Педагог — шығармашылықпен өзін — өзі дамытушы тұлға

0
1820
Менеджмент қағидасында мектепішілік басқару дағдыларын жетілдіру, педагогикалық квалиметрия әдістері

Тәуелсіз мемлекетімізге терең білімді, ізденімпаз өз бетімен шешім қабылдай алатын, барлық іс — әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын жеке тұлға қажет. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуы қажет. Сол себептен  біздің негізгі мақсатымыз: Тәуелсіз мемлекетімізде болып жатқан оң өзгерістерді насихаттау және жетілдіру.

Тәуелсіздік бұдан асқан құндылық жоқ. Қымбатсың! Оған қол жеткізу үшін талай боздақ құрбан болып, талай қазақ жанын берді. Ата — бабамыз аңсап өткен тәуелсіздік те, ауызбірлік те, тұтастық та бүгінгі егеменді еліміздің еншісіне бұйырды. Оған бәріміз куәгерміз. Бала кезімізде оның қадір — қасиетін түсіне қоймайтын едік.

Бірақ ел болып көк байрағымыз көкке көтерілгенде ата — аналарымыздың қалай қуанғаны есімізде. Есейе келе, дербес өмір сүргеннің қадірін ұғындық қой. Ел болғанымызға, міне, 26 жыл толып отыр. 26 жыл көп те, аз да емес. Бірақта, осы жылдары еліміз біраз белестерді бағындырып, талай жетістікке қол жеткізді. Тәуелсіздіктің басты жемісі осы болар. Мен ойлаймын біз Қазақстандықтар бақыттымыз, осындай тату да ,бірлігі тоғысқан елде тұрып жатқанымыз , мені үнемі Елбасының игі істері және халыққа жолдаған жолдаулары толғандырады. Себебі бойында рухы биік Елбасы барша халыққа тірек те және мақтаныш.

Бірінші сыныпқа бару алғаш арманым еді,титтей кезімнен-ақ қолыма сөмке ұстап, шіркін-ай, мен де оқушы болсам ба едім деп армандадым. Бұл жылдары бес, алты жаста оқушылар мектепке бармайтынды. Ал менің құштарлығымның арқасында әжем бес жасымда бойымның қысқалығына, жасымның кішілігіне қарамастан көңілімді қалдырмай мектепке апарды.

«Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы» дегендей ғажайып дүниенің сырын ашатын, өмірдің қыр-сырын меңгертетін ол- ұстаз. Ұстаз-адамдықтың диқаншысы. Адам тәрбиелеудің, жеке тұлғаны қалыптастырудың бағбаны. Кіршіксіз, пәк сезімді жас ұрпақты арман жолына жетелейтін де, білімнің қия шыңына көтеретін де ұстаз. Ендеше ұстаз білімнің отын жағып, бал-шырын нәрін шәкірт бойына сіңірудің әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген мұғалім болу-адам бойындағы ұлы қасиет. Иә, осы менің балалық арманым болатын.

Мен қарапайым мұғаліммін. Мұратым – білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу. Өскелең ұрпақ қандай болары ол мына бізге байланысты. Жүктелген жауапкершіліктің жүгі жеңіл емес. Оны жеңуге ұстаздар қауымы аянып қалмасы анық. Егеменді еліміздің келешегі жастардың қолында.  Мұны Елбасы да жиі айтады. Бізге білімді, тәрбиелі, инабатты, алғыр, интеллектуалды, ең бастысы ұлт жанды азаматтар керек. Сондай жастар ғана тәуелсіздіктің тұғырын биік ұстап, оны нығайтуға ат салысатын болады. Ал ондай жас — жеткіншектер біздің елімізде өте көп. Демек, ертеңгі күнге сеніммен қарауға болады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру ұстаз атаулыға үлкен салмақ салды. Білім кілті ұлағат иелерінің кең пейілді жарқын бейнесі мен білімдарлығы арқылы шәкірт санасына қалары сөзсіз. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» -деген екен.

Тәуелсіз мемлекеттің ертеңі-ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен білігіне, іскерлігіне байланысты. Өскелең ұрпақты биік мақсаттарға жетелеуді мен де мақсат еттім. Осы міндетті іске асыру тұла бойларындағы дарындылықтарын ашу, сапалы білім беруді көздедім. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей шәкірттерімнің келешегі жөнінде әрдайым ойлап, олардың қабілеттерін шыңдауда түрлі мектепішілік, қалалық , облыстық, республикалық, халықаралық сайыстарға қатыстырамын.

Педагог – зиялы тұлға және мәдениет адамы.

Қазіргі заман талабына сай мұғалім болу ең жауапты, ең күрделі, ең зиялы мамандық болып табылады. Себебі, ол адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған зор жауапкершілікті қажет ететін мамандық.

Қазіргі мектептің міндеттері:

— Алдыңғы ұрпақтың соңғы ұрпаққа жинаған, қалыптастырған мәдени құндылықтарын жеткізу;

— Баланың тұлғасын дамыту;

— Баланың, мектептің әлеуметтік бейімделуі,

Қандай бір әдістермен педагогикалық технологияны пайдаланбасын, баланың рухани жан дүниесіне әсер етуде мұғалімнің өз тұлғасының әсері ерекше. Оқушылардың мұғалім бойындағы ең бағалы деп есептейтін қасиеттері: баланы жақсы көруі, мейірімділік, сезімталдық, әділеттілік, талап қойғыштық, әзіл айта білуі, келешекке сенімділік, іске шығармашылықпен қарау болып табылады. Ал, мұндай қасиеттерге ие болу үшін мұғалім рухани бай, зиялы және шығармашыл тұлға болуы қажет. К. Д. Ушинский: «Оқу орнының талабына көп нәрсе байланысты, ең бастысы тәрбиешінің тұлғасының рөлі ерекше, жас ұрпаққа беретін әсерін оқулықпен, жазалау және мадақтаумен алмастыруға болмайды», — деп жазған.

Педагог – зиялы тұлға. Өзін жинақы, сүйкімді ұстайды. Прогрессивті көзқарастарды алға тартады. Сыни көзқарасы қалыптасқан, ұстамды, өзгелердің пікіріне сыйластықпен қарайды.

Бастауыш мектеп мұғалімі — ерекше тұлға. Өйткені ол — балалар мен үлкендер әлемнің арасындағы сарапшы. Сондай-ақ, ол баланың психикалық құпияларын жетік біле отырып, білім береді, оны адам болуга үйретеді. Бастауыш мектеп мұғалімінің еңбегін өзінің мәнділігі бойынша ешкандай өзге еңбекпен салыстыруға болмайды, өйткені ол еңбектің нәтижесі — адам. Ең білгір. ең жауапты, ең негізгі бояып табылатын сол мұғалімге отбасы мен қоғам ең қымбаттысын, өз елінің азаматтарының тағдырын, оның болашағын табыс еткен. Мұғалімдік қызмет әрбір оқушының, жеткіншек ұрпақтың, қоғам мен мемлекеттің тағдыры үшін жауап беретіндігімен сипатталады. Бүгінгі мұғалім еңбегінің нәтижелері қандай болса, біздің ертеңгі қоғамымыз дәл сондай болмақ. Әрбір адам мен бүкіл халықтың тағдыры тәуелдіздік дәуірінде дәл осындай өзге қызметті көзге елестету қиын.

Қазіргі кезде Қазақстан мектептерінде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі жинақталып келеді. Солардың бірі – педагогикалық үрдісте оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерін  ұйымдастыру. Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжрибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі- оның білімінің шеберлігі ұзақ жолды қысқарту және ол жолдан балалар қиналмай өту үшін керек. Өзгеріске , жаңалыққа толы бүгінгі заман: мұғалімге сегіз қырлы,бір сырлы ерен қасиет иесі болуды міндеттейді.Ұстаз алдында отырған бірі шапшаң,бірі баяу,енді біреулері төмен қабылдайтын ,зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте сақтауы әрқилы шәкірттердің жүрегіне жол тауып, олардың өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерің дамыту күрделі құрылым екені даусыз.

Білім, икемділік, дағды тек өзіндік жұмыстың нәтижесінде қалыптасады. Өздігінен жұмыс істегенде оқушы өз қабілетін, мүмкіндігін біліп еңбегіне қанағаттанады. Еңбектену барысында ой — өрісі, сезімдері тереңдейді, шыдамды, еңбексүйгіш болуға үйренеді.  Қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды пайдалану оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Оқушылардың өзіндік жұмысы- мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушылардың оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әр түрлі танымдық тапсырмаларды орындау талап етіледі.

Осының нәтижесінде оқушылар өздігінінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену, бекіту, қайталап пысықтау және бақылау деп бөлуге болады. Жаңартылған білім беру мазмұнында шиыршық тәрізді жоспарланған сабақ үрдістерінде оқушының функционалды сауаттылығы дамып өмірге деген көзқарастары дамиды. Яғни тәуелсіз елімізде болып жатқан өзгерістерге де мән жай қалмайтыны сөзсіз.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы өз бетінше дамуын  қойып отыр. Оқушының сабақта алған білім, білік дағдыларын одан әрі дамытып,тереңдету,өздігінен жұмыс істеу қабілетін ашу,оқушының өзін – өзі тануына,өзіндік  МЕНІН  оятуға бағдар беру. «Мен өмірде неге қол жеткізуім керек?» деген сұраққа жауап бере алатындай болу керек.

Қорыта айтқанда : Оқушы мектепте алған білімін өмірде  еркін пайдаланып, ержеткенде өмірде өз орнын табатын білімді,тәрбиелі, мамандығын жетік білетін ізгілікті жеке тұлға болуына жас кезінен көңіл бөліп өз бетінше еркін жұмыс істей білуге үйренген дағдыларын іске асыру қажет.

Қазақстан –тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесі тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ –егеменді елдің берік тірегі.

 

Абуева Райса Турлыбековна

СҚО Петропавл қаласы Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның бастауыш сынып мұғалімі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ