Параллельді және тізбекті интерфейстер

0
8001

МАЗМҰНЫ:

1. Интерфейс

2. Интерфейстер: Қандай? Қалай? Не үшін?

3. Параллельді және тізбекті интерфейс

Интерфейс — программалаушылардың кәсіптік тілінде — өзара әрекеттесу «жазықтығы», пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара мәліметтер алмасуын жасақтайтын аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы;

Пайдаланушы интерфейсі — пайдаланушының жүйемен әрекеттестігін жасақтайтын программалық құралдар кешені; пайдаланушы мен жүйе арасындағы байланыс құралы. Мұндай стандарттар программа қызметтерімен операцияларын қолайлы түрде пайдалануды қамтамасыз ететін экран пішімі мен орындалатын командалардың меню құрылымын тағайындайды. Пайдаланушыға арналған компьютермен (программамен) жылдам әрекеттесу тәсілдері, оның мынадай ерекшеліктерін атауға болады: жүйелік объектілерді (файлдар, құрылғылар, терезелер), меню және мәліметтерді бейнелеу үшін пиктограммаларды (белгішелер) пайдалану; объектілерді тандау, белгілі бір іс-әрекетті бастау, терезені ашу және объектілерді жылжыту үшін сілтеуіш құрылғыларды, мысалы, тышқанды пайдалану; экранды жұмыс үстелі немесе басқару тақтасы ретінде пайдалану. Соңғы жылдарда компьютерлік жүйелерді көптеп қолдануда. Басты себептерінің бірі пайдаланушы мен программалық қосымшаның өзара қарым-қатынас интерфейстерінің ролі зор. Жалпы алғанда, интерфейс түсінігі кең мағыналы және компьютерлік технологиялардың әр түрлі салаларында қолданылады. Аталмыш курста қарастырылатын негізгі мәселе — пайдаланушылық интерфейстер және олардың қосымша деңгейінің программалы-аппараттық интерфейстері арасындағы байланыстары болып табылады. Осы мәселеге қызығушылық тек есептеу техникасы мамандарының ғана емес, сонымен қатар эргономисттердің, психологтардың, социологтардың және графикалық жүйелерді жасаушылардың да қызығушылығын туғызып отыр. Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйелердегі көптеген қолданбалы есептерді шешу үшін интерфейсті таңдау мен (немесе) құрастырудағы проблемаларды толығымен, жан-жақты қарастыру қажет. Пайдаланушылық және программалы-аппараттық интерфейстерді құру технологиялары кешенді түрде қарастырылуы тиіс. Интерфейстерді құрудың жалпы принциптері Интерфейсті құрушы өз білімдерін пайдаланушылар жұмысына жағдай жасауға қолдана білуі керек. Ол оның талаптарын қолданбалы міндеттеріне сай қанағаттандырып қана емес, пайдаланушының физикалық және психологиялық сұранысына сай интерфейс жасап шығуы қажет. Адамның психикасының бейімделу мүмкіндігін ескеру керек. Адамдар тез үйренеді, соған карай олардың психологиялық сұраныстары және жұмыс тәсілдері өзгеріп отырады. Компьютер ойындарын жасаушылар көп күштерін адам мен компьютер арасындағы интерфейсті жобалауға жұмсайды, мысалы компьютер ойынының өзі — интерфейс болып табылады. Түр-түс, дыбыс, графиканы

пайдалану кездейсоқтық емес, саналы турде қабылдаған шешімі. Ойындар ішіне бейімделу элементтері кіреді, сол арқылы пайдаланушының ойынға қызығушылығын қолдайды; пайдаланушы ойынға үйренуіне карай, оның дәрежесі жоғарылап, ойын өзгереді, мысалы жылдамдығы өседі. Ойын жасаушылар ақпараттық және программалық құрылғылардың мүмкіндіктерін біліп, сондай-ақ ойлау мүмкіндіктері жақсы болып, шешім шығару кезінде тапқырлық көрсете білулері керек.

XXI ғасыр — ақпараттандыру заманы десек, артық айтылған сөз емес. Қайда қарасаңыз да, ақпараттың шексіз ағыны техникалық құрылғылардың бір түйінінен екіншісіне жоғары жылдамдықпен ағып, адам өмірін мейлінше жеңілдетуге бағытталған. Ал осы ақпараттар ағыны бір құрылғыдан екіншісіне қалайша жеткізіледі? Иә, дұрыс, бұл техникалық құрылғыларды бір «тілде» сөйлету керек. Яғни, қосылу интерфейстері бір-бірімен үйлесімді жұмыс істеп, олар ақпарат ағынының сенімді таратылуын қамтамасыз етуі қажет.

Адам баласын бір-бірімен байланыстыра отыратын «тіркеуіштер», өзара бір-бірімен де байланысады. Осылайша неше түрлі тіркеуіштер (разъем) мен интерфейстер пайда болып, олардың көбісі ақпарат алмасуды қамтамасыздандырса, екінші бөлігі арнайы қызмет атқарады. Бұларды шатастырып алмас үшін санында шегі жоқ интерфейстер мен тіркеуіштерге шолу жасамақпыз.

ӘМБЕБАП

USB

Компьютерге жады құрылғыларымен қатар неше түрлі перифериялық құрылғыларды қосуға, сондай-ақ техникаларды бір-бірімен «сөйлетуге» арналған әмбебап тіркеуіш. USB интерфейсінің топологиясы — «жұлдыз»: бір контроллерге максимум 127 құрылғы қосуға болады. Олардың ішіне хабтар мен концентраторларды жатқызуға болады. Интерфейсте 4 сым болады. Олардың екеуі ақпарат алмастыруды жүзеге асырса, қалған екеуі -құрылғыны қорек көзімен қамтамасыздандырады (5 В 500 мА, батареяны зарядтау тәртібінде 1,8 А). Қазіргі USB 2.0 стандартының үш жұмыс тәртібі бар: Low Speed (10-1500 Кбит/с), Full Speed (0,5-12 Мбит/с) және Hi-Speed (25-480 Мбит/с). Кабелдің максималды ұзындығы — 5 метр. USB тіркеуіштерінің 5 түрі бар. Барлық тіркеуіштер екі топқа бөлінген: компьютерге немесе басқа да портативті гаджетке қосуға арналған А типі, перифериялық құрылғыларда қолданылатын В типі. А типінің екі нұсқасы бар: «қарапайым», Mini-A, және В типінің үш түрі болады екен — «қарапайым»,Mini-B мен Micro-B.

FireWire

Аpple инженерлерінің белсенді қатысумен 1995 жылы пайда болған тізбекті интерфейс IEEE 1394 индексімен белгіленеді. Топологиясы — «құрылғылардың теңдігі», компьютердің қатысуынсыз тікелей 64 құрылғыға дейін қосуға болады. Стандартты тіркеуіште 4 немесе 6 сымды өткізгіш қолданылып, екеуі таратуға, ал қалғаны қабылдауға негізделсе, екінші жағдайда қосымша 2-уі қорек көзімен қамтамасыздандырады. IEEE 1394 (FireWire 400) тарату жылдамдығы 100, 200 немесе 400 Мбит/с жетсе, IEEE 1394b (FireWire 800 нұсқасы 800 Мбит/с-ке) дейін қолдайды. Құрылғылар арасындағы сымның максимал ұзындығы-4,5 м.

Қазіргі стандартта тіркеуіштің 3 типі қолданылады: бейне, фотокамераларда, ноутбуктарда орналасатын 4 контактілі, жады құрылғыларда болатын 6 контактілі, және IEEE 1394b стандартында жұмыс істейтін, сирек кездесетін 9 контактілі тіркеуіштер. FireWire 800 тіркеуіштері FireWire 400 сымдарымен үйлесімсіз, бірақ «баяу» құрылғыларды арнайы жалғастырғыш арқылы FireWire 800-ге қосуға болады.

БАЙЛАНЫС

Ethernet

Онсыз заманауы компьютерді көз алдымызға елестете алмадық. Бұл интерфейс локальді желіге немесе интернетке қосылуға мүмкіндік береді.

Заманауи компьютерлерге орнатылатын желілік платалар әдетте екі стандартқа сай болуы тиіс: жылдамдығы 100 Мбит/с-тік Fast Ethernet пен өткізу қабілеті 1 Гбит/с дейінгі Gigabit Ethernet. Қосылысты жүзеге асыру үшін еспе кабель (дәлірек айтқанда, кабельдердің 4 жұбы) мен стандартты сегізконтактілі RJ-45 разъемі қолданылады..

БЕЙНЕ МЕН ДЫБЫС

D-Sub

Көне тіркеуіштердің «уәкілі». Бірақ, бұған қарамастан ноутбуктар мен ДК өндірушілері осы аналогты тіркеуішті қосымша монитор немесе бейнепроекторды жалғау үшін әлі қолданылып келеді.

DVI

Мониторларды, бейнепроекторларды жалғауға арналған сандық интерфейс. Заманауи ДК-дің бейне платаларында тек осы интерфейс қана қолданылады. Көп жағдайда бұл DVI-I, арнайы жалғастырғыштың көмегімен дисплейдің аналогты қосылысын қолдайды. DVI-D нұсқасы тек сандық ақпаратты ғана тарататындықтан, арнайы жалғастырғышты қоса алмайсыз. Бір сандық жолағы бар DVI интерфейсі (Single Link DVI) 4 еспе баудан тұрып (қызыл, жасыл, көк және clock), шешуі 1920х1080 бейнені тарата алады. Мысалға алатын болсақ, егер сіз 30 дюймдік сұйықкристалды мониторды «сандық» түрде жалғастырсаңыз, сізге шешуі 2560х1600 нүктені қолдайтын

екіжолақты DVI қажет болады(Dual Link). Интерфейстерді ажырату оңай: Single Link-тің ортаңғы алты контактілері болмайды.

Кабельдің максималды ұзындығы бейненің шешуіне тәуелді: бейненің шешуі неғұрлым төмен болса, соғұрлым ұзын сымды қолдануға болады. Сигналды қашықтыққа жіберу үшін арнайы күшейткіштер қолданылады.

HDMI

Жоғары шешудегі бейне мен сандық дыбысты таратуға арналған әмбебап мультимедиалы интерфейс. HDCP заңсыз көшіруден қорғау технологиясын толыққанды қолдайды. 2005 жылы пайда болғаннан бастап, тұрмыстық және компьютерлік техникада кеңінен қолданылып келеді. HDMI 1.3 нұсқасы 10,2 Гбит/с жылдамдықпен жұмыс істеп, 48 битті түстер тереңдігі мен жаңа Dolby HD пен DTS-HD аудиоформаттарын қолдайды. 2009 жылы шыққан тіркеуіштің 1.4 нұсқасы 1.3-тен іштей орнатылған Ethernet арна мен реверсивті аудио арнамен ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер аудио, бейне ақпаратты желі протоколы арқылы таратады. HDMI тіркеуішінің 4 типі бар: DVI-D Single Link пен үйлесімді, 19 контактілі Type A; DVI-D Dual Link-пен үйлесімді 29 контактілі Type B; сыртқы құрылғыларда қолданылатын шағын 19 контактілі Type C; және Type D. Кабельдің ұзындығы DVI-дағыдай бейне шешуіне тәуелді. Стандартты тәртіпте 5, арнайы күшейткіштер арқылы — 50 м, талшықты-оптикалық кабельді қолданған жағдайда — 100 м.

Параллельді интерфейс — әрбір берілетін бит тобы үшін түрлі сигнал желісін (әдетте екілік өкілдік) пайдаланады, және топтың барлық бит бір мезгілде бір уақыт аралығында беріледі. Мысалдар: параллель принтер порты (LPT-порт, 8-биттік), ATA / ATAPI интерфейсі (16 биттік), The SCSI (8 немесе 16 бит), The PCI шинасы (32 немесе 64 биттік); Параллельдік интерфейс үшін компьютерде 25 контактты разьем (DB-25S) орналастырылған. Параллельдік интерфестегі максималды жылдамдық 120-200Кбайт/с аспауы қажет.

Тізбекті интерфейс — бір ғана сигнал желісін пайдалана отырып, биттер бірінің артынан бірі кезекпен жіберіліп отырады. Мысалдар: сериялық байланыс порты (COM-порт), сериялық автобустар USB және FireWire, PCI Express, интерфейстер, жергілікті және ғаламдық желі. Бір қарағанда, параллель интерфейс ұйымдастыру қарапайым және анық, және бит бірден тиражбен беріледі осы интерфейс, жылдам деректерді беруді қамтамасыз етеді. Параллельді интерфейстің айқын кемшілігі — байланыстыратын кабель сымдар мен қосқыштарының үлкен саны (әр бит үшін кем дегенде бір). Тізбекті интерфейсте байланыс кабельдері неғұрлым күрделі болып табылады, бірақ қосылған кабельдер мен коннекторлар әлдеқайда оңай және арзан болып табылады.

Сұрақтар:

1. Интерфейс дегеніміз не?

2. Пайдаланушы интерфейсі жайлы не айта аласыз?

3. Интерфейс түрлерін атаңыз

4. Параллельді интерфейс дегеніміз не?

5. Тізбекті интерфейс дегеніміз не?

6. Тізбекті және параллельді интерфейстің айырмашылығы?


ПІКІР ҚАЛДЫРУ