Оқушылардың психикалық саулығын сақтау

0
2112
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

К.Д.Ушинский: «Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін оны жан-жақты зерттеу қажет» 

Мақсаты: Писхикалық саулықты сақтау дағдыларын қалыптастыруға көмектесу .

Міндеттері: 1. Адамның психикалық саулығы туралы түсінік қалыптастыру, баланың сәби кезінде қандай психикалық жарақаттар алғанын бақылау.

Керек жабдықтар: әйнек, түрлі – түсті ермексаз, бояу, майшам, әріптер жинағы, ситуациялық сұрақтар жинағы, аяқталмаған сөйлем.

Сабақтың жүргізілу барысы

«Адам, үй, жер сілкінісі» сергіту ойыны.

Оқушылар үштікке бөлінеді. Әр үштікте екеуі «үйді» белгілеп қол ұстасады, үшіншісі ортада тұрады, ол «адам». Оқушылардың біреуі (жүргізуші) үш командының бірін береді: «үй», «адам», «жер сілкінісі». «Үй» командысы кезінде қол ұстасқандар қолдарын көтереді, және олрады ажыратпай басқа «адамға» жүгіріп келеді. «Адам» командасы кезінде ортада тұрған шығады және өзіне жаңа үй іздейді. «Жер сілкінісі» командасы кезінде жұптар қолдары түсіреді және жаңа «үйлерді» құрады. «Үйді» құрғандар «адам» болғанмен жұп бола алады, немесе «үйдің» ортасында тұра алады. Жүргізуші үнемі бөтеннің орнына тұруға тырысады, ал қалған «үйсіз» жүргізеді.

Өзектілігі

Адам үшін ең құнды – оның өмірі, ал өмірдегі ең құнды нәрсе – денсаулық. Сондықтан бүгінгі кездесуіміздің тақырыбы «балалардың психикалық саулығын сақтау». Психикалық саулық ұғымының мәнін және оны қалай сақтауға болатынын бірге білетін боламыз.

Миға шабуыл әдісі

Оқушылар сұраққа өз жауап нұсқаларын ұсынады: «Сіздердің ойыңызша, психикалық саулық дегеніміз не және оның саулығына не әсер етеді?» Оқушыларда қиындық туындаса, қандай да бір денсаулық түріне мысал келтіру арқылы өздерінің қалай түсінетінін айтуды ұсыныңыз: физикалық, адамгершілік саулық және т.б.

Оқушылар осы ұғымға қатысты өзінің пікірін білдірген соң, оқытушы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасын береді: «Психикалық саулық дегеніміз – адамның жеке әлеуетін жүзеге асырып, қарапайым өмірлік күйзелістерге шыдас беріп, өнімді және нәтижелі жұмыс істей алатын, сондай-ақ өз қоғамдастығының өміріне өз үлесін қоса алатын денсаулық жағдайы»

Негізгі бөлім

Адам әр күні таңертен жуынып, тісін жуады, өз денесін тазалықта ұстауға тырысады. Бірақ біздің психикамызға да тазалық керек екені туралы көп адам ойлана бермейді. Жағымсыз эмоциялар, уайым, ашу-ыза физикалық кірден кем емес ластайды. Ежелгі заманның өзінде зұлымдық пен өшпенділіктің  жүрегімізге зиян келтіретіні айтылған. Ашу-ыза баяу, бірақ сенімді түрде бауырымзды әлсіретеді. Мазасыздық және шыдамсыздық сезімдері ас қорытудың бұзылуына әкеледі. Уайым мен пессимизм өкмемізді уласа, балағат пен өсек бүйрекке әсер етеді. Әрдайым көңіл толмау және нашар ойлар миды әлсіретеді. Заңды сұрақ туындайды: Не үшін жағымсыз эмоциялармен өзімізді әлсіретіп, организімді дертке ұшыратамыз?

Бүгін психикалық саулықты сақтау әдістерін немесе жанымыздың әрқашан сау болуы үшін не істеу қажеттігі туралы сөз қозғаймыз.

Топпен жұмыс

Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Әр топ психикалық саулықты сақтау туралы өмірден алынған ситуациалық сұраққа жауап береді, екінші топқа түсіндіреді.

«Эксперимент» жаттығу

Мақсаты: стрестік жағдайда өздерін басқара алуға үйрету.

Өткізу техникасы: әр топқа әріптер жинағы жазылған тарапта беремін.

Орындалуы: 30 сек. ішінде сөйлемді сөздерге бөліп оқу.

Мысалы: жаңалық тудыратын шығармашылық көрінісінде бақылау қиын ұйықтар алдында интенсивті ойлау жұмыстарымен немесе психикалық жүктемелермен айналыспаған жөн.

Сұрақ. Бұл тапсырманы орындау барысында қиындықтар туды ма?

«Менің келбетім» астында эмоциялар жазылып тұрған бет бейне суреті беріледі. Сол эмоцияны оқушы өз бет бейнесіне салу керек. Топтар салған эмоцияларын түсіндіріп береді.

Мен ашулымын          Мен көңілсізбін              Маған қорқынышты           Мен бақыттымын

Әр топқа екі таратпадан беріледі. Сөйлемді аяқтау

  1. Менде кемшіліктер аз емес. Мысалы …
  2. Жалғыздықтың қандай жаман екендігі маған белгілі. Есімде …
  3. Егерде мені біреу ренжітетін болса, мен …
  4. Шынымды айтсам мектеп маған…
  5. Біздің кластағы оқушылардың жақсы қасиеттері…
  6. Өте қатты қысылып ұялған кезім есімде, бірде мен…
  7. Қорқақтық жасаған кезім есімде, бірде мен…
  8. Кейде, ата – аналарым ұрсып қалған жағдайда мен…

Өзін – өзі жарнамалау

Оқушыларға байқауға қатысу үшін газетке жарнама беру ұсынылады. Жарнамада байқауда жеңіске жетуге мүмкіндік беретін сыртқы келбеті  мен ішкі қадыр-қасиеттері туралы сипатталу қажет. Өзін-өзі жарнамалауға қойылатын басты талап – шынайылық, объективтілік, өзіндік сын.

Қорытынды

Бүгінгі тренингтік сабақ болашақта психикалық саулығымызды сақтауға көмектесетін жаңа білім алуға көмектесті деп үміттенемін, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстану да қажет екенін білесіздер. Ата-анамыз берген тәрбиеге әрине ата-ана жауапты , бірақ қандай болып қалатындарыңыз, онымен не істейтіндеріңізге тек сіздер жауаптысыздар.

«Көңілді толқын» жаттығуы

  1. Өтірік айту жаман қасиет дегендеріңіз, қол соғайық
  2. Тәжірибелі болғыларыңыз келсе, орнымыздан тұрайық
  3. Жалқаулық жаман қасиет дегендеріңіз, отырайық
  4. Жауапкершілік жақсы қасиет дегендеріңіз, аяқты еденге соғайық
  5. Мен көңілдімін дегендер, күлейік
  6. Бүгінгі семинар ұнаса, қолымызды алға созып шапалақтайық
  7. Өзімізді бақыттымын деп есептесек, мен бақыттымын деп айқайлайық
  8. Болашаққа сеніммен қарасақ, екі қолымызды жоғарыға көтерейік
  9. Меним тренингім ұнаса, орнымыздан тұрып шапалақтайық
  10. Тағы семинарға келгіңіз келсе, оң жағыңыздағы адамды құшақтайық

 

 

Қолданылған әдебиеттер: Bilim foundation. Денсаулық және өмірлік дағдылар.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ