Қош бол, Әліппем! (сценарий)

0
2410
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Қош бол, Әліппем!» атты әліпемен қоштасу шарасының сценариін назарларыңызға ұсынамыз. Қызықты құрылған сценарийден өз керегіңізді аласыз.

Жүргізуші:

Ұстаздар шығарады кеменгерді,

Бүгінгі ертеңгіліктің куәгері.

Ду қол шапалақпен қарсы алайық,

Бүгінгі салтанат иелерін.

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достасып,

Даярлықпен қоштаспақ!

 

Кіру би: «Я зайчик…»№1

 

Санжар: Жеті жасқа толамыз,

Әдепті бала боламыз.

Қуантып ата – ананы,

Мектепке кетіп барамыз

 

Інжұна: Ана тілін ардақтап,

Ата салтын біз көрдік.

Сурет салып,ән жаттап,

Оқып, жазып үйрендік.

 

Әсет: Оқимыз, білім аламыз,

Болашақ жолын саламыз,

Бақшамызбен қоштасып,

Біз мектепке барамыз.

 

Маруа: Мектепке енді барамыз,

Үлгілі оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз.

 

Бақашар: Мектепке мен барамын.

Кілең бестік аламын.

Ата – анамды  қуантам,

Үлкен  азамат  боламын.

 

Қазына: Мен қайырымды  баламын.

Тек  жақсылық  ойламын.

Кішілерге  қамқормын,

Біріншіге  дайынмын.

 

Асанали: Тәрбие  берген   ұямыз

Тәртіпті  бала  боламыз

Қоштасып  даярлық  топпенен

Біріншіге  барамыз

 

Толғанай: Оқимыз білім аламыз

Үлкен  қадам  жасаймыз

Мектепке оқуға барамыз

Кілең бестік аламыз

 

Дымбілместың келуі (музыка)№2

Дымбілмес: -Ой балалар неге отырсыңдар кеттік ?! Далаға ойынауға шығайық!

Балалар: -Жоқ біз мектепке баратын балалармыз.

Дымбілмес: -Мектеп…. Мектепте не үйренесіңдер?

Балалар: -Сандарды жазуды, әріптерді айтуды т.б. үйренеміз.

Дымбілмес: -Мені де өздеріңнің қатарларыңа қосасыңдар ма?

Балалар:- Иә , біздің қатарымызға қосыл.

Жүргізуші:  — Балалар олай болса әріппен таныстырсақ қалай болады?

Балалар: — Иә, әріптерді қайталаймыз.

Слайд: №1. Әріптер (А,Т,Ә, К)

Шығармашылық жұмыс: әріп жасаймыз ермексаздан. (жасаған әріптері бойынша қысқаша түсінік айту)

Дымбілмес: балалар қандай әріп жасадыңдар? Ол қандай дыбыс?

Балалардың орындауында «Әліппе» әні№3

Жүршізуші: Балалар енді математикалық тапсырмаларды орындасақ қалай болады? Дымбілместі пішіндермен таныстырайық.

Слайд: №2. пішіндер

Шығармашылық жұмыс: пішіндер бояу

Балалардың орындауында «Пішіндер»әні №4

Дымбілмес:-  (қуанады) рақмет балалар мен әріптерді сандарды біліп алдым.

ІІІ бөлім «Балалық шаққа саяхат!». слайд

Олай болса біздің балаларымыздың балалық шағынан қазіргі уақыт аралығындағы фото-слайдқа назар аударыңыздар.

 

ІV бөлім. «Ата-ана және мен» сайысы

(қоржын ішінде сұрақтар берілген)

  1. Балаңызға әрқашан  тірексіз бе?
  2. Сабақ оқып, есепке жүйріксіз бе?
  3. Тамағын уақытылы  бересіз бе?
  4. Төзімділікке әр  уақытта  төзесіз  бе?
  5. Сериал көріп  жатасыз  ба?
  6. Ұрып, нұқып үйретуге  барасыз  ба?
  7. Оқыту мұғалімнің  жұмысы  деген  кері  тартпа  сөзді  айтасыз ба?
  8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым  деп  ұрысуға  дайынсыз ба?
  9. Бала үшін балаларды  ұрасыз ба?
  10. Бала үшін асулардан  асасыз ба?

Балалардың орындауында ән «Әке, ана» №5

 

Жүргүзуші: Құрметті балалар сендерді енді даярлықпен қоштасып 1-ші сынып оқушысы боласыңдар,сендер тәртіпті,жақсы оқушы болу үшін маған қандай уәде бере аласыңдар?

Ендеше балалар, ойын ойнайық! Ойынның аты «Иә, жоқ» деп аталады.

  1. Мектепке біз барамыз ба?
  2. Кілең бестік аламыз ба?
  3. Айтқан тілді аламыз  ба?
  4. Ақылды бала боламыз ба?
  5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
  6. Таңертен ерте тұрамыз ба?
  7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
  8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
  9. Екі алғанда жылаймыз  ба?

 

Жүргүзуші: Құшағында жарқалдап

Өтті сәби күндерім

Мектепке барам мен енді

Даярлық топ қош енді

 

1)Батаңды бер Ата-ана

Елдің атын жазамыз,

Жердің атын жазамыз.

Туған тілге тазамыз

Біз 1-ші сыныпқа барамыз

Батаңды бер Ата-ана (үлкен кісіден бата сұрау)

Билейді біздің балақан

Қол соғайық алақай

Вальс биін тамсана

Тамашалап алайық!

Вальс №6

Ата-аналарына ашық хат беруі

Міне құрметті Ата-аналар,ұстаздар,қонақтар!Біздің бүлдіршіндеріміздің білімдерімен,өнерлерімен таныстыңыздар,сіздерге рахмет айта отырып,біздің бүлдіршіндерімізге өз тілектеріңіз болса білдіріңіздер!

Құттықтау сөздер алғыс хаттар тапсыру.

 

Жаксылыкова Тогжан Нуржановна
Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Сартомар мектебі

Басқа материалдар

Оқи отырыңыз!

«Әліппе» оқу бағдарламасына қайта оралатын болды


ПІКІР ҚАЛДЫРУ