Парсы өнерінің керемет нақыштары

0
2296

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында Алматы қаласындағы Иран ислам Республикасының Бас консулдығы жанындағы Мәдени өкілдігі және Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ұйымдастыруымен Иран Ислам Республикасы тәуелсіздігінің және Ислам революциясы жеңісінің 39 жылдығы мерейтойына арналған «Иран елінің ұлттық қолөнері » атты көрмесінің  ашылу салтанаты өтті.

Иран Ислам Республикасы – әлемдегі ең көне өркениет ошақтарының бірі, Фирдоуси, Хайям, Саади және Хафиздың Отаны. Иран десе зейінімізде Парсы елінің  салтанатты сәулет өнері, мешіттердің күн түстес күмбездері, көздің жауын алар оюлары мен нақыштары, әсем ыдыс–аяғы мен үй жарақтары, көне сарайлар мен кітап Көрменің көркін келтіріп беттерінің қайталанбас миниатюралары, сурет өнері мен қолөнері қылаң беретіні сөзсіз. Иран мәдениеті мен қолөнері әлемдік өнер мұрасы мен жетістіктері айдынында өзіне лайық орны мен құрметін тапқан және өнер сүйер қауым үшін әрқашан асыға күтетін мерекеге айналған. 

Иран Ислам Республикасының Бас консулы Хамид Реза Аршади мырза: «Иран халқы мен Қазақстан халқы жүздеген жылдар бойы байланыста болған. Қазақстан егемендігін алғаннан кейі бұл байланыстар одан әрі дами бастады. Осыған орай, студенттерге студенттер  Иран мәдениетін таныстыру үшін  Т.Жүргенова атындағы өнер академиясында осы елдің қол өнерінжәне «Шахнаме» дастанына арналған кескін өнерінің көрмесін өткізіп жатырмыз. Екі елдің бір-бірін тануына және мәдени байланысының артуына маңызы зор болмақ деген сенімдемін», — деп айрықша атап өтті. Аталған көрмеде Иран қолөнерінің талантты өнерпаздарының, суретшілерінің, миниатюршыларының, көркем жазу және ағаш өнері шеберлерінің туындылары көрермен назарына ұсынылады. Сонымен қатар көркем жазу өнері бойынша шеберлік сабақтары өткізіледі.

Көрменің ашылу салтанатына Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы жанындағы мәдени өкілдік басшысы Сейед Джавад Джалали Киясари мырза, қазақстандық мәдениеттанушы ғалымдар, өнертанушылар, ұстаздар мен студенттер қатысты.

Көрменің көркін келтіріп, сәнін ашып тұрған көкшіл түсті металл құтылар мен табақшалар «Минакари» стилінде орындалған. «Минакари» – металл мен қыш бұйымдарын арнайы эмальмен безендіретін айрықша ирандық техника. Бірнеше мың жыл бұрын пайда болған бұл техника Иранның мақтанышы болып саналады.

Қазақ және парсы халықтарының арасындағы терең тамырлы қарым-қатынастың жалғасы ретіндегі бұл шара осы елдер арасын одан әрі жақындастырып, Иранның дәстүрлі мәдениеті, өнерімен толығырақ танысуға мүмкіндік берді деуге болады. Көрмеге мозаика, миниатюра, ағаш ою және жазу өнері экспонаттары қойылды.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ