Нотариустардың құқықтық дәрежесі

0
3957

«Нотариат туралы» заңның 6 бабына сәйкес жоғары заң білімі бар, әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан, нотариуста кемінде бір жыл  тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған, Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.\r\n\r\n \r\n\r\nӨтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен соттылығы алынған, белгіленген тәртіппен іс — әрекет жасауға қабілетсіз немесе іс әрекет жасауға қабілеттілігі шектеулі деп танылған адам нотариус бола алмайды. Сонымен қатар, өзіне қатысты ақталмайтын негіздер бойынша. Қылмыстық іс тоқтатылған, лицензиясы кері қайтарылып алынғандықтан немесе нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңдарының бұзылуына жол бергені үшін, мемлекеттік нотариус қызметінен босатылғандықтан, нотариаттық қызметті тоқтатқан адам да, осындай оқиға болғаннан кейін 3 жыл бойы нотариус бола алмайды.\r\n\r\n \r\n\r\nЗаңның  17 бабында нотариустардың құқықтары бекітілген, яғни нотариус құқылы\r\n\r\n \r\n\r\nНотариустар мынандай қызметтер, яғни клиенттердің құжаттарын бекіту және  нөмірлеу және құжаттардың көшірмелерін т.б. бекітумен айналысады. Нотариустардың  құқықтарына сондай ақ көмекшілері мен сынақтан өтушілерін игеру құқығын жатқызуға болады. ҚР азаматы ғана нотариустың көмекшісі бола алады. Оған арнайы білім талаптары қойылмаған. Азаматтық заңнаманың жалпы ережесі бойынша, ол толық әрекетке қабілетті болуы тиіс. Нотариустың көмекшісі нотариустың тапсырмаларын, нотариустың нұсқауымен және жауапкершілігімен орындауға құқылы. Нотариустың нұсқауымен берілген тапсырмаларға Клиентпен ұсынылған құжаттарды тексеру, мәмілелерді жасау түрлерін қарау,  нотариустың болмауына байланысты нотариалдық құжаттарды алу уақытын клиенттер үшін маңыздылығын талқылау. Статистикалық есеп тапсыру үшін мәліметтерді дайындау, кіріс және шығыс жіберілімдерін тіркеу, істің наменклатурасы бойынша құжаттарды тігу, телефон байланыстары бойынша хабарламаларды қабылдау, құжаттарды тізімдеу және әзірлеу жатады. Көмекші шарттық төлем немесе жалақы ала алады. Ресей Федерациясында нотариустың көмекшісі жоғары заң білімін игеруі тиіс.\r\n\r\n \r\n\r\nЖоғары заң білімі  бар және аттестаттаудан өткен, ҚР азаматтары нотариустың сынақтан өтушілері бола алады. Сынақтан өтушілер сынақтан өту туралы шарт негізінде бір жыл мерзімге жеке тәжірибемен айналысатын нотариустарда немесе мемлекеттік нотариустарда сынақтан өтеді.\r\n\r\n \r\n\r\nЗаң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар адамдар үшін аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның  бірлескен шешімімен сынақтың мерзімі қысқартылуы мүмкін. Сынақтың ұзақтығы үш айдан кем болмауы керек.\r\n\r\n \r\n\r\nНотариустардың сынақтан өтушілердің сынақтан өтуінің тәртібі,  мерзімі мен шарттары ҚР Әділет министрлігі бекіткен 2003 жылы 20 тамыздағы  нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережемен белгіленеді. Сынақтан өту мерзімі, сынақтан өтушілердің мамандық белгілері және жұмыс тәжірибесі, сынақты тіркеудегі сынақтың жетекшісінің наразылығының негізінде, сондай ақ  ережемен көрсетілген әңгіме өткізу тәртібінің нәтижесі бойынша қысқартылады. Сынақтан өту бойынша шарт жасасуы және сынақтың жетекшісінің тағайындауы туралы өтініш аумақтық әділет органдарының басшысына келесі жағдайларда ұсынылады — егер тұлға мемлекеттік нотариуста сынақтан өтуді ұсынса, ол аумақтық нотариалдық  палатаның төрағасына; егер тұлға жекеше нотариуста сынақтан өтуді ұсынса, тағайындалады.\r\n\r\n \r\n\r\nӨтінішке  келесі құжаттар қосымша берілуі керек\r\n\r\n \r\n\r\nСынақтан өтуге тілек білдірген тұлға  мамандық кәсібі және жұмыс тәжірибесін және стаждық мерзімін дәлелдейтін қосымша құжаттар ұсына алады.\r\n\r\n \r\n\r\nСынақтан өту туралы шартта келесілер көрсетілуі тиіс яғни, жақтардың құқықтары мен міндеттері, сынақтан өту орны, сынақтан өту мерзімі, тәртібі және жағдайлары, жұмыс уақытының режимі, тағылымдамадан өтудің төлемі және жағдайы, мөлшері. Жекеше және мемлекеттік нотариустарда тағылымдама төлемінің мөлшері тағылымдаманың әр бір айының есеп беру күнімен көрсетілген он айлық  есептік көрсеткіштің үш есе мөлшерінде болуы мүмкін.\r\n\r\n \r\n\r\nТағылымдама аумақтық нотариалдық палата немесе аумақтық әділет органымен, анықталған нотариустың жетекшілігімен өткізіледі. Сонымен қатар тағылымдама жетекшісі нотариалдық қызметте кем дегенде бес жыл тәжірибе және стажы бар болуға тиіс. Бір нотариуста бір уақытта тағылымдамадан кем дегенде екі тұлға өте алады. Қажет жағдайда Әділет органы немес нотариалдық палата тағылымдама  мерзімі кезінде  тағылымдаманың басқа жетекшісін тағайындау туралы шешім қабылдауы мүмкін. Тағылымдамадан өту аумақтық нотариалдық палата немесе аумақтық Әділет органдарының шешімдеріне сәйкес бекітілген бір бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.\r\n\r\n \r\n\r\nБағдарламаның мазмұнында нотариустардың жұмысын ұйымдастыру және нотариалдық қызметті жасау бойынша тағылымдамадан өтушінің тәжірибесіне бағытталған шаралардың тізбесі көрсетілуге тиіс. Тағылымдама мерзімін қысқарту тағылымдама бағдарламасын негіздеудің міндеттерінен босатпайды.\r\n\r\n \r\n\r\nТағылымдамадан өту кезеңінде тағылымдама жетекшісінің жетекшілігімен тағылымдамадан өтуші мынандай қызметпен танысады яғни, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, қабылдау тәртібін, түскен жіберілімдерді тіркеу және есепке алу, кіріс және шығыс жіберілімдерін тіркеу, кітаптарды жүргізу тәртібін, тіркеу журналымен статистикалық есепті құрастыру, архивта сақтау үшін нотариалды куәландырылған құжаттарды дайындау тәртібімен,  істің құжаттарын реттеу және дайындау, уақытша және тұрақты сақтау құжаттарын таңдау.\r\n\r\n \r\n\r\nТағылымдамадан өтуші өзі нотариустың ар намыс кодексін және нотариаттық қызметін реттейтін ішкі нормативтік құқықтық актілердің және заңды білуі тиіс. Тағылымдаманың аяқталуы бойынша өтуші қорытынды есепке дайындалады.\r\n\r\n \r\n\r\nНотариалдық палата мен аумақтық Әділет органның біріккен отырысында іс тәжірибеден өтушінің материалдарымен жетекшінің ұсынысы қарастырылады және тәжірибеден өтуші мен әңгіме өткізіледі. Тәжірибеден өту туралы материалдарды қарау және әңгімелесу қорытындысы бойынша аумақтық Әділет органы және нотариалдық палата тағылымдама қорытындысын шығарады және ол  нотариалдық палата  төрағасымен Әділет басқармасының басшысымен бекітіледі.\r\n\r\n \r\n\r\nНотариустың (мемлекеттік және жекеше) міндеттері «Нотариат туралы» Заңның 18 бабында қарастырылады, бұл нормаларға сәйкес, нотариус міндетті\r\n\r\n \r\n\r\nОсылайша, нотариаттық іс-әрекеттердің құпиясын қамтамасыз ету мақсатында нотариустың азаматтарды қабылдау үшін жеке бөлмесі болуы керек. Бұл мақсатта нотариаттық іс-әрекеттер жөніндегі мәліметтер мен құжаттар тек соттың, алдын-ала тергеу мен анықтау органдарының жазбаша талабы бойынша ғана беріледі, сонымен бірге нотариустың қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға өкілеттілігі бар прокуратура, әділет органдарына және нотариалдық палаталарға беріледі. Аталған сұраулар жазбаша нысанда жасалып, барлық қажетті реквизиттерді сақтауы тиіс (сұрау жіберілетін органның атауы, сұраудың номері мен күні, іс туралы мәліметтер және т.б.).\r\n\r\n \r\n\r\nНотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, нотариаттық куәландырылған, сондай-ақ нотариат берген құжаттардың көшірмелері тек қана олардың атынан немесе тапсырмасы бойынша нотариаттық іс-әрекеттер жасалған, оларға не олардың уәкілетті адамдарына қатысты осы әрекеттер жасалған заңды және жеке тұлғаларға беріледі. Уәкілеттік берілген адамдар деп заңмен белгіленген тәртіпте көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды алуға арнайы уәкілеттік адамдар деп танылады (тергеушілер, судья, прокурор).\r\n\r\n \r\n\r\nНотариус куәландырған немесе берген құжаттар жоғалған жағдайда заңды және жеке тұлғалардың жазбаша арыздары бойынша олардың атынан немесе тапсырмасы бойынша осы нотариаттық іс-әрекеттер жасалған, не олардың уәкілетті адамдарының жоғалған құжаттардың дубликаттары беріледі. Құжат дубликаты куәландырылған немесе берілген құжаттың барлық мәтінін, нотариустың куәландырылған жазбасымен қоса қамтуы тиіс. Құжаттың дубликатында белгіленген нысан бойынша куәландыру жазбасы жазылады. Егер, нотариус дубликатты сенімді тұлғаға сенімхат негізінде берген жағдайда, куәландырылған жазбада дубликат алушы адамның тегі, аты және әкесінің аты жазылады.\r\n\r\n \r\n\r\nӨсиеттер, өсиеттердің дубликаттары мен өсиеттердің көшірмелері туралы мәліметтер мұрагерлерге тек өсиет қалдырушы қайтыс болғаннан кейін беріледі. Өсиетте көрсетілген мұрагерлер қайтыс болған жағдайда өсиеттің дубликаты олардың мұрагерлеріне олар өсиет қалдырушы мен өздері одан кейін мұрасын иеленетін қайтыс болған мұрагердің өлгендігі туралы куәлікті ұсынған жағдайда беріледі.\r\n\r\n \r\n\r\nЖасалған нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтерді қасақана жария еткен адамдар заңдарға сәйкес жауап береді.\r\n\r\n \r\n\r\nОдан басқа, нотариустардың міндеттеріне — жеке және заңды тұлғаларға нотариаттық іс-әрекеттер үшін төлемге жеңілдіктер жасауды, қызмет аумағы туралы ережелерді сақтау, мөр және мөртаңбаларды ұқыпты сақтау және құжаттарды уақытында және тиісті архивке тапсыруды жатқызуға болады.\r\n\r\n \r\n\r\nНотариаттық мәмілелерді куәландыру, куәліктер беру және басқа құжаттарды куәландыру, сондай-ақ оларға куәландыру жазбалары «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттерді жасау тәртібі туралы» Нұсқаулықтың талаптары және 6.38-72 Мемлекеттік стандартының негізгі ережелері мен талаптары ескеріле отырып жазылуы тиіс. Құжаттарды есепке алу және олардың орындалуына бақылау жасау үшін нотариат кеңселері мен жекеше нотариустар хат-хабарлардың кіріс және шығыс журналын жүргізуі тиіс.\r\n\r\n \r\n\r\nЕгер нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жүргізу кезінде қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін немесе жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін кемшіліктерді анықтаса, оларды жою және тиісті шараларды қолдану үшін бұл туралы прокуратураның тиісті аумақтық органына дереу хабарлауға міндетті.\r\n\r\n \r\n\r\nНотариалдық қызмет – құқық қорғау мақсатын көздейтін коммерциялық емес заң қызметінің бір түрі болып табылады. Сол себепті нотариаттық іс-әрекет кәсіби қызмет ретінде қарастырылмауы тиіс. Бірақ соңғы кезде өзінің материалдық жағдайын жақсартуды тілейтін жекеше нотариустардың саны артуда. Бұның өзі қоғам алдында нотариустардың негізгі мақсаты мен қызметіне күмән туғызады. Жоғарыда аталған норма нотариустарға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салады. Алайда 2001 жылдың 24 желтоқсанында заң шығарушы орган «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына жекеше нотариус жеке кәсіпкер болып табылатындығы туралы толықтырулар енгізілді. Ал бұл бір Заңның ішінде екі құқықтық нормалардың арасында қайшылықтың пайда болуына әкеп соқтырды. Тек 2003 жылдың 5 мамырдағы заңымен 15 баптың 6 тармағы алынып тасталды.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ