Олжаға толы сапар, естен кетпес Стамбул күндері

0
1213

«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні ғаріп» дегенді халқымыз бекер айтпаған. Қашан да білімі бар жанды жарқын болашақ күтеді. Ал жарқын болашақтың иесі – бүгінгі жастар. Ел ертеңі де сол жастардың қолында. Қазақстан жастарының бәсекеге қабілетті, білімі мен біліктілігі жоғары болып қалыптасуы үшін барлық жағдай қарастырылған. Тіпті, жоғары білім алуға ниетті жастардың дамыған шет мемлекеттердегі алдыңғы қатарлы университеттерде оқуына да мүмкіндік бар. Міне,  осы мүнкіндік маған да бұйырды.

2019 жылдың 24 науырыздан 4 сәуір аралығында Түркия Республикасы Стамбул қаласындағы Стамбул Университетінде ғылыми іс-тәжірибеден өтіп, Стамбул университетінің Тарих факультеті, Тарих бөлімінің меңгерушісі, профессор Абдоллах Қызылшиктің дәріс-семинарларына қатысып, диссертация жұмысымызға байланысты таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Халықаралық тәжірибені байыту төңірегінде жыл сайын студенттер, магистранттар, PhD докторанттары, МВА тыңдаушылары шетелдегі жоғары оқу орындарында қысқа мерзімді ғылыми тағылымдамадан өтеді. Осы тұрғыда менде шетелдегі ғылыми тағылымданы ойдағыдай өткіздім. Магистірлік диссертация тақырыбым «Джадидизм ұлттық және ағартушылық идея ретінде: теориялық және практикалық аспектілері (ХІХ ғасырдың соңы мен хх ғасырдың басы)» бойынша біраз мәліметтерге қол жеткіздім.

Ғылыми тағылымнама барысында Стамбул Университетінің Орталық кітапханасына барып ондағы ғылыми кітап қорымен танысып, өзімнің диссертация жұмысыма байланысты библиографиялық тізім жасадым. Стамбулдың Атиф Эфенди кітапханасына барып, электронды каталогпен жұмыс жасадым.

Тағылымнама барысында магистрлік диссертациямызға байланысты университеттің материалдық-техникалық базасы таныстырылды. Магистрлік диссертация тақырыбым бойынша Ṣadr-al-Din ʿAyni, “Jallodoni Buḵoro” (Jallādān-e Boḵārā), Kulliyot (Kolliyāt) I, Stalinabad (Dushanbe), 1958, pp. 101-82. Abd-al-Raʾuf Feṭrat, Monāẓara-ye modarres-e boḵārāʾi bā yak nafar farangi dar Hendustān dar bāra-ye makāteb-e jadida, Istanbul, 1911. Mahbuba Qodirova, Shoira Anbar Otin, Tashkent, 1991. Осы еңбектерден маңызды деректер алдым. Сонымен қатар, кафедраның ұйымдастыруымен, арнайы ғылыми семинарға қатысып, оқытушы-профессорлардың баяндамаларын тындадым. Стамбул қаласындағы ірі тарихи орындарға арнайы мұражай карточкаларын сатып алып, Айя-София мешітіне, Сұлтан-Ахмет мешітіне, Топқапы сарайына, Долмабахче сарайына, Стамбул қаласындағы Археология мұражайы мен Мозайкалар мұражайына экскурсия жасадық.

Стамбул университеті тарапынан ғылыми тағыпымнамадан өткенімізді растайтын сертификат табыс етілді. Ғылыми тағылымнама нәтижесінде жаңа материалдармен танысып, диссертацияға қатысты мәліметтер қоры толықтырылды.

 

Орымбай Қымбат Бақытқызы

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2-курс магистранты

Жетекші: Сұлтанғалиева Гүлмира Сәлімжанқызы

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор


ПІКІР ҚАЛДЫРУ