Пиардағы IT технологиялар

0
1318

 

Қазіргі заман талабына сай қоғаммен байланыс саласында қалыптасып қалған әдістермен қатар ғаламдық интернет желісі беретін мүмкіндіктерді пайдалануға негізделген технологиялар үлкен мәнге ие.ПР саласы маманының көзқарасы тұрғысынан алғанда интернетті бірінші кезекте коммуникацияның жаңа каналы ретінде қарастыру керек.Барлық коммуникациялық каналдар үлкен екі топқа жіктеледі:табиғи (вербальді және вербальді емес) және жасанды (документальды және электронды).Интернет коммуникацияның жасанды электронды каналына жатады.

Коммуникацияның жасанды каналдарының пайда болуы,олардың санының ұдайы артуы мен ақпаратты берудің техникалық әдістерінің күрделенуі,сонымен қатар табиғи каналдардың маңызының азаюы фиксацияланған тарихи тенденция болып табылады.Адамдардың дифференцияланған қоғам жағдайындағы қарым-қатынасқа деген қажеттіліктің артуы жасанды каналдардың пайда болуының негізгі себебі. Жасанды коммуникациялық каналдарды пайдалануды қажет ететін қарапайым оқиға коммуникациялық үрдіске қатысушылардың аумақтық алшақтығымен байланысты.Ақпараттық қоғам жағдайында қашықтық емес,берілген ақпараттың көлемі мен қиындық деңгейі маңызды орын алады.

Алайда интернет тек қана коммуникация каналы ғана емес,ақпаратты сақтау орны болып табылады.

Тиімді желіде ПР-маманының жұмысын атқаратын IT-технологиялардың анықтамасы мен сараптамасы:

-электронды почта;

-маркетингтік және әлеуметтік зерттеулердің жүргізілуі;

-корпоративтік вэб-сайт;

-БАҚ өкілдерімен жұмыс.

Е.Н.Пашенцов «Bell корпорациясы электронды почтаны пайдаланудың арқасында прессаға арналған басып шығару материалдарына 50 % үнемділікке қол жеткізген.

PR мамандары электронды почтаны келесі жағдайларда пайдаланады:

— Тапсырыс берушілердің сұранысына жауап беру үшін;

— Ұйым ішінде ақпарат тарату үшін;

— Ақпараттық бюллетендерді жіберу үшін;

— Дискуссиялық топтарға қатысу үшін;

— Журналистермен байланысу үшін.

Корпоративтік вэб-сайттың көп таралған типтік ақпараттық блоктары мен бөлімдері:

— Ұйым тарихы;


ПІКІР ҚАЛДЫРУ