Енді Qaztest олдимпиадасының марапатын алу өте жылдам

2
2397

     Жағымды жаңалық!

Енді Qaztest олимпиадаларының марапаты тестілеуден өткеннен кейін 15 секундтың ішінде электронды поштаңызға жіберіледі. Сонымен қатар марапаттар өзіңіздің жеке кабинетіңізде де сақталады.

«SKILLS ACADEMY» мекемесі Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайтында ІІ республикалық «Үздік сынып жетекшісі» олимпиадасын ұйымдастыруда. Олимпиадада сынып жетекшілерінің біліктілігін жан-жақты анықтау үшін тест сұрақтары беріледі. Олимпиада Qaztest.kz сайтында өтеді.

Өткізілу уақыты: 21 қаңтар мен 22 ақпан аралығы. Олимпиада бір кезеңнен тұрады. Бірінші кезең нәтижесімен жүлдегерлер анықталады. Ең үздік нәтиже көрсеткен 20 ұстазға стипендия тағайындалады.

Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайты – 2017 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Ең үздік білім сайты» аталымының жеңімпазы атанды. Сайт №17359-СИ тіркеу куәлігімен ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне тіркелген.

Мекеме байқаулары ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 24 мамырдағы №226 бұйрығының конкурстар тізбесіне 257 жолға енгізілген.

Олимпиаданың марапаттау рәсімі
Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі 25 ақпан күні сайтта жарияланады. 17 баллдан жоғары балл алған қатысушыларға І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом беріледі.

Орын ұпайлары
І орын – 25-23 ұпай
ІІ орын – 22-20 ұпай
ІІІ орын – 19-17 ұпай

25 ұпай алған қатысушыларға «Құрмет грамотасымен» марапатталады. Ал олимпиаданың нәтижесінде уақыт көрсеткіші бойынша ең жоғары нәтиже алған 20 ұстазға 10 000 теңгелік бір реттік стипендия тағайындалады (Егер мекеме ұстаздарының көрсеткіші жоғары болған жағдайда бір ұжымнан 2 ғана адам стипендия алады).

Олимпиада 22-ші ақпанға дейін жалғасады.

2 ПІКІРЛЕР

  1. САЛАМАТСЫЗ БА «ҮЗДІК СЫНЫЫП ЖЕТЕКШІСІ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ СҰРАҚТАРЫ ШАМАМЕН ҚАНДАЙ БОЛЫП КЕЛЕДІ? ҮЛГІСІ БАР МА? СҰРАҚТАРЫНЫҢ? ЕГЕР ҚАТЫССАМ ЖАУАП БЕРЕ АЛАМЫН БА ДЕГЕН ОЙ. МЫСАЛҒА ҚАНДА СҰРАҚ? БІР СҰРАҚ

  2. Қайырлы күн! Педагогика және психология, тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесі пәндерінен сұрақтар болады. Қиыншылығы орта деңгейде. Қатысып көруіңізге болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ