Синоним туралы түсінік. Оның мағыналық реңктері

0
15865
Иллюстрация: Freepik.com

 Тұлғасы басқаша болғанмен, мағынасы бір-біріне жуық, бірінің орнына бірі қолданыла беретін лексикалық бірлікті синонимдер деп атаймыз.

Синоним сөзін грек тілінен (synonimon) аударғанда «қатар атау»деген мағынаны білдіреді. Тілдегі синонимдер – сөз қорының асыл қазынасы. Өйткені тілдің бай да оралымдылығы, оның сөздік құрамының қандай дәрежеде  дамып  жетілгені  синонимдер арқылы айқындалады.

Кез келген тілдің  көне заманнан бергі даму тарихы, лексикалық, грамматикалық жағынан жетіле түсуі оның сөздік құрамындағы синонимдік қатардың молайып, толығып, тармақтанып  отыруымен тығыз байланысты.

Синонимдердің нәзік стильдік реңкі, экспрессивті-эмоционалды бояуы оны орнымен  қолданғанда, басқа сөзбен тіркесе айтылуынан  да байқалады. Көп  ғасырлық  бай, әдеби  дәстүрі бар  халықтың лексикалық, морфологиялық  жағынан дамып жетілген тілдің көрінісі ондағы қалыптасқан синонимдік бірліктердің әр алуандығымен, оның лексико-семантикалық жүйесінің күрделілігімен айқындалады.

Соған орай синоним сөздер сөз байлығының құнарлы бір саласы болуымен қатар, әр халықтың ұлттық  таным-түсінігін, болмысын да танытады. Әдетте сөз логикалық  дәлдігімен, ойлаған ойдың реңктерін өз бояуымен нақты көрсете алса ғана мәнерлілік сипатқа ие болады. Мазмұн мен мақсатқа  сайма-сай лайықтап алынған  сөздер ғана мәнерлі деп танылады. Сөз де қиюластырып қалаған кірпіш сияқты шеберлікті  керек етеді. Шешен де шебер  сөйлеудің  бір ұшы-тілдегі синонимдерді  қисынын  келтіріп, реңкін  айқын ажыратып, тап басып, орнымен үйлестіріп жұмсай білуде.

Тілдің табиғатын айқын сезініп, синонимдерді таңдап, талғап пайдаланып, сөйлем ішінде дұрыс қолданудың күнделікті қарым-қатынаста айрықша маңызы бар. Лексиконы синонимге бай адам сөз мағыналарының нәзік реңктерін дөп басып, қолдану шеберлігінің арқасында шешен сөйлеп, ойын анық та тартымды жеткізе біледі. Демек, синонимдер — тіл байлығы дегенде біз сөздердің жеке тұрғандағы жай тізбегі деп түсінбейміз, олардың кең қолданысқа түсіп, көңілдегі көрікті ойды мүлтіксіз шебер жеткізудегі мәнді қызметін айтамыз.

Қазақ тілінде синонимдерді  жинастыру, сөздік жасауға әзірлеу, жүйелі зерттеу өткен ғасырдың елуінші жылдары қолға алынған. Синонимдерге қатысты кандидаттық диссертациялар мен басқа да зерттеу жұмыстары жазылды.  Мәселен, Ф.Оразбаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер» (1988), М.Серғалиевтың «Етістікті сөз тіркестерінің синонимиясы (1991) деген зерттеулер жарық көрді.

Ә.Болғанбаевтың «Қазақ тіліндегі синонимдер» (1970) атты монографиясы қазақ тіл білімінде синонимдерге  қатысты  іргелі  зерттеу еңбек болып табылады. 1962 жылы тұңғыш рет  жарық көрген «Қазақ тіліндегі синонимдер сөздігі» құнды лексикографиялық еңбек болды, екінші рет 1975 жылы қайта басылды. Кейінгі толықтырылып басылған синоним сөздіктердің негізіне осы еңбек негіз болғанын айту керек.

Кемінде екі сөзден құралып, белгілі ұғымды білдіретін мәндес, мағыналас сөздердің жиынтығы синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп  аталады. Әрбір  қатарда  бір  сөз басқа синонимдерге қарағанда басым айтылып, басқа сөзді өзінің төңірегіне топтауға негіз болады. Ондай сөздер синонимдік доминант (ұябасар, негізгі) деп аталады. Мысалы, талап – ықылас, жігер;  ақыл – ес, сана, ой;  іріктеу – сұрыптау, таңдау;  ахуал – хал, жағдай, тұрмы;  мәлімет – мағлұмат, ақпар, дерек;  қағида – тұжырым, ортақ заңдылық, тиімді – пайдалы, қолйлы, ыңғайлы;  жұмыс істеу – іс істеу, еңбек ету;   мүдде – мақсат, тілек, арман;  ақпарат – хабар, жаңалы;, заңды – заң жүзінде, заң бойынша, құқық – ерік, бостандық, т.б.   

Синонимдердің стильдік мәні неше алуан функционалдық стильде қолданылумен тығыз байланысты. Тіліміздегі синонимдердің мынадай стильдік реңктері байқалады:

Мағыналық синонимдер дегеніміз —  әр сыңарының жеке дара өзіне  тән мағыналық реңкі бар,  стильдік  жағынан шектелмейтін,  жалпыхалыққа түсінікті,  тілдің барлық  саласында  емін-еркін  қолданылатын,  бейтарап  сөздер есебінен түзілген синонимдер шоғыры.  Мысалы, Жығылу мен құлау синонимдері  бір  ұғымды  білдіргенмен,  мағынасы  жағынан  бір-бірінен ажыратылады.  Жығылу етістігі семантикалық тұрғыдан  тек адамға, жанды затқа ғана қолданылса,  құлау етістігі жанды да жансыз да затқа қатысты  қолданылады.

Стильдік синонимдер дегеніміз сыңарларының  біреуі  функционалды стильдік тармақтарда   кеңінен қолданысқа ие болса, екіншісі  белгілі бір стильдік тармақта ғана шектеліп қолданылатын синонимнің түрі.   Мысалы  зәуілім  мен биік синонимдерін алатын болсақ:  биік үй, биік қабырға, биік баспалдақ, биік дарбаза, биік қоршау, биік ағаш, биік мұнара,  биік жартас сияқты көп сөздермен тіркесе алса, зәуілім мұнара, зәуілім жартас түрінде стильдік жағынан дұрыс тіркес құрай алмайды.

     

Мағыналық-стильдік синонимдер дегеніміз —

Ұқсас материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ