Өзіне сенімді бала өсірудің 10 жолы

0
2114

Әр бала – өз қабілетімен, дене-бітімі, мінез-құлқы, ішкі дүниесімен ерекше жаратылған жан. Бір үйдің балаларының өзі әртүрлі болады, әр баланы өзіндік болмысымен қабылдай білу, түсіне білу, қабілетіне қарай бағыт-бағдар бере білу өте маңызды.
Ата-ананың тәрбиеге деген дұрыс көзқарасыбаласын өзіне сенімді, жетістікті, жан-жақты етсе, жіберген қателері сенімсіздік пен ызақорлыққа, жасықтыққа, өзіне деген салғырттық пен өмірінің мәнсізденуіне әкеп соғуы әбден мүмкін.

Өзіне сенімді бала өсіру үшін мына факторларға көңіл бөлінуі керек:

1. Баланың өз ойын айтуына, ішіндегісін жеткізуіне жағдай жасау.

2. Сөзін бөлмей, көңіл бөле отырып тыңдай білу.

3. Тыңдай салу ғана емес, айтқандарын есту, дұрыс жауап беру.

4. Баладан өз жасына сай әрекеттер күту, мысалы, қонақта 3 сағат қимылдамай отыруын немесе 3 жастағы баланың төкпей-шашпай жеуін талап ету дұрыс емес.

5. Балаға кішкене де болса, жауапкершіліктер жүктеу, орындауына мүмкіндік беру.

6. Баланың ұмтылысын бағалай білу, кейде мақтау, қолпаштау.

7. Баланың үлгерімсіздігі немесе сүрінген жерлерін «сен сондайсың» -деп тұлғалық кемшілігіне айналдырмай, бір саладағы уақытша бір жеңіліс етіп көру және балаға да солай көрсете білу.

8. Мектепте де балаға жеке тұлға ретінде қаралуы, жақсы оқитын балаларды ғана оқшауламай, барлық балаға бірдей ұстаздық етілуі өте маңызды.

9. Баланың қалауын ескеру, кішкентайынан оған таңдау мүмкіндігін беру — келешекте өз пікірінің қалыптасуына себепші болады.

10. Балаға айғайламау, зекімеу, әсте қол көтермеу.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ