Олимпиада үздіктері марапатталды

1
1066
Иллюстрация: Freepik.com

Желтоқсан айында ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты атанған Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті  3 олимпиада ұйымдастырды. Олар: І Республикалық «Абай әлемі және рухани мұрасы», І Республикалық «Жас интеллектуал»  және V Республикалық «Үздік тәрбиеші» қашықтық олимпиадасы. 

І Республикалық «Абай әлемі және рухани мұрасы» қашықтық олимпиадасына колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері және 5-11 сынып оқушылары қатысты.  Ұстаздар арасында ең жоғары ұпай жинаған 10 қатысушыға «Абай жолы» роман-эпопеясының  төрт томдығы сыйға берілді және 24, 25 ұпай алған барлық қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Ал оқушылар арасында ең жоғары ұпай жинаған 30 қатысушыға «Жас Абайтанушы» төсбелгісі мен Абай Құнанбайұлының қара сөздері сыйға берілді және 24, 25 ұпай алған барлық қатысушылар «Жас Абайтанушы» грамотасымен марапатталды.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Боровской облыстық санаторлық мектеп – интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әкімшілігі «Үздік педагог» және «Абай әлемі және рухани мұрасы» олимпиадасында үздік деп танылып, «Үздік ұжым» кубогы мен плакеткасының иегері атанды. Олардың айтуынша, қашықтық олимпиада жоғары деңгейде өтті. Qaztest.kz сайты ұйымдастыратын олимпиадалар жалғасын тауып,әлі де үздіктерді анықтауы керек.

«Боровской облыстық санаторлық мектеп – интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ал, Танатова Ақнұрдың айтуынша, олимпиада сұрақтары ұлы ақынның барлық өмірін қамтыған. Берілген тапсырма жас Абайтанушыға еш қиындық тудырмапты.

Танатова Ақнұр, жас Абайтанушы

Абай Құнанбайұлының шығармашылығын жақсы көремін және күнде оқимын. Карантин болса да, осындай шығармашылық олимпиаданың өткізілгеніне қуаныштымын. Олимпиада менің  білімімді шыңдауға  үлесін қосты, — дейді жас Абайтанушы. 

 

І Республикалық «Жас интеллектуал» қашықтық олимпиадасында ең жоғары ұпай жинаған 35 қатысушыға «Оқу озаты» төсбелгісі берілді және 24, 25 ұпай алған барлық қатысушылар «Жас интеллектуал» грамотасымен марапатталды.

Олимпиада жеңімпазы Амантай Азаматтың айтуынша, қазір қашықтан өтетін олимпиада көп. Десек те, ойға бірінші түсетіні — Qaztest.kz.

Ол “Жас интеллектуал” олимпиадасында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар 35 өреннің қатарында болып, «Оқу озаты»  төсбелгісімен марапатталғанына қуанышты.

Амантай Азамат, Оқу озаты

«Білекті бірді, білімді мыңды жығар» дегендей, аталған олимпиадаға қатысып, өздерінің білімдерін дәлелдеп, оза шапқан замандастарымды да төсбелгілерімен шын жүректен құттықтаймын! Осы күні талай жас өрендердің бойында білім отын жағып отырған Qaztest.kz сайтының ұйымдастырушыларына үлкен алғыс айтамын!, — дейді оқу озаты. 

 V республикалық «Үздік балабақша тәрбиешісі»  олимпиадасы 2 кезеңнен өткізілді. Әр кезеңде 25 сұрақтан, жалпы 50 сұрақтық тест тапсырмалары берілді. Іріктеу кезеңінен 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушылар ақтық кезеңге жолдама алды. Олимпиада ержесіне сәйкес ақтық кезеңде 17 ұпайдан жоғары алған 30 тәрбиеші олимпиада жүлдегері атанды.

Олимпиада жеңімпазы, «Болашақ» бөбекжайының тәрбиешісі Нарбекова Дананың айтуынша, олимпиада әділ өтіп, нағыз үздіктер анықталды.

Нарбекова Дана, үздік тәрбиеші

Олипиадаға қатысатын кезде, тегін төсбелгі бермейтін шығар деген күдік болды. Жеңімпаздар тізімі шыққанда қатты қуандым. Марапатым Қазпошта қызметі арқылы келді және қатысу жарнасынан басқа ақша төлемедім. Ұстаздар қауымы олимпиада арқылы өседі және тәжірибе жинақтайды, — дейді үздік тәрбиеші.

 

Ал, «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі Нурмухаева Ақсамал олимпиада арқылы тәрбиешілер өз мүмкіндігін көрсете алғанына қуанышты.

Нурмухаева Ақсамал, үздік тәрбиеші

Сапалы төсбелгі мен куәлік жас тәрбиешінің жұмысқа деген ынтасын арттырып, беделін де үстем етеді.. Ұстаздың беделі — білім сапасының кепілі, — дейді үздік тәрбиеші.

 

 

 

Qaztest.kz және  Martebe.kz ұжымы марапат алған жеңімпаздарды шын жүректен құттықтайды!  Елімізде білімді, парасатты, дана шәкірт саны көбейе берсін! 

Құрметті ұстаздар қауымы! Білімнің құнарлы нәрін шәкірт бойына сіңіру жолында ешқашан шаршамаңыздар! Ел ардақтысы бола беріңіздер! Әрқашан еңбектеріңіз еленіп, биік белесті бағындыра беріңіздер!


1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ