Мұғалімдердің ғылыми жинағы жарық көреді

0
1836

«Білім беру жүйесін жаңғыртуда шығармашылық қызметті дамыту және дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету»

республикалық ғылыми жинақтың

 ЕРЕЖЕСІ

Ғылыми жинақтың мақсаты

«Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады» деген даналық сөз бар. Өткенімізді еске алып, тарихтан тағылым алу әрбір тұлғаның міндеті.  Биылғы жылы Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО көлемінде тойлау ұсынысы қабылданды. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік білім беру мамандарының жұмыстарын танымал етіп, жас педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру, мұғалімнің дарынды балалалармен және мектеп жасына дейінгі балалармен шығармашылық жұмыстарын арттыру мақсатында «Мәртебе.кз Республикалық мәдениет және білім порталы» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі «Білім беру жүйесін жаңғыртуда шығармашылық қызметті дамыту және дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету» атты республикалық ғылыми жинағын жариялап отыр.Ғылыми жинақтың салаларыҒылыми жинаққа мектепке дейінгі білім беру орындары қызметкерелерінің, жалпы білім беретін оқу орындарындағы, сонымен қатар арнаулы орта оқу орындарында оқытылатын барлық пәндер және т.б білім саласы бойынша ғылыми баяндамалар, ашық сабақтар, сабақ жоспарлары, ғылыми мақалалар қабылданады.Қойылатын талаптар: Материалдың мәтіні сурет, сызбалармен қосқанда А4 форматында болуы тиіс. Бет санына шектеу қойылмайды. Мақаладағы орфографиялық қателіктерге мақаланы жіберуші жауапты. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады. Қаріп түрі Times New Roman, қаріп өлшемі -12, интервал 1,5 болуы тиіс. Әдебиеттер тізімі мақала соңында көрсетіледі. Ғылыми жинаққа өтініштер мен жинақтарды қабылдау және марапаттауҒылыми жинаққа материалдар ақпан айының 28 жұлдызына дейін   Bokeikhanov.zhynak@mail.ru электронды почтасына қабылданады. Жинаққа жұмыстары енген мұғалімдерге жинақпен қатар сертификат беріледі. Материалдар жарнапұл түбіртегімен бірге қабылданады.

    Ғылыми жинаққа байланысты барлық сұрақтар үшін байланыс номері: 8 775 998 83 87.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ