Qaztest.kz сайты Абай атындағы ҚАЗҰПУ-мен меморандум жасасты

1
541

Әлем елдерінде білім беру сапасы мен қолжетімдігін арттыру жайлы мәселе күн тәртібінен түскен емес. Бүгінде ақпараттық цифрлық технологияның жылдам дамыған кезеңде білім сапасы мен мазмұны жиі өзгереді. Сондықтан білімнің жылдамдығы мен кәсібилігін арттыру қажеттігі туындайтыны заңды. Электронды білім беру технологияларын қолайлы, қолжетімді цифрлық платформа ретінде әзірлеу Қазақстан білім саясаты үшін де басым бағытта.

Осы ретте Qaztest.kz олимпиада сайты 2019 жылдың қыркүйек айында еліміздегі педагог мамандардың даярлайтын көшбасшы оқу орны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен меморандум жасасты. Меморандум аясында республикалық педагогикалық олимпиадаларға сапалы сұрақтар дайындалып, түрлі педагогикалық олимпиадалар ұйымдастырылады.

«Qaztest.kz» желілік басылымы білім саласы мен мемлекеттік тіліміздің дамуына үлес қосып, мемлекет басшысы саясатын қолдап отырған ағарту ресурсы.  2017 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырған ең үздік қазақ тілді сайт байқауында Qaztest.kz сайты үздік деп танылып, «Білім бұлағы» аталымының жеңімпазы атанды — http://www.qazaq-found.kz/kaz/?p=2945.

Біздің жобаларымызға Астана қаласындағы Мемлекеттік тілді дамыту қоры өз қолдауын білдіріп келеді. Qaztest.kz ақпараттық білім ресурсы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне тіркеліп, куәлігін алды.

Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайты – жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасын, Ермұхан Бекмаханов атындағы қазақстан тарихы олимпиадасын жоғары деңгейде ұйымдастырып, тарихи тұлғаларды тануда елеулі істер жасап жатыр. Алдағы оқу жылында да маңызды жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, «Үздік педагог», «Үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкері», «Үздік сынып жетекші», «Үздік әдіскер», «Үздік тәрбиеші» сынды олимпиадалары педагог мамандардың ерекше қызығушылығын тудырып отыр. Қоғамдық пікірді ескерсек, қашықтықтан олимпиадалар өткізу сыбайлас жемқорлықты жояды — http://qaztest.kz/post/view?id=199.

Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайты қолданушыларға сапалы қызмет көрсетуге тырысады.

1 ПІКІР

  1. Керемет. Істеріңіз алға баса берсін!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ