналарына атыс жүргізеді. Мотоатқыштар взводының майдан бойынша 400м-ге дейін және тереңдік бойынша 300м-ге дейін тірек пункттері орналасады. Ол бөлімше бекінісінен ЖҰМ (БТР) атыс бекінісінен және күшейту құралдарынан тұрады. Взводтың тірек пункттерінде және оның қапталдарында взвод командиріне бағынбайтын танкілер мен танкіге қарсы құралдар бекініске ие болуы мүмкін.

Мотоатқыштар ротасы тірек пунктін қорғайды. Ол  мотоатқыштар взводтарының тірек пункттерінен және танкілер мен танкіге қарсы құралдардың атыс бекінісінен тұрады.

Ұрыстағы өзара қимыл және оның мәні. Қазіргі заманғы ұрыста бір мезгілде және бірлесе отырып, мотоатқыш, танк, ракета, артиллерия, минаатқыш, зенит бөлімшелері мен арнайы әскер бөлімшелері жалпы міндетті шешеді. Өзінің құрамы мен қарулануына байланысты бұл бөлімшелер белгілі бір жауынгерлік мүмкіндікке ие және белгілі бір нақты міндеттерді шешуге қабілетті.

Әскердің әр түрі мен арнайы әскер бөлімшелерінің қимылын, олардың ұрыстағы жауынгерлік мүмкіндіктерін барынша пайдалану мақсатында, сондай-ақ көршілес   қимылдайтын бөлімшелер қимылын келістіру үшін өзара әрекет ұйымдастырылады.   Оның мәні – міндеттер, шептер және уақыт бойынша келісілген ұрыс қимылдарымен, жауынгерлердің, әскерлердің барлық түрлері, арнайы әскер бөлімдерінің өзара көмегімен, сонымен бірге ұрыстың жалпы мақсатына жету мүддесіндегі көршілердің өзара көмегімен сипатталады. Жауынгерлер мен бөлімшелердің үздіксіз және нақты өзара  қимылы ұрыста жеңіске жетудің қажетті шарты болып табылады.

Өзара қимыл бөлімшелер арасында және олардың әрбірінің өз ішінде жүзеге асырылады.

Бөлімшелер мен атыс құралдарының арасындағы өзара қимылды шешуші мәні – жауынгерлік міндеттерді өзара түсіну, қажетті көмек көрсету, әсіресе атыспен үзіліссіз байланысты қолдау.

Бөлімшелер арасындағы өзара қимыл ЖҰМ (БТР), пулеметшілер, гранататқыштар және атқыштар арасында ұйымдастырылады.

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ