Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!

0
2345

Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт — дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт — дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.

Балалар «Наурыз» әуенімен залға кіреді.

Тәрбиеші: Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекеміз де келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни, бұл күн біздің ата — бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелер келе жатқан жыл басы мерекесі.

— Балалар наурыз туралы тақпақ білеміз бе?

Айзере: Бәйшешек гүл ашады
Мұздар сайға қашады
Суға толып өзен көл
Кемерінен асады.

Елназ: Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн — Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!

Заина: Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Тәрбиеші: Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз — қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұ күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы»,
«Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.

Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жанданады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп атайық.

Балалар хормен: «Қош келдің, Әз Наурыз!»

Тәрбиеші: Наурыз туралы әнімізді айтайық.
Ән: Наурыз

Тәрбиеші:- Балалар біздер қандай мерекені тойлап жатырмыз?

Балалар: — Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.

Арслан:
Құтты болсын Наурыз
Жалқаулық қос жауымыз
Дала толы егіске,
Малға толсын тауымыз

Айлин:
Наурыз тойы әдемі,
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдемі,
Наурыз көже пісірді.

Алима:
Кел балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық
Ортаға Әжелер кіреді.

Әже:- Сәлеметсіңдер ме балалар, мен сендерді сағынып іздеп келдім. Сендерге наурыз көже алып келдім.

Тәрбиеші: Қош келдіңіздер, әжелер біз балалармен наурыз мерекесі жайлы айтып отымыз. Келіңіз жоғары шығыңыз.

Тәрбиеші: Әже, Наурыз көже өте дәмді екен. Оны қалай дайындадыңыз?

Әже: Қарақтарым. Наурыз көже Наурыз мейрамының негізгі тамағы.
Оған 7 түрлі тағам қосылады. Олар: қыстан қалған сүр ет, айран, сүт, тұз, құрт, тары, бидай. 7саны киелі сан. Ал наурыз көже тоқшылық белгісі.
Тәрбиеші: Әже, біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ айтқылары келіп тұр екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына берейік.

Ақмаржан:
Арпа, бидай, тары бар
Қатық, малта, тағы бар
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар.

Ислам:
Бата беріп атамыз,
Бата беріп әжеміз
Тәтті болып жасаған
Көжеден дәм татамыз

Тәрбиеші: Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік мәні зор салт дәстүрге бай халық.

Амира:
Қасиет еткен халқымыз,
Жаңғыртар дәстүр салтымыз
Сән салтымен ел көрікті
Салт дәстүрді сыйлау үлкен міндет.

Әжелер: Балаларым, бүгін сендерге баланы қырқынан қалай шығару керек соны көрсетейін.

Ортаға келіні Нүргүл баланы әкеліп береді.

Керекті құралдар: Суға шомылатын ыдыс, ағаш қасық, фасоль, күміс сақиналар, асық, және жылы су.

Балалар тілек айтады: жасы ұзақ болсын, дені сау болсын, ержүрек болсын, батыр болсын т. б.

Тәрбиеші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған.

Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық:

Айтыс:

Айана:
Халықтық мейрам тойында
Кім айтысар менімен
Айтыс айтыс болады
Айтысқанда теңіңмен

Дінмұхамед:
Айтыс айтыс болады,
Шықса ақын теңімен
Шешен болсаң көрейін
Айтысып көр менімен

Айана:
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол
Қос аладың ба мән беріп
Қанша болды санап көр

Дінмұхамед:
Бірге төрт бес болады,
Оны бәрі білетін
Сен дейсің бе саусағын
Санай алмай жүретін

Екеуі бірге: Наурыз тойы салтымыз
Аман болсын халқымыз
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын
Наурыз құтты болсын!

Тәрбиеші: Балалар кәне бәріміз ойын ойнайық.
Ойын: Қыз қуу.

Тәрбиеші: Балалар, әжелер! Ұлыстың ұлы күні еліміздің басын қосып, еркіндікке жол салған ата бабаларымызды еске алмасқа болмас. Ол үшін кезекті «Нақыл сөздерге» берейік.

Ердаулет: Төле би айтқан екен
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шың жетпейді

Таир: Әйтеке би айтқан екен:
Ашу бар жерге ақыл тұрмайды
Ашу деген ағын су
Алдын ашсаң арқырар
Ақыл деген дария
Мөлдір су боп сарқырар

Айдана: Қаз дауысты Қазыбек би айтқан екен
Арадан шыққан жау қиын
Таусылмайтын дау қиын
Құр айтылған сөз қиын
Іске аспаған іс қиын

Тәрбиеші: Наурыз мейрамына арналған тақпақтарға береміз.

Маржан:
Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы
Дастарханға елімнің
Береке ырыс сыйлашы

Інжу:
Ой, халайық, халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық

Аңсар: Күн менен түн теңеледі
Жер шуаққа кенелді
Соны тойлар ел енді

Даниал: Армысың ағайын
Бармысың ағайын
Ұлыс бақты болсын

Ахан: Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз

Хормен: Наурыз тойы салтымыз
Аман болсын халқымыз
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын
Наурыз құтты болсын!

Тәрбиеші: Ал енді күш сынасуға, әркімнің өз ептілігін сынауға уақыт келіп жетті.

Ойын: « Күш сынасу»

Тәрбиеші: Батаменен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер,- дегендей балаларымыз бата береді.

Ибраһим: Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын!
Қайда барсаң, жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жәле жерге енсін

Тәрбиеші: Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ұқсас материал: 

  1. «Қош келдің, Наурыз!» /Тәрбие сағатының сценарийі/
  2. Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алған?
  3. Ашық сабақ: Наурыз — Ұлыстың ұлы күні
  4. 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні! балабақша мерекелік ертеңгілігі
  5. «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» тәрбие сағаты
  6. 22- наурыз «Ұлыстың ұлы күні» мерекесіне арналған сценарий
  7. Қош келдің, әз Наурыз! (балабақша ертеңгілігі)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ