Қоғамға арналған өлең жолдары

1
1106

Біз неге Осындаймыз?

Жалпы біз неге осындаймыз?,
Айрандай ұйып неге қосылмаймыз.
Біреудің қателігін көре қалсақ,
Өсек етіп шырқаудан тосылмаймыз.

Біз неге Шоушыл болып кеттік екен?,
Шоумен ұлт боп барамыз есті көкем.
Байқауда, басқасыда шоу болардай,
Қай жерден қате қадам еттік екен?.

Біз неге осындаймыз? сондаймыз?,
Әр ортада әр түрлі рөл сомдаймыз.
Комиссия келет десе жүгіріп,
Қозғаламыз, сонда ғана қомдаймыз.

Біз неге көп нәрседен кешігеміз?,
Кереметтей өзімізше есіреміз.
Еш затты алдын ала ойластырмай,
Болары болып қойғасын өкінеміз.

Біз неге еліктеуді қатырамыз?,
Ойын күлкі шоу ғана сахынамыз.
Бос сөзбенен мақтауын асырамыз,
Берекені осылай қашырамыз.
Өзгеге айтсақ мейлі қоятұршы,
Өзімізден немене жасырамыз.
Ақылды ақылсызға бас ұрамыз.
Бірін бірі жамандап ах ұрамыз.
Бұл сөзіме кектеніп тасымаңыз.
Қатты айтты деп ешқашан жасымаңыз.
Жасымаңыз тағы айтам Жасымаңыз!

Өкінішті болып тұр!

Мынау біздің қоғамда,
Надандықтың өрлеуі.
Итке берген мінезді,
Кей адмдарға бермеуі.
Өкінішті болып тұр!

Арасында халқытың,
Жемқорлықтың меңдеуі.
Береке- бірлік жоғалып,
Біріне- бірі сенбеуі.
Өкінішті болып тұр!

Көңілің толса біреуге,
Оның көңілі толмауы.
Келбетті кейбір жандардың,
Мінезі жақсы болмауы.
Өкінішті болып тұр!

Білімділерге білімсіз,
Көлденең болып тұруы.
Аузы қисық болсада,
Бай баласы шығуы.
Өкінішті болып тұр!

Бәрін айтта бірін айт,
Қоғамға Вирус келуі.
Зар жылатып халықты,
Қазақстанға енуі.
Өкінішті болып тұр,
Айта берсең таусылмас,
Өкініш деген толып тұр!

 

Еріктілер көбейсін…

Қолда барын аямай,
Көмек берер жалпыға.
Жас кәрісін аялай,
Қолдау айтар халқына.
Еріктілер көбейсін!

Қиын өмір сүргенге,
Қайырымын тигізген.
Аш- жалаңаш жүргенге,
Ас беріп киім кигізген.
Еріктілер көбейсін!

Өзімшілдік танытпай,
Елін- Жұртын ойлаған.
Көппен бірге муңайып,
Көппен бірге тойлаған.
Еріктілер көбейсін!

Қол ұстаса бірлікте,
Алға, алға дейтұғын.
Ел үшін жасап тірлікте,
Халқының қамын жейтұғын.
Еріктілер көбейсін!

Ел үшін қызымен етіп жүрген,
Көмек десе, алдымен жетіп жүрген.
Қиындығын бөлісіп бар қазақтың,
Мәселесін барынша шешіп жүрген.
Еріктілер көбейсін!

Авторы: Есхат Тәлетұлы

Текелі қаласы, 11 сынып оқушысы


1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ