Педагогтің қоғамдағы рөлі, ұстаз – қоғамның тірегі

0
4961
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау

C:\Users\7\Desktop\1.jpg

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №174 мектеп – гимназия
Оразбаева Жазира Алтаевна
География пәнінің мұғалімі

Педагогтің қоғамдағы рөлі, ұстаз – қоғамның тірегі

Ұстаз – ұлағатты есім. Қазақта «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген өнегелі сөз бар. Ұстаз — әр адамның бойына ерекше жылулық беретін аяулы тұлға. Ұстаздық ету — тағылымы  терең  өнер, қажырлы еңбек. Нағыз ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбек қажет. Осы қасиеттерді бойына сіңірген адам ғана шынайы ұстаз бола алады. «Шәкіртсіз ұстаз — тұл» деген сөз тегін  айтылмаса  керек.  Дүниедегі  сыйлы  адам да — ұстаз. Себебі,  саналы шәкірт  өнер, білім, әдеп, тәрбие, кәсіп үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санап, ұстазын ардақтап өтеді. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін бұл мамандық иелерінің адал еңбегі өлшеусіз.

«Ұстаз болу — өз  уақытыңды  аямай, өзгенің  бақытын  аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай, балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін.  Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеп, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отырады. Бүгінгі таңда ұстаз беделі асқақатап тұр десек, артық айтқандық емес. Жаңа бағдарлама енгізіліп, ұстаздар өз білім-білік деңгейлерін арнайы тестілеу арқылы дамытып, жетілдіріп келеді. Өйткені, ұстаз — болашақты тәрбиелеп отырған жауапты тұлға.

Адам баласының  ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп  отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің қоғамға ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Қоғамдағы педаготардың негізгі  ғылыми таным  саласы – жас ұрпаққа білім бере отырып, рухани тәрбиелеу. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды, ол — жалпы адам тәрбиесі жайындағы  ғылым. Ал тәрбие — жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі.

Жас ұрпақ тәрбиесі қай  заманда болмасын, уақыт сөресінен  түскен емес. Шығыс даналығында «Бір баланы адам етіп өсіргенше,  бір шаһар апат болады» деген ғажап мағыналы сөз бар. Ал, жеке тұлғаның адамгершілік тұлғасын қалыптастыру үшін аянбай еңбек етіп, қыруар уақыт пен тер төгетін үлкен жауапкершілік қажет. Осы жауапкершілікті қорықпай, өз міндетіне алып келе жатқан халық мұғалімі – жас ұрпақтың рухани дүниесінің мүсіншісі, жанашыры, қамқоршысы. Осы аса ізгі және өте қиын, әрі киелі мамандық ұлағаты артқан  ұстаздан өз өмірін оқу-тәрбие ісіне арнаған тұрақты және шынайы шығармашылықты талап етеді.

Мұғалімнің  сыртқы келбет мәдениеті, өзін-өзі басқару шеберлігі, мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар оқу-тәрбие жұмысының  табиғатына қарай күн сайын  жаңарып, жаңа сипатқа ие болуда. Мұның өзі  қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым  мен техниканың өркендеуінен туындап  отыр. Бүгінгі күннің ұстазы жан-жақты, креативті, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, ізденімпаз болуы тиіс. Сонда ұстаз мерейі үстем, мәртебесі биік болмақ. Ұстазға деген құрмет қашанда алғашқы кезекте тұрмақ, өйткені ұстаз – сенің екінші Анаң! Әріп танытып, сауат аштырған, оң-солыңды ажыратуға бағыт берген ұстаздарымызға деген махаббат ешқашан да сөнбесін дегім келеді…


ПІКІР ҚАЛДЫРУ