Қоспа түрлері және оларды бөлу әдістері

0
14385
Гомотетия және оның қасиеттері
Күні: Мектеп: Сарықамыс негізгі мектебі
Мұғалімнің аты-жөні: Калуова Венера Аскаровна
Сынып: 5 класс Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы
Қоспа түрлері және оларды бөлу әдістері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) 5.3.2.2.-қоспалардың түрлерін сипаттайды және бөлу әдістерін ұсынады
Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Қоспалардың түрлерін анықтайды

Оқушылардың басым бөлігі: Біртекті және әртекті қоспаларды бөлу әдістерін көрсетеді.

Кейбір оқушылар: Тәжірибе жасау арқылы қоспалардан заттарды ажырата алады.

Бағалау критерийі

Білу

Қоспалардың түрлерін анықтайды.

Қолдану

Біртекті және әртекті қоспаларды бөлу әдістерін көрсетеді.

Синтез

Тәжірибе жасау арқылы қоспалардан заттарды ажырата алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Оқылым: Мәтінді оқи отырып, қоспалардың түрлерін атай алады.

Тыңдалым: бір-бірінің пікірлерін тыңдайды.

Айтылым, жазылым:қоспалардан заттарды ажырату үшін тәжірибе жасай отырып, ерекшеліктерін жазбаша сипаттайды

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:Қоспа,біртекті, әртекті,буландыру, сүзу, тұндыру, магнит.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Менің ойымша бұл қоспа біртекті/әртекті, себебі …

Осы қоспаны бөлу үшін … әдісті қолдануға болады, себебі …

Мен осы қоспаны біртектіге/әртектіге жатқызуға болады, өйткені …

Берілген қоспаны бөлу үшін … әдісін қолдануға болады, өйткені …

Құндылықтарға баубаулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының

Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана құндылығы

Пәнаралық байланыс Тәжірибе жасау кезінде химия және физика кабинеттерінің құрал-жабдықтарын пайдалану, қоспалардың құрамын анықтау кезінде биология және география пәндерінің ұғымдарына негізделу, заттардың қасиеттерін анықтау үшін физика және химия пәндерінің білімдерін негізге алу
Алдыңғы білім Жаратылыстану сабағынын оқушылар таза зат және қоспа заттарды ажырата біледі.
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Дереккөздер, ресурстар
Сабақтың басы

2 минут

Психологиялық тренинг

«Мен суретшімін» тренингі

 

Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

 

5 минут

5 минут

3 минут

3 минут

2 мин

5 минут

5 минут

Екі стақан алу

Біреуіне қант, екіншісіне құм салу. Оқушылар не байқадыңыздар .

Оқушылар:

Екеуіде қоспа бірақ біреуінікі көзге көрінбейді, ал екіншісінікі құрамы көзге анық көрінеді.

Проблемалық сұрақтар

  1. Қоспа неден тұрады?
  2. Оларды бөліп алуға бола ма?

— қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта не өтеміз?

Оқушылар сабақтың тақырыбын құрып, мұғалім дұрыстайды. Оқушылар сабақтың тақырыбын дәптерге жазып, жетістік критерийлерімен танысады.

  1. Бейне жазба көрсету BILIM Land

1 минут Таза заттар мен қоспалар 5 бет

Мәтін тарату. Мәтін оқиды.

Ұғымдарды, терминдерді дәптерге көшіріп жазады.

«Бір сөйлем» оқыған мәтіннен бір сөйлем айтады. Келесі оқушы ол сөйлемді қайталамауы тиіс.

Қолдану .

( «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының

Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана құндылығына негізделген тапсырма )

Берілген мәтіннен қоспаларды тауып, түрлеріне жіктейді.
Біртекті Әртекті
Минералды су, ауа, мұнай, табиғи газ, Тұзкөл, Шаңды дауыл, мәрмәр, гранит, балшық.

Бірін бірі бағалау: Түбіртек парағы арқылы. Мұғалім дұрыс жауаптарын белсенді тақтаға шығарады.

Оқушылар тексеру үшін көршісімен дәптерлерімен алмасады

Бағалау критерийлері: Егер барлығын дұрыс орындаса, тексеруші олардың дәптерлеріне көңілді смайлик жапсырады, егер екі қатеден көп кетсе ренжеулі смайлик жабыстырады.

Кері байланыс: Сонымен әртекті және біртекті қоспалардың айырмашылығы қандай?

— қалай ойлайсыңдар бұл қоспаларды бөлуге болады ма?

ҚОСПАЛАРДЫ БӨЛУ ӘДІСТЕРІ

Гетерогенді (әртекті) қоспаларды бөлу

Қатты зат-сұйық немесе қатты зат-газ жүйесінен тұратын гетерогенді (әртекті) қоспаларды бөлу үшін негізінен мына үш әдіс қолданылады:

    • Сүзу;
    • Тұндыру;
    • Магнитпен бөлу.

Гомогенді қоспаларды бөлу

Гомогенді (біртекті) сұйық қоспаларды бөлу үшін келесі әдістерді қолданады:

    • буландыру (дистилдеу);
    • кристалдандыру (айдау).

Кері байланыс

— Сонымен әртекті және біртекті қоспаларды бөлудің қандай түрлері бар?

— Бөлу әдістеріне қандай мысал келтіресіңдер?

Гомогенді қоспаларды бөлу бойынша бейнежазба көрсету.

BILIM Land Қоспаларды бөлу

Буландыру 5 бет 35 секунд

Кристалдандыру 6 бет 1минут 20 секунд

Синтез.Топтық жұмыс.Топқа бөлу

Тәжірибе атаулары бойынша.

Зертханалық жұмыс

«Май, су және темір,ағаш жаңқалары қосыпасын бөлу»

Мақсаты: қоспалары бөлу әдістерімен танысып, заттарды тазалаудың сүзу, будандыру, магнитке тарту сияқты қарапайым әдістерін меңгеру.

Құрал-жабдықтар: химиялық стакан, шыны таяқша, магнит, шпирц.

Қауіпсіздік техникасы: Шприц пен шынымен жұмыс кезінде абай болу керек

Тапсырма: Сіздерге берілген қоспа үлгісін қараңыздар. Қоспаны бөлу әдісін ұсыныңыздар. Тәжірибені орындаңыздар.

Сұраққа жауап беріңіздер:

1. Жұмыс барысында қоспаларды бөлудің қай әдістерін қолдандыңыздар?

Келесі қоспаларды бөлу әдістерін ұсыныңыздар:

1 темір және ағаш жаңқалары
2 су мен май

Дескриптор

-тәжірибенің жасалу ретін пайымдайды;

-тәжірибеге керек ресурстарды біледі;

-тәжірибе жасай алады;

-тәжірибенің жасалу барысын дәптерге түсіріп жазады;

Бағалау: Мадақтау

Жеке жұмыс. ҚБ тапсырмалары

Жетістік критерийлеріне тоқталу

Қосымша конверттен шыққан сөзді атын атамай ерекшеліктерін айтып сыныптастарына түсіндіру.

Қоспа

Біртекті

Әртекті

Тұндыру

Магнитке тарту.

Оқулық,

қант,құм, стакан

BILIM Land дискасы

Таза заттар және қоспалар 5 бет

Мәтін

Кесте

Жақсы

 

орташа

 

тұз,

темір,құм, дәнді дақыл, бор, өсімдік майы, ағаш жаңқасы, стакан т.б.

ҚБ тапсырмалары

Сабақтың соңы

3 минут

Үйге тапсырма беремін:

Табиғи қоспаларды бөлу арқылы алынатын таза заттардың өнеркәсіпті және тұрмыста қолдануы туралы 2-3 мысалы келтіріңіз

Рефлексия «Қосу, алу, қызықты»

Рефлексия парағы, стикерлер

Қосымша конверттен шыққан сөзді атын атамай ерекшеліктерін айтып сыныптастарына түсіндіру.

Қоспа

Біртекті

Әртекті

Тұндыру

Магнитке тарту.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ