Республикамыздың «Ең үздік тарихшы ұстаздары» мен «Үздік ұжымдары» анықталды

2
2142

Жас ұрпақтың бойына төл тарихымызды сіңіріп, шәкірттеріне тарих пәнін жоғары деңгейде меңгертіп жүрген ұстаздарымыз анықталды. 

Сәуір айының 1-20 аралығында Qaztest.kz сайтында өткен  І Республикалық «Қазақстан тарихы» олимпиадасы жоғары деңгейде өткізілді. Олимпиада қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР ҒА-ның корреспондент-мүшесі Ермұхан Бекмаханұлы Бекмахановтың құрметіне ұйымдастырылды. Олимпиадаға республикамыздағы білім ордаларының 6-11 сынып оқушылары қатысты.

Олимпиадаға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан тарихы кафедрасының тарих ғылымдарының кандидаты, доценті Козгамбаев Г.Б. ханым жоғары бағасын беріп, өз пікірін білдірді.

— Мұндай олимпиадалардың жас ұрпақтың тарихымызға деген қызығушылығын оятып, мәдени құндылықтарын бойларына сіңіруде атқаратын қызметі зор,- деп бағасын берді.  

Сонымен қатар олимпиадада ең жоғары нәтиже көрсеткен 50 оқушыға «Қазақстан үміті» төсбелгісі, 100 оқушыға «Ұлан», «Ақжелкен» республикалық балалар басылымының 6 айға жазылым түбіртегі сыйға берілді (ұпайлары жоғары болған жағдайда бір мектептен 3 оқушы сыйақыға ілінеді). 

ТӨСБЕЛГІ МЕН ЖАЗЫЛЫМ АЛҒАН ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

ОЛИМПИАДА ҚАТЫСУШЫЛАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНА АТСАЛЫСТЫ

Қатысу жарнасының белгілі бір пайызы «Добровольное Общеcтво Милоcердие» қорына қаржылай көмек ретінде аударылды. Алдағы уақытта қаржының қандай мақсатқа жұмсалғаны туралы ақпаратты сайтымызға жариялаймыз. 2019 жылдың ақпан айында ұйымдастырылған байқаулардың нәтижесінде қаржы Кемелхан Арсен есімді бүлдіршіннің еміне жұмсалған болатын. 

Біздің мақсатымыз оқушыларымыздың бойына қайырымдылық пен игі істер жасауды сіңіру, болашақ ұрпаққа дұрыс жол көрсету.

ҒАЛЫМНЫҢ АТЫ ӨЛМЕЙДІ…

Қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор  Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов атындағы олимпиада биылғы жылы алғаш рет ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Осы ретте олимпиадаға қатысушы жас тарихшылардың атынан Qaztest тест орталығы Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі Е.Бекмаханов атындағы аудиторияға ғалымның құрметіне арналған ескерткіш туынды тарту етпек. Бұл жас тарихшыларымыздың атынан ғалым мұрасына деген зор құрметтің белгісі болмақ. 

Олимпиадада 20 оқушысы жүлдегер атанып, шәкірттері сыннан сүрінбей өткен таңдаулы ұстаздарымыз «Үздік тарихшы ұстаз» номинациясын иеленіп, дипломмен марапатталды. Бұл ұстаздарымыз республикамыздың ең үздік тарихшылары екені даусыз. Себебі, олимпиадада республикамыздың барлық облыстары, аудандары мен ауыл-аймақтарынан толық қатысты.

Республикамыздың үздік тарихшы ұстаздарын назарларыңызға ұсынамыз.

 «Үздік тарихшы ұстаз» номинациясының иегерлері

Мектеп атауы

 

Жауапты маман аты-жөні

(облысы, ауданы, қаласы)

мекен-жайы, индексі

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы

Алматы облысы, Көксу ауданы

 

№ 104 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы, Әуезов ауданы
№207 «Жаңатұрмыс» орта мектебі

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Байсын ауылы

 

Ақтөбе қаласындағы Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы Ақтөбе қаласы
№167 жалпы орта мектеп

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,

Жаңарық ауылы

ЖББОМ №74

           

Қарағанды қаласы   

 «Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі»

 

Алматы облысы, Қарасай ауданы

 

Хамза Санбаев атындағы орта мектеп Атырау облысы, Мақат ауданы
 «Ғали Орманов атындағы орта мектебі» КММ Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қапал ауылы
№22 орта мектеп Алматы облысы, Іле ауданы Әли ауылы
 «Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы
Өскемен қаласы әкімдігінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» Өскемен қаласы
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы
 «Жамбыл атындағы гимназия» КММ

Жамбыл облысы,

Шу қаласы

№ 4 Тілеміс батыр жалпы білім беретін мектебі Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ақтоған ауылы
Н.С.Манаев атындағы орта мектебі Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Орлы ауылы    
М.Құрманов атындағы №2 орта мектеп Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы   
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы Жамбыл облысы, Тараз қаласы
Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы Жамбыл обл, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы  
«Пенжім орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Алматы облысы,  Панфилов ауданы

 

Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №11 ЖББОМ» МКМ Алматы облысы, Талғар ауданы
М.Маметова атындағы №28 мектеп –лицейі Алматы қаласы
М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты Ақтөбе қаласы
Алматы облысы «Ескелді ауданы әкімдігінің Жетісу орта мектебі» МКМ

Алматы облысы, Ескелді ауданы, Жетісу ауылы   

 

А.С. Макаренко атындағы № 41 мектеп-лицейі Шымкент қаласы
«А.Розыбакиев атындағы орта мектеп» КММ Алматы облысы, Панфилов ауданы 
Жолдасқали Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған интернаттақ мекемесі бар лицей

Атырау қаласы

 

№50 орта мектеп Ақтөбе қаласы   
Облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназия Атырау облысы, Атырау қаласы
Владимир Савва атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-лицейі Жамбыл облысы, Меркі ауданы
14 орта мектеп –гимназиясы

Алматы облысы, Талдықорған қаласы

 

 «А.В.Луначарский атындағы орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ Алматы облысы, Панфилов ауданы,Жаркент қаласы
 «№6 ЖОББМ» КММ Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы  
№29 ЖББОM Қарағанды облысы, Теміртау қаласы
№48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп –лицейі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
 «№102 мектеп-гимназия» КММ Қарағанды қаласы
№55 жалпы білім беретін мектеп Ақтөбе қаласы
220 орта мектебі  Қызылорда обылсы, Арал ауданы
 « №1 жалпы білім беретін орта мектеп»КММ Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы
С.Ерубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі Түркістан облысы, Арыс қаласы, Ақдала ауылы

 

Барлық қатысушыларды марапаттарымен құттықтаймыз!

Егер сұрақтарыңыз болса жұмыс уақытында (дүйсенбі — жұма, 9:00 — 18:30 аралығы) чатқа жазып, телфонға хабарласып ақпарат ала аласыздар. 

Құрметпен Qaztest.kz сайты


2 ПІКІРЛЕР

  1. Құрметті ұйымдастырушылар! І Республикалық олимпиаданың сәтті аяқталуымен құттықтаймын. Бұл игі бастамаларыңыз алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиетін жаңғырту деп түіснемін. Оқушыларымызға білім алуға және ғылымға ұмтылыс жасауға зор ықпалы бар. Бәсекеге қабілетті, ізденімпаз, шығармашыл оқушылар мен ұстаздарды ынталандыруға ықпалы зор.

    Менің сіздерге сауалнамам І Республикалық Е.Б.Бекмаханов атындағы тарих олимпиадасы өз мәресіне жетті. Martebe.kz — жариланған тізімде және марапаттау рәсімі тізімінде жоқпын. Анықтама берсеңіздер.

    Құрметпен жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі Казербаева Гульнар Кулжабаевна

  2. Қайырлы кеш! Сайтта тек сыйлық иегерлері мен номинация иегерлері жарияланды. Қалған тізімдер қазір жиналып, мұрағатталуда.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ