Өлеңнен бұрымын өрген ұстаз

0
1635

Мен, Ташпулатова Камола Режаматовна, 1993 жылы 5 қыркүйек Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Бадам-1 елді мекенінде дүниеге келдім. Ұлтым өзбек. 2000-2006 жылдар аралығында ОҚО., Сайрам ауданы Бадам – 1 елді мекенінде орналасқан №21 орта мектепте оқыдым. 2006 жылы өз еркіммен Сайрам ауданы, Комунизм елді мекенінде орналасқан № 98 шағын жинақты жалпы орта мектебіне ауыстым. 2011 жылы дәл сол аталған мектепті жақсы бағалармен тәмамдадым.

2011 жылы теміржолшы болу үшін Шымкент қаласында орналасқан М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Шымкент көлік колледжіне мемлекеттік грантпен оқуға түстім. 2014 жылы сол колледжді үздік бітіріп, аталған колледжге оқу бөлімінің маманы болып жұмысқа орналастым. 2014 жылы кешенді тест тапсырып Шымкент қаласында орналасқан Қазақстан инженерлік- техникалық педагогикалық Университетіне оқуға тапсырдым. Қазіргі таңда жұмысты да, оқуды да қатар алып жүрмін.

Қарапайым отбасының қызымын. Ата анам бар: Әкем Ирисов Режамат Хаджиметович. ТОО «Береке» корпарациясында шофёр болып жұмыс істейді. Анам Ирисова Жанат Аярбековна. Анам үй шаруасымен айналысады.

Өзім отбасылымын. Екі ұлым бар. Жұбайым Ташпулатов Зикрилла Сапарматович. Білімі орта, жеке кәсіпкер. Ұлым Сапарматов Жасур Зикриллаұлы. 3 жаста. Ұлым Сапарматов Рузыкул Зикриллаевич. 1 жаста.

Қосымша мәліметтер: казақ, орыс тілдерін жетік білемін. Ағылшын тілін үйреніп жүрмін. Компьютермен, интернетпен жақсы жұмыс істей аламын.

Жан құрбыммен сырласу!

Жан құрбым кел, отыр сырласайық,

Жаңа өмір бастауға кетер болсаң.

Өз еркіңмен бақыт тауып өтер болсаң,

Мен саған өз ойымды айтар болсам.

Жан құрбым өмір жолы тылсым сырлы,

Дауылы бар, білер болсаң, жаңбыры бар.

Үйленуден, үй болуда қиын екен,

Егер саған өз ойымды айтар болсам!

Жан құрбым, үй болуды ойын білме,

Еркелігін қалсын үйде еркін жүрме,

Сол үйіңнің қамын ойлап түсін түстеп,

Енем деме анам де бастан сенде.

Сенің құрмет ізгілікке тартар жолын,

Осы жолдан басталғанын білгін сенде!

Сол үйіңе сіңіп судай, тастай батып,

Ұрпағына жалғау орнат сол үйіңде.

Атам деме, әкешім де қалсын толып,

Келін емес, ол үйіне қыз келді деп,

Ұрпағымды жалғастырар із келді деп,

Толсын онын шаңырағы бақыт, нұрға,

Толсын оның шаңырағы шаттық, жырға.

Қайын әпкең болса оны әпкендей көр,

Қайынсіңілің болса оны сіңліңдей көр,

Егер олар жат-жұрттық боп кеткен болса,

Келген кезде күтіп алғын шат күлкіңмен.

Қайын інің болса сенің сол үйлерде,

Атын атама! Салтты сақта сен қазақтың,

«Мырза жігіт» «кенже бала» деп атағын.

Олда қалсын, сондай жары, болсыншы деп.

Жан құрбым біраз сырды шертіп алдық,

Ата –бабам айтқан жолмен жүріп алдық.

Осы айтқан, салтымызды сақтар болсаң,

Осы айтқан, ойымды менің жаттар болсаң,

Өмірдің сан асуынан өтерсің сен,

Бақытты боп, мұратына жетерсін сен.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ