Омонимдердің жасалу жолдары

0
6141
Иллюстрация: Freepik.com

Омонимдер –дыбысталуы бірдей, бірақ ұғымы басқа–басқа бір алуан сөздер

  • Мысалы: Ас сөзінің  бірнеше мағынасы

Омонимдердің жасалу жолдары

  1. Семантикалық даму нәтижиесінде пайда болған омонимдер
  2. Сөздердің әр түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырап, дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде пайда болған омонимдер
  3. Түбірлер мен негіздерге омонимдес жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалған омонимдер
  4. Кірме сөздер мен төл сөздердің дыбысталу жағынан сәйкес келу нәтижесінде пайда болған омонимдер
Сөз 1-мағына 2-мағына
Қайшы Бір-біріне қарама-қарсы, кереғар Әр түрлі нәрселерді кесу, қию үшін қолданылатын металл құрал
Бытыра Шашырап, тарап бет-бетімен кету Қорғасыннан жасалған домалақ мылтық оғы

Семантикалық даму нәтижиесінде пайда болған омонимдер — қоғам              дамуы барысында көп мағыналы сөздердің арасындағы семантикалық байланыстың жойылып, омонимге айналуы.

Сөздердің әр түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырап, дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде пайда болған омонимдер-сөздер даму барысында дыбыстық құрамының өзгеріске ұшырауы нәтижесінде бір сөздер келесі сөздермен дыбысталу жағынан сәйкес келу нәтижесінде жасалған омонимдер

Бастапқы сөз Өзгерісі Пайда болған сөз Мағынасы
Егер «Г» әріпінің түсіп қалуы Ер 1.Ат әбзелі

2.Еркек, батыр

Сығыр «Ғ» әріпінің түсіп қалуы Сиыр 1.Төрт түлік малдың бірі

2.Ығыстыру, жинау

 

Сөздердің әр түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырап, дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде пайда болған омонимдер

Бастапқы сөз Өзгерісі Пайда болған сөз Мағынасы
Баш “Ш”- ның “С “-ға өзгеруі Бас 1.Адамның дене  мүшесі

2.Етістік(басу)

Бәңгү “Б”-ның “М”- ға айналуы Мәңгі 1.Өмір бақи, үнемі, ылғи

2.Мәңгіреп басы ауу

 

Түбірлер мен негіздерге омонимдес жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалған омонимдер

Жұрнақ Пайда болған сөз Мағына
-ыс, -іс, -с Қатына+с = Қатынас 1.Қарым-қатынас, байланыс, аралас

2.Ортақ етіс мағынасында

-ық, -іқ,-қ Жап+ық = Жабық 1.Ашық емес. жабулы

2.Үзік пен туырлықтың қосылған жері

3.Қамығу, көңілсіздену

-ын, -ін, -н Жал+ын = Жалын 1.Оттың лапылы, ыстық қызуы

2.Өтіну, жалбарыну

Жайл+у = Жайлау 1.Малдың жазғы жайылымы

2.Екпіні ақырындау, баяулау

 

Кірме сөздер мен төл сөздердің дыбысталу жағынан сәйкес келу нәтижесінде пайда болған омонимдер- бір тілден екінші тілге дыбыстық құрамы өзгеруі жағынан енген сөздер

Тіл Сөз өзгерісі Мағына
Араб -қазақ Ғайд-айт 1.Діни мейрам

2.Сөйлеу, пікір білдіру

3.Итті айдақтау

Иран-қазақ Арра -ара 1.Ағашты кесу құралы

2.Бал жиатын жәндік

3.Екі орта, аралық

Орыс+қазақ Счет-шот 1.Ағаш шабатын құрал

2.Есепті тез шығару үшін пайдаланылатын қарапайым құрал

 

Омоним түрлері

Жалған омонимдер-қазақ тілінде омонимдерге ұқсайтын, бірақ табиғаты мүлде бөлек құбылыстар.

 

Ұқсас материал:

  1. Синоним туралы түсінік. Оның мағыналық реңктері
  2. Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (І нұсқа)
  3. Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (ІІ нұсқа)
  4. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?
  5. Эс­се жә­не оның түр­ле­рі
  6. Қазақ тілі бойынша тақырыптық тест сұрақтары
  7. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  8. Қазақ әдебиетінен ҰБТ сұрақтары (ІІІ нұсқа)
  9. Шешендік өнер тарихы
  10. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  11. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  12. Қашаған Күржіманұлының өміріне байланысты тест сұрақтары
  13. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ