Оспанова Айдана. «Нұрлы жолмен – болашаққа нық қадам»

1
3332
 \r\n

№181 жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің 8- сынып оқушысы Оспанова    Айдана

\r\n

Жетекшісі: Биманова Майгүл Әбдірахманқызы

\r\n

 
Тақырыбы: Нұрлы жолмен – болашаққа нық қадам
 
Жоспары:
 
Кіріспе:
 
Ұрпақ сабақтастығындағы – Тәуелсіздіктің рөлі
 
Негізгі бөлім:
 
А)Ел және Елбасы
 
Ә)Бейбітшіліктің  қаласы
 
Қорытынды:
 
Болашағы бар елдің…
 
«Қазір әлемде бес-алты ірі әрі өте ықпалды саясаткер бар,
 солардың бірі де, бірегейі  Нұрсұлтан Назарбаев»
                                                                           Әйгілі Маргарет Тэтчер 
 
Ел егемендігін алып көк байрағымыздың көкте желбірап, еліміздің «Қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге танылғанына биыл 23 жыл толтырдық. 23 жыл қазір лезде өте шыққан болып көрінгенімен, әрбір жылдың зілбатпан жүгі бар. Біз бүгінде осынау орасан зор жетістіктің көктен салбырап түсе салмағанын салмақтап-ақ ажырата алатын деңгейге жеттік. Ел тәуелсіздігін алған кезеңді тарихи тұрғыдан қарасақ, елдегі өзгерістердің ауқымдылығы мен тереңдігі жағынан бүкіл бір дәуірге татитындай ауқымды істердің куәсі боламыз. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы тәубә,тәубә ең басты құндылығымыз дер едім.                            
ХХ-шы ғасырдың интеллектуалдық құн­дылықтарын тыңғылық­ты пайымдауы, өткен зиялы ұрпақтың  қамқорлықты күшейтуі, жұртшылықты қоғамның бірлігін нығайту мен жас ұрпақ тәрбиесіне белсенді­лікпен жұмылуы, сол ар­қы­­лы бұдан арғы дамуы­мыздың жалпыұлттық қағида­лары мен стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға шақырған, атап айтсақ ел қамын жеген Алаш қайраткерлерінің түпқазық идеясы – қазақ мемлекеттілігі болмады ма? Ол үшін ата-баба қанын төгіп қорғаған, сақтап қалған, мыңдаған жылдар бойы ешқайда көшпей, тұрақты мекен еткен жерді бөлшектемей, жатжұртқа таптатпау, сатпау, жерден айрылғаның барлық байлықтан, дәулетіңнен, құт-берекеңнен айрылу, өлу, өшу деген сөз; мемлекеттік басқару дәстүрлерді сақтай отырып, алдыңғы қатарлы Еуропа, Америка, Жапония үлгісіндегі қағидаттарға негізделген демократиялық сайлаушылар арқылы жасалған жүйелермен жүру керек десе бұл ретте ешкімнің нәсіліне, жынысына, дәулетіне байланысты шектеу болмай шикізат емес, ұқсатып жасаған, пайда әкелетін өнім шығару мемлекет әрекетінің ең бірінші шарты; қазақ тілін дамыту, оқулықтар, сөздіктер жасау, мектептер, университеттер ашу; өз ақшасын шығару, әскер құрып, елді – мемлекетті қорғау керек болса, ХХІ ғасырға аяқ басқан 1999 жылдың  ел президенті Н.Назарбаевтың «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы деп жариялануы тектен – тек емес еді.                                                                                                                     
      «…Біздің ең жоғары бағалайтын байлығымыз – Тәуелсіздік. Ата-бабамыздың қанымен, терімен келген тәуелсіздікті біз ешкімге бере алмаймыз. Оны қасық қанымыз қалғанша қорғауымыз керек», – деп Президент Н.Ә.Назарбаев нақтылап көрсеткеніндей «Менің арманым, ойым – Қазақстанның мәңгілік болуы. Сондықтан «Мәңгілік Ел» деген идеяны ұсындым. Мәңгілік Ел болу үшін бәрін жасап жатырмыз…  десе  мен бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін Елбасы арқылы Нұрлы жолмен болашаққа білім мен ар – намысымызды арқау етіп нық қадам басып бара жатқанымызды жақсы білемін. Яғни болашақтың жастары мына біздер, бүгінгі бүлдіршіндер мен жас ұландар. Елімізді әлемге танытып, Елбасымыздың жолдауындағы жұмыстарды атқару үшін, алдымен жақсы білім алып, тәлімді тәрбиелі болуымыз қажет.                                                    
Елбасының ерен еңбегінің тағы да бір көрінісі Тәуелсіздігіміз тарихының барлық тағдыршешті сатыларында шешуші болып келуі. Елбасы бірлік пен топ­тас­қандықтың қоғамның ең бас­ты құндылықтары екенін қайта­лаудан ешқашан жа­лықпаған кісі. Елбасының көреген саясаткерлігінің арқасында біз экономиканы көтердік, халықтың әл-ау­қаты нығайды, елдің бо­лашағы айқындалды. Біз 2030 Стра­тегиясының мерзімінен бұрын орындалуына Елбасы мен оның соңынан ерген ел  арқылы қол жеткіздік деп ойлаймын.
       Бүгінде біздің бірлігіміз –  жаңа 2050 Стратегиясын жүзеге асырудың шешуші факторы күтіп тұр. Ең дамыған мемлекеттердің 30-на ену – біздің мақсатымыз және барлық қазақстандықтардың ор­тақ тағдыры. Стратегияда біздің ұлы көпэтносты халқымыздың даналығы көрініс тапқан. Ол біз­дің бітімнің, рухани келісімнің ай­рықша мәдениетінің жоғары қағидаттарынан арқаулық табуы  халықты соған жұмылдырады.
      Мен бұдан Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жария еткен алғашқы сәттен бастап, бүгінгі күнге дейінгі барлық жетістіктеріміз бен көрген жақсылығымыз, дербес мемлекетіміздің қуаттануы мен абаттануы ең алдымен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен, еңбегімен, басшылығымен тікелей байланысты екендігін көремін. Президенттің қазақ халқы алдындағы атқарған қызметі зор, еңбегі ерен. Қиын күндер артта қалып, өркениетке, өрелі дүниеге көшімізді бастағанда да «а, құдайлап», арқаланғанымыз да кеше еді ғой. Мұның барлығын халық қалай ұмытсын?! Ерім деген ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын?! Елбасы елімен қуатты, елімен еңселі, демек, елі ерін қалап, ері елін қорғап тамаша бір қолдау  тапқан қазақ елін т ә ң і р і м жарылқай гөр.  \r\n Біздің елі сенген, әлем мойындаған, ғаламат күш-жігерлі Нұрсұлтан Назарбаевтай көшбасшымыз бар.Тәуелсіз қазақ елінің Ақордадай «Астана» атты рухани тұғыры бар. Ол бірлігімізді, тірлігімізді әлемге айшықты айғақтап тұр. Астана- тәуелсіздіктің тақ- тұғыры. Қазақ елінің дербес ел болуына орай байтақ та бағалы елден бата алған Нұрсұлтан Әбішұлындай Елбасының ел билігін ұстауы, біз сияқты ұрпақтарының бағы деп білемін. Тәуелсіздік тұғырын тарихи ерлікке жалғастырған Елбасымыздың парасаттылығы, ойшылдығы деп түсінемін. Елорда бірліктің, ерліктің арқасында қарыштап дамудың айқын дәлелін көрсетті, әрі бүкіл әлем назарын өзіне аударды. Астана шын мәнінде қайта жасару және даму жолында тұрған  мемлекеттің келбеті болып саналады. Бүгінгі күні Астананы  әлемнің жиырма қаласымен, Ресейдің алты аймағымен достық және бауырластық қарым-қатынастар  байланыстырады. Астана  қаласы Халықаралық астаналар Ассамблеясына  және ірі қалалардың (МАГ) қатарына қабылданды.  1999 жылы ЮНЕСКО  оған  «Бейбітшілік қаласы» медалін және атағын  берігендігі қазақтың ежелден бейбіт сүйгіш халық екендігін дәлелдейді. Елбасы бастамасымен жыл сайын мектеп мақтаныштарын Астана қаласыны  тегін жолдамамен саяхатқа жіберу жақсы үрдіс алып келеді.Сондай бір бақытты сәт маған да бұйырды.Астанаға аяқ тіреген сәттен бастап менің кеудемді мақтаныш сезімі кернеді.Астана қаласының сәулетінде Шығыс пен Батыстың мәдени ерекшеліктерінің идеясы үйлесімін тапқан.Бұған дейін Астана Еуразияның жүрегінде бой көтергенін Мемлекет басшысы бірнеше рет қайталап айтқан болатын.Барлық нәрсенің: табиғат пен қаланың дамуында, жаңашылдық пен дәстүрдің бірігуіндегі, адам мен қала тірлігінің, техника мен адамның қарым-қатынасындағы үйлесімділігін мен бір сөзбен «Ғажайып» деп атар едім.   Біздің бас қаламыздың нақты даму идеологиясы бар, оның мәні Астананы халықаралық ынтымақтастық пен туризм орталығына айналуы,сонымен  қоса «Бейбітшілік», «Мәңгіліктің» қаласы болуы.Мен солай түсіндім.        
Қазақстанның жаңа елордасының көркемдік образы жиырма бірінші ғасырдың сәулеттік стилінің жаңа бағыттарына сай келуі,сонымен қатар Республикамызда тұратын түрлі халықтардың мәдениеті мен этностарының элементтерімен және нысандарымен үйлесім табуы, яғни, қала өзінің көркемдік құрылымы бойынша Еуразиялық кеңістіктегі мәдениет пен халықтардың симбиозын құрауы жүрегіңді тебірентпей қоймайды. Жиырма бірінші ғасырдың сәулеттік дамуының жаңа деңгейіне өтуді біз әлемнің көрнекті сәулет шеберлерін қаланың бірегей және елеулі объектілерін жобалауға тарту арқылы бағындырамыз деп есептейміз. Атап айтқанда, осының бір мысалы заманымыздың көрнекті сәулетшісі Норманн Фостердің жобасы бойынша салынған Бейбітшілік пен келісім сарайы болып табылады.     
 Осылайша, Астананың сәулеті үшін ізденіс, инновация және рухани әлемге саяхат жасау тән құбылыс екендігін. Қазақстанның сәулетшілері өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып Астана қаласын жаңа идеялар мен қала құрылысы Астананы «Ғажайып» алаңына айналдырып жібергендей екен. Астана келешекте Орталық Азиядағы ғылым, мәдениет пен халықаралық ынтымақтастық пен қарым-қатынас орталықтарының біріне айналаған «Бейбітшілік» қаласы болғандығын әрбір Астаналықтар мен Астана қонақтарының еш алаңсыз бейқам жүздерінен  анық байқауға болады.                                                                                                    «Отан отбасынан басталады»  деп айтып кеткен ата-бабамыз. Шын мәнінде, әрбір отбасы өзінше бір Отан. Ол біздің жанымыз жабырқағанда, қаунышқа бөленгенде ішкі тебіреністерімізді бөлісетін және өзімізді ең еркін, жайлы сезінетін баспана, жылы ұямыз. Отбасы шағын Отан. Оның  басшысы отбасының қамқоршысы мен тіреуі – әке. Әке отбасына қатысты бар мәселелерді шешіп, өз отбасының намысын қорғау жолында  бар күш-жігерін салады. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар. Баршамыздың осы ұядан ұшып шығатынымыз шындық. Отбасына деген сағыныштың  жүрек түкпірінде мәңгілік сақталатыны, оның бізді ақ үрпек балапан шағымыздан жылы бауырына басатыны,  бізді мәпелеп, өмірдің қатал заңына тәрбиелейтіні секілді мен де өз отбасымда адамгершілікке, имандылыққа, мейірімділікке, шыншылдыққа, отансүйгіштікке тәрбиеленіп жатырмын.Алға қойған мақсатым Елбасы айтқандай білімді,тәрбиелі болып өз отбасымда алған өнегені, мемлекетімізге қажет мамандық иесі болу арқылы өз отанымның белді азаматшасы болу.Өз отбасымды шағын мемлекет деп қарастырғанымдай, ондағы әкенің ролін мемлекетіміздің елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ешкімді бөле-жармай Қазақстандық барлық балаларды бауырына басып, айналайын деп маңдайынан сипауы бізді Қазақстандық жасұланды еш алаңдамай алға қадам басуымызға жетелейдігімен бағамдап көрейін. 1993 жылғы қарашаның 5-інде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалғанын, содан бері Қазақстандық дарынды аға-әпкелеріміз шетелдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында  сапалы білім алып, алған білімдерін  еліміздің дамуына, жарқын болашаққа  жұмсап жатқандығынын білемін. Мен де өз дарынымды сол білімді ұрпақтың жалғасы ретінде «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алып  Президенттiң бастамасымен ашылғандықтан да, бұл бағдарлама түлектерiне қарата айтылатын «Президенттiң балапандары» деген бейресми атау қалыптасса  \r\n Ал Елбасының өзi «болашақтықтар» бiр кездесуiнде оларды «менiң достарым» деп атаса мен де 11 сыныпты бітіріп өз білімімді дәлелдеп ел айтқандай Президенттiң балапандарының бірі, Елбасы  айтқандай болашақтықтар «менiң достарым» десе  Президентпен дос болуға,  Ер мен елді жерге қаратпауға  бар күш – жігерімді салар едім…\r\n Елбасы өзінің жыл сайынғы Жолдауын да жылдағыдан ертерек жариялап, тағы да өзіне тән көрегендігі мен кемел ойлы кемеңгерлігін, өз халқына деген шынайы жанашырлығы мен тәуелсіз ел алдындағы ұлы жауапкершілігін тағы да таныта түсті. Біз және бізді қойып барлық дүние жұртының Назарбаевтың алдын болжағыш, ойлы да саналы ақылы мен парасат түйсігінің кеңдігі мен тереңдігіне сүйсініп-ақ келеміз. Елбасының  заманауи ақиқатын өз бабалалары Төле бише толғап айтар, Қазыбек бише кесіп айтар, Әйтеке бише тесіп айтар шешендігі мен кемеңгерлігіне сүйсінеміз. «Нұрсұлтанның нұрлы жолымен» жүріп келе жатқан Қазақстан өз тәуелсіздігінің жиырма үш жылға жетер жетпес уақыт аралығында ғасыр уысына сыя бермес және сол ғасырдың еншісіне бұйыра да қоймаған ғасырлық, тіпті планетарлық істер тындыра білгендігін Адамзаттың жаңа тарихы өз беттеріне алтын әріптермен жазып жатқандығы  тағы да ақиқат! Менің де қолыма қалам алып,жүрегімді мақтаныш сезімі кернеп, тәуелсіздік, отан  жайында жаза бергім келеді, жаза бергім. «Нұрсұлтанның нұрлы жолымен» бастау алған Тәуелсіздік тақырыбын  арқау етер таңнан-таңға асырып жырлайтын жырау да, қиялымен ой кезген суретші де, бұлбұл дауысты әнші де, ойының дұрыс жемісін көретін ғалым да келешек ұрпаққа осы жолдың ақиқат жолы, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заманға бастап апаратын төте жол екендігін өзінше ұғындыруы керек.Еңбек ер атандырады дейді тағы бір өз сөзінде Нұрсұлтан атамыз.Дарындылықтың адам бойында  1 ғана пайызы туа бітсе, 99 пайызы еңбекті қажет етеді екен.Ендеше білім алып еңбектенуден қашпайық жас достар.
Елбасы бізге әрдайым алға қарауды үйретіп келеді. Жалпы қазақ тарихы мен руханиятына тап бір Елбасыдай қамқорлық жасап, жанашыр болған абзал. Және де өзіңнің түп тамырыңды, түп тарихыңды да, өткенің мен бұрынғыңды да тап бір Нұрсұлтан атамыздай білуді де, құрметтеуді де біздің бәріміз де Елбасыдан үйреніп, Елбасыдан өнеге алуға тиістіміз және солай болып өсу Тәуелсіз елдің ұландарының басты міндеті деп қабылдаймыз.Сонда ғана Нұрлы жолмен – болашаққа нық қадам басып бара аламыз.
 
 

1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ