Ойна-ойла интелектуалды сайысы

0
1769
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Ойна-ойла интелектуалды сайысының мақсаты — ойлау, жаңаша ойлау, көрнекі ойлау, стратегиялық ойындар арқылы жаңаша ойлауын арттыру.

Сайыс алты ойын түрінен өтеді: Look-look, Tangramlar, Eguilibrio, Q-bitz, Reversi, Pentago. Сайысқа бесінші сынып оқушылары қатысады.

1. Look-look —  мақсаты:қарсыласыңызбен жарысуда карточка айналдырып, көрсетілген пішінді, яғни жаратылыстың дәл сондай ақ 8 рамкалардың ішінен табу керек. Дұрыс тапқан ойыншы карточканы өз қазынасына қояды. Жеткілікті санға жеткенше карточка жинап «Look Look» деген сөзді құраған алғашқы ойыншы ойында жеңіске жетеді.
Күтілетін нәтиже:
Байланысты ойлау, тапқыр таңдау, мұқияттылық, концентрация, бөлшек пен бүтін қатынасы, көшіру және білгенін айту, мәселені шеше алу қабілеттерін жетілдіреді. Қосу-азайту практикасын иеленеді.
Бұл ойынға екі топ, әр топта төрт ойыншыдан сегіз ойыншы қатысады.
Ойынның үздік ойыншы атағын Байтокова Мадина жеңіп алды.

   2. Tangramlar – мақсаты: кітаптағы фигураларды жасау керек. Құтыда әр түрлі геометриялық бөлшектер бар. Бір-бірінен өзгеше бөлшектерді қолдан және фигураны аяқта. Әрбір бөлшекті әртүрлі орналастыра отыра байқап көр. Басында бастапқы фигураларды жаса, кейін қалған бөлігін аяқта.
Күтілетін нәтиже:
Логикалық байланыс,  визуалды қабылдау, зейін қоя білу, мәселені шешу қабілеттері.
Бұл ойынға төрт ойыншы қатысады. Ойынның үздік ойыншы атағын Дәутқан Мадина жеңіп алды.

   3. Eguilibrio – мақсаты: кітапшадағы үлгідегі 3D модельдерді қатесіз жасау, кейбір құрылымдарды орындау мүмкін емес болып көрінеді, бірақ  мұқияттылық, жоспарлау мен ұқыпты әрекет нәтижесінде фигураларды дұрыс құрастыру.
Күтілетін нәтиже: Визуалды қабылдау, назар аудару, концентрация түйінді ой және мәселені шешу қабілеттерін дамытады.
Бұл ойынға төрт ойыншы қатысады. Ойынның үздік ойыншы атағын Серікқазина Самира жеңіп алды.

4. Q-bitz – мақсаты: Ойын онаушылар кубтарды қолдана отырып ойын карточкаларының үстіндегі үлгілерді қайта жасау.
Күтілетін нәтиже: Ақыл-ой, визуал мұқияттылығы, бөлшек-бүтін және пішін-жермен қатынасы, бар нәрсені қайталау және басқа жерге көшіру, қайталау дағдыларын жетілдіреді.
Бұл ойынға екі топ, әр топта төрт ойыншыдан сегіз ойыншы қатысады. Ойынның үздік ойыншы атағын Халел Аружан жеңіп алды.

   5. Reversi —  мақсаты: ойыншы жүрген сайын қарсыласының бір немесе одан да көп тасын иеленуі керек. Қарсыластың тасын иелену үшін тасты көлденең немесе тік қоюы қажет. Егер бір қатарда 1-ші ойыншының екі тасы болса және олардыңарасында қарсыласының тасы тұрса қарсыласының тасы 1-ші ойыншының тасы түстес тасқа өзгереді.
Күтілетін нәтиже:
Бұл ойынның логикалық ойлау қабілетін жақсартады, мәселені шеше білуде, біліктілікті арттырады.
Бұл ойынға төрт ойыншы қатысады. Ойынның үздік ойыншы атағын Байтокова Мадина жеңіп алды.

  6. Pentago – мақсаты: таңдаған өз түсіңізден кез келген 5 тас арқылы түзу, көлденең немесе қиғаш сызық жасауыңыз керек.Стратегиялық даму, мәселелерді шеше білу, жан жақты терең ойлау және көру қабілеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже:
Байланыс құра білу, мәселелерді шешу, математикалық ойлау, назар аудару қабілеттерін дамытады.
Бұл ойынға төрт ойыншы қатысады. Ойынның үздік ойыншы атағын Меліс Сымбат жеңіп алды.

 

Аубакиров Айдынбек Серикович

Семей қаласы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ