Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыру

2
15873

Қазақ әдебиетінде шығармалары қайшылққа толы күрделі тұлға саналған ақындардың бірі — Мұрат Мөңкеұлы. Мұрат Мөңкеұлы өзі ғұмыр кешкен кезеңдегі ел ішіндегі ахуалды, халықтың басына түскен ауыртпалықты жырға қосты, жұртының жағдайын ойлап қабырғасы қайысты. Ахмет Байтұрсыновтың «ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай алуында» деп тұжырымдағаны сияқты Мұрат Мөңкеұлы да қара басын күйттеген ақын емес, халықтың үні мен елдің мұңын жеткізуші болды.
Жүз жылға созылған зар заман дәуірінің ақындары халықтың басына төнген қайғы-қасіретті сары уайымға салыну, торығу сарынымен жырлады. Әсіресе, Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы өмір сүрген кезең — патшаның отаршылдық саясаты дәуірлеп, қазақ жерінің нағыз талауға түскен шағы еді. Бұл кезде патша өкіметі жаңаша реформалар жасап, қазақ жеріне орыс шаруалары көптеп қоныс аударып жатты.
Зар заман ақындарының көрнекті өкілі Мұрат Мөңкеұлы қазақ жері талауға түсіп, отаршылардың ойранына айналған жылдарда халқына ұран тастады. «Үш қиян», «Сарыарқа», «Қазтуған» толғау-дастандарында ел жағдайы мен жер жағдайын байланыстыра жырлап, ата дәстүрінің үзіліп, ата-қоныстың қадірі кетіп, өлкенің тоз-тозы шыққанын сөз етті.
Қазақ қызы! Осы бір аяулы есім жаңынды тебеп , жараңды емдеп , шабыттандырып, қолыңды сермеп, сезім гүлдеп, жүректегі отты үрлеп жібереді. Қазақтың мұңы, зары, арманы, үміті, ардағы, аманаты, тарихы, өмірі-бәрі-бәрі қазақ қызының кірпігінде тұрғандай көрінеді. Ұлт болып ұйысуда, жұрт болып жұмылуда, халық болып қайрат танытуда қазақ қызының атқарар ролі, алар орны ерекше.
Міне, осы қазақ қызына арнап өлең шығармаған ақындар, сұлулығына тамсанып жырлаған жыршылар,қазақта кемде кем. Соның ішінде М.Мөңкеұлының «Қыз» өлеңі өте ерекше. Бұл өлеңді оқи отырып, ойыма «Қыз Жібек» жыры түседі. Екі шығарманың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
Бір жағынан ұқсастықтарына тоқталсақ. М.Мөңкеұлының өлеңіндегі қыз сипаты:ақ моншақтай әдемі, әдемілігі соншалықты, ақ жүзінің сәулесі жерге түссе сары алтындай көрінеді. Ол-құрбыларының алды болған байдың қызы.
Тісі- маржандай, сөзі-жағымды ,,сөйлесе, тілінен сүт шығады. Келген адам қасынан кеткісі келметін. Сол сияқты ұқсастықпен, Қыз Жібек бейнесінде әдемілігі соншалықты , әлемді мойындатады .Көзі жанып тұрған шырақтай,мдидары-қоғалы көлдің құрағындай. Бойы –ұзын, білегі-жіңішке,белі нәзік.
Екінші жағынан, айырмашылықтарын да қарастыруға болады. М.Мөңке ұлының «Қыз»өлеңінде қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі-қызды құтты орнына қондыру бейнеленген. Автордың айтпағы, «Қыз мұраты –кету»демекші, қыз өз ата-анасының дәулетіне шалықтап өскенімен ,бір күні ол да ұясынан ұшып, өз орнын табады.
Ал Жібек образы эпоста идеал болып суреттеледі. Жібек тірі жанды менсінбейді, бұла боп өскен ерке әрі өр мінезді.Сонымен қатар,онда қыз сипаты ғана емес, қыздың сезімі бейнеленген. Сұлулығымен қоса, адам әйел екендігі көрінеді.
Адам әсемдігін табиғат сұлулығына немесе хайуанаттардың әсем қылықтарымен суреттеу кез-келген қаламгердің қолынан келе бермейтін дарын. Тек шебер өнерпаздар ғана оны адам сұлулығымен теңей отырып, қағаз беттеріне түсіре білген. Сондай сұлулыққа тамсана, ерекше мән беріп, ғашық болып оны қағаз беттеріне түсіргендердің бірі қазақтың сал-сері ақындары. Олар: Біржан сал, Ақан сері, Әсет Найманбайұлы, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай және т,б. Осы сал-серілер шығармаларындағы арулар бейнесі тайға таңба басқандай етіп, түрлі көркемдегіш құралдармен берілген десем, тіптен қателеспейміз.
Әнші ақындар көбіне пәк таза махаббатты, сұлу әйел сипатын, жастық шақ, жігіттік арман, ар-намыс бостандығын жырлауға ден қойды. Оған Ақан сері, Біржан сал, Естай, Балуан Шолақ тағы басқа ақындардың шығармашылығын айтуға болады. Әйел затының әдемі көрік-келбетін, жан-дүниесінің сұлулығын әсерлі жырлаған Ақан серінің «Ақтоқты», «Мақпал», «Перизат», «Ақсаусақ», «Жамал қыз», «Балқадиша» тәрізді әндері қыз есімімен аталады. Үкілі Ыбырай әйгілі «Гәкку» әнін Кәлима атты сүйген қызына арнап шығарған, мұнда ғашығы аққу құсқа баланып, ән қайырмасындағы аққу құстың үніне ұласатын «гәкку, гәкку» одағайларымен шебер үйлесім тауып, автордың ой-қиялынан туған арман мен зарды күшейте түседі. Әнші ақындар жастарды ықтиярсыз үйлендіретін неке заңына, ескі әдет-ғұрыптарына қарсы шықты.
Ақан серінің «Сырымбет» Естайдың «Қорлан», Қайыптың «Ақбөбек», Сауытбектің «Ақбөбек» тағы басқа әндері қалың мал жоралғыларын айыптаған, махаббат бостандығын, сұлулықты дәріптеген туындылар. Ақан сері өлеңдері трубадур лирикасындағы әйелді культке айналдыру сарындарын еске салады. Ғашықтық тақырыптағы өлеңдерден ұшқалақ сезім, құмарлық, ләззат алуға ұмтылысты жырлайтын тұстары да ұшырасады.
Әнші ақындар шығармашылығының поэзиямызда өзгеше арналы болып қалыптасуына қазақ даласындағы әлеуметтік жағдай ықпалын тигізді. XIX ғасырдағы сан қабатты өзгерістер, ежелгі салт-дәстүрдің, қауым мен қауым, адам мен адам арасындағы қатынастардың басқаша өріс табуы әншілік поэзиямыздың қуаттана дамуына қолайлы жағдай тудырып, әнші ақындар өз әнін, өз өнерін ақы дәмету үшін пайдаланған емес, оны күрестің құралы деп таныған, бар ғұмырын өнерге қызмет етуге бағыттай білген жандар. Олардың еркін жүрісі, ерке әндері айналасындағылардың бәріне бір-бірдей жаға бермеген, ел тұтқасын ұстаған үстем топтан қысым да көрген. Олардың шығармаларында өнер жолындағы адам тағдырының қиындығы жырланады. Әнші ақындар айналасында өтіп жатқан құбылыстарды сырттан бақылаушы ретінде емес, өз басынан кешкен жайларды суреттеу арқылы махаббат пен ғадауат, теңсіздік пен әділетсіздікті қоғамдық орта мен адам арасындағы қатынастарды жырлап, бүгінгі күнге жеткізді деп ойымызды қорытамыз.
Эссемді қортындыласам,екі шығармадағы қыз сипаты ұқсас болғанмен, олардың әрқайсысы жеке тұлға.Біріншідегі қыз сипаты тұрмыс құрарға дейінгі болса, екіншідегі тұрмыстағы сипат болып табылады. Қай шығарманы алсақ та,ертедегі қазақ қызының бейнесі шебер суреттелген деп ойлаймын.


2 ПІКІРЛЕР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ