Психология түсінігі: автосуггестия, агглютинация, аггравация деген не?

0
2265
Freepik.com

Автосуггестия — (өзін-өзі сендіру) – сендіру әсерінің объектісі мен субъектісі сәйкес болған жағдайдағы өзіне-өзі бағытталған сендіру процесі мен нәтижесі.

Өзін-өзі сендіру адамның өзіндік реттелу деңгейін жоғарылатады. А.субъектіде өзінде белгілі бip түйсіктерді, қабылдауларды, сезімдерді тудыруға, өзінің ес, зейін, процестерін, эмоциялық соматикалық реакцияларын меңгеруге мүмкіндік береді.

Ырықты А. өзіне бағытталған сөздік (вербалдық) нұсқаулардың немесе талап етілетін физикалық немесе психикалық күйдің өзгеруімен байланысты болатын жағдаяттарды ойша қайта жаңғырту негізінде жүзеге асады. Оның тиімділігіне психикалық релаксация мен бай қиял әсер етеді.

Ырықсыз автосуггестия субъекттің өз идеяларына, тұжырымдамаларына, бағалауларына, олардың дұрыстығы мен шынайылығына күмәннің болмауымен, сананың қадағалау функцияларының төмендеуімен сипатталады.

Мұның салдары кейде психикалық ic-әpeкеттің енжарлығына әкеледі.А. өзіндегі белгілі бip аурудың қозуын күту және оның міндетті түрде болатынына өзін сендірумен бipге жүретін организмнің түрлі жүйелерінің бұзылуында көрініс табуы мүмкін. Kepiciншe оқиға плацебо-эффект (препаратты қабылдағаннан кейінгі) жағдайында көрініс табады.

Агглютинация —  ( лат. agglutina-re – қаз. желімдеу) – түбір сөздің соңынан қосымшалардың тізбектеле жалғану тәсілі. А. (жалғамалылық) жаңа бейнені әртүрлі объектілердің бөлшектерін біріктіріп жасау тәсілі. Қиялда анализ, синтез әдістері, агглютинация, схематизация түрлі схемалар мен суреттердің акцентировка (бейненің типтік басты белгілерін жасау) тәсілдері жиі қолданылады.

Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Осы тәсіл арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия-танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана суға қонып, ұша алатын ұшақ) құрастырылады.

А. тәсілі ежелгі Мысыр елінде, сондай-ақ Солтүстік Америка индеецтерінің өнер ескерткіштерінде үлкен орын алған.

Аггравация —  (лат aggravatio – қаз. салмақ түсіру, ауырлату) – белгілі бір аурудың белгі нышандарын асыра бағалау. А.-ға истероидтық акцентуация (мінез-құлық ерекшеліктерінің шектен тыс айқын көрінісі) сырқатына шалдыққандар, психопатиялық аурулар, сондай-ақ түрінен айқын психикалық өзгерістер байқалатын егде жастағы адамдар бейім келеді. А-ны қара басының қамы үшін өзінде жоқ ауруды сылтаурату тәрізді айла-амалдан айыра білу керек.

Дереккөз: Психология:Энциклопедиялық сөздік./ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011

Басқа материалдар:

Авторитарлық және автостереотип туралы түсінік

Автоматизм туралы түсінік

Авиация психологиясы дегеніміз не?

Абстиненция, абстракция, абулия туралы мәлімет

Психологиялық түсінік. Абазия, аббревиатура, абдикация, аберрация деген не?

Абиотикалық факторлар, абсолюттік есту, шкала, табалдырық деген не?

«Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ