«Қазақ әдебиеті» басылымының «Қалжыңқалта» айдарының оқырмандарға әсері туралы не айтасыз?

0
1591

Қай елдің де өзіне қымбат көрінетін, мақтаныш етіп жоғары бағалайтын, ұлттық байлығы саналатын рухани қазыналары болады. Біздер үшін сондай қазыналардың бірі – «Қазақ әдебиеті» газеті болса керек. Егер дүниеде «Қазақ әдебиеті» газеті болмаса қазақ елінің рухани өмірінде үлкен олқылықтың, жүдеуліктің орны сезіліп-ақ тұрар еді. «Қазақ әдебиетінің» біздің күнделікті тірлігімізге тереңдеп енгені соншалық, әр апта сайын жұма күні осы газеттің келуін асыға күтеміз.

Біздің қым-қуыт оқиғаларға толы өткен XX ғасыр үшін 1934 жылдан қазіргі уақытқа дейін сақталып қалу дегенің ұзақ ғұмыр, ауыр жол екені рас. Ал «Қазақ әдебиеті» газетінің өзіндік ерекше тарихы, тағдыры бар, басқаларға ұқсай да қоймайтын, орны бөлек басылым екені де рас.

Нендей дүние болсын қажеттіліктен туады. XX ғасырдың басында қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетін шығарды. Алдына үлкен мақсат қойды – туған халқын ояту, әрі көш бастау қажет болды. Сол кезде елдің ой-тілегін осы газет білдіріп, жол сілтеп отырды. «Қазақ» газеті жабылғаннан кейін тура он жеті жылдан соң қайта жарық көрді. «Қазақ әдебиетін» «Қазақ» газетінің тікелей мұрагері деуге болатын сияқты. «Қазақ әдебиеті» газеті де сол бір кезеңде аса бір қажеттіліктен дүниеге келіп, осыдан 74 жыл бұрын алғашқы саны жарық көрді. Осының алдында аз ғана жылдың ішінде қазақ елі небір зобалаңға ұшырап, ауыр күйзелісті, орны толмас қайғы-қасіретті басынан кешіріп, ес жия алмай, есеңгіреп қалды. Ашаршылықтан халқының тең жарымы қырылды. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов сияқты көсемдері, ұлттың ақыл-ойының аса көрнекті қайраткерлерінің үлкен бір тобы қудаланып, қамалып, қуғынға түсті. Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаевтай ұлы адамдардың үні өшті. Онсыз да жоғалтқаны көп, сергелдеңі мол қазақ елі ұлтының ұлы тіреулерінен, кемеңгерлерінен айырылып, ақыл-ой жағынан өлшеусіз ойсырап қалды. Егер солар аман боп, халқына әлі де қызмет еткенде біздің қазақ елі бүгіндері қандай биіктерден көрінер еді. Бұл, әрине, орны толмас өкініш әрі арман. Сол бір өкініш пен өксікке толы ауыр кезеңде әбден арып-ашып, еңсесі түсіп, жүдеп-жадаған елдің рухын көтеру, есін жиғызып серпілту, әрбірден соң, басын біріктіріп, қайтадан елдікке бастау қажет болды. Еңсе көтеріп, ел болу үшін қайта ояну, жаңғыру кезеңінде «Қазақ әдебиеті» газеті қажет болды. Газеттің бүгінгі таңда бірнеше айдарлары бар. Солардың ішінде оқырмандар үшін ең қызықты айдар «Қалжыңқалта» атауына ие айдар. Айдар гуманизм бағытында жұмыс жасайды. Қазіргі таңда оқырмандар үшін ең қажетті айдарлардың бірі. Неге десеңіз ғылыми-техникалық, саяси-әлеуметтік мәселерге қатысты

мақалаларды оқып шаршаған оқырман бұл айдарды оқысы жайдарыланып, сергек бола түседі. Айдарда ұсынылған қалжыңдар өте сапалы, редактордың сұрыптауынан өтеді. Газет бетіне басылғанда да «Қалжыңқалта» оқырманды өзіне бірден еліктіріп алады. Себебі дәл осы айдар беті түрлі-түсті түстерге боялған, көзге бірден түседі. «Қалжыңқалта» секілді айдарлар қазіргі таңда барлық басылымдарда бар деп айта алмаймын. Менің ойымша оқырманға шаттық сыйлайтын осы секілді баспасөз айдарлары көбейсе нұр үстіне нұр болады деп ойлаймын.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ