«Айқын» газетінің «Ақ сөйле!» айдары туралы өз ойыңыз

0
1540

БАҚ – қоғамдық құрал. Ол тұтынушылар аудиториясын ақпараттандырып қоймастан, қоғамдық ортаға ой тастайды, пікір өрбітеді. Осылайша біз атаған құндылықтар индикаторының халыққа жетуіне, насихатталуына, тарауына, білімін арттыруына ықпал етеді.

Қазақ елінде, бабалар мирас еткен Жерұйық мекенінде алдыңғы қатарлы жұрт көшімен қатарлас келу, оқ бойы озық жүру үшін де интеллектуалды ұлт мәселесін қозғау, көтеру қазақ баспасөзіне сенім мен үміт арқалатады. Қазақ баспасөзінде ерекше өзіндік орны бар газет «Айқын» газеті. Газеттің интеллектуалды құндылықтарды қоғам назарына ұсынып, мәні мен мазмұнын жеткізуде күнделікті халықтың қолына тиіп, ақпарат іздер қауымға, ой іздеген жұртшылыққа берері мол. Басылымның бұл бағытта жүргізетін ақпараттық саясаты, коммуникативті алаңы еркін сөз, өткір ой, ұтқыр идеяларға жаралған. Осы тұрғыда басылымның «Ақ сөйле» атты айдарының оқырман қауымға берері көп. Әр түрлі мамандық саласында қызмет етіп жүрген беделді де білікті, өз саласында биік шыңдарды бағындырған азаматтардан алынған әрбір сұзбаттың қоғамдағы орын алып жатырған маңызды мәселелерге арналғанын оқырман қауым біле отырып, аса үлкен қызығушылықпен айтулы айдарды оқиды. «Ақ сөйле» айдары қоғамның келелі мәселелері, толғақты ойлары, сындарлы саясатының жаршысы бола білді. Осы басылымда жарияланған саясаттанушы А. Сарымның «Мемлекет те, ұлт та — өзіміздікі» атты мақаласында: «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың соңғы екі жылдағы Жолдауының тақырыбында модернизация сөзі тұрақты орын алып отыр. Ол дегеніміз, Қазақстанның мемлекеттік жүйесінің жалпы тиімді қызмет етуі үшін модернизацияның маңыздылығын танытады. Модернизацияның әлеуметтік-экономикалық типі адам капиталы рөлінің артуын талап етеді», — деген ой білдіреді. Елімізде модернизациялық үдерістердің тиімді орындалуы адам капиталына қатысты екендігін дұрыс болжап, оңтайлы пікір танытқан саясаттанушы қоғамдық ойға қозғау салады. Осы сынды әрбір жанның газет беттеріне жарияланған сұхбаты оқырманға жаңа идея, жаңа ой тастады. «Ақ сөйле» айдарының халыққа берері көп.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ