Музыка тыңдайтын жолбарыс

0
2455

Ресейдің Приморье аймағында тұрғындар музыкаға еліткен жолбарысқа кезігіпті. Ол мұндағы ұлттық саябақта тоқтап тұрған көліктен шыққан әуенді ести салысымен ұзақ тыңдап тұрған. Бірақ өзіне қарай жылжыған көліктің ішінде адамдардың отырғанын көріп, «ыр» етіп, өз жайына кеткен екен. Музыкаға еліткен жыртқышты көлік жүргізушісі бейнеге түсіріп, роликті ғаламторда жариялаған.  Ұлттық саябақ қызметкерлерінің айтуынша, тек ғана жолбарыс емес, өзге де жабайы жануарлар музыка тыңдағанды ұнатады екен.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ