QS EEСA рейтингісінде еліміздің педагогикалық ЖОО-ның арасында ҚазҰПУ 1-ші орынды иеленді

0
2024

Университеттердің әлемдік Quacquarelli Symonds (QS) рейтингі Еуропа мен Орталық Азиядағы дамушы елдері жоғары оқу орындарының жаңа нәтижелерін шығарды.

Рейтинг қорытындысы 2019 жылдың 15 қазанында Каунаста өткен QS in Conversation конференциясында жарияланды. Университеттердің жаңа халықаралық рейтингісіне 24 қазақстандық ЖОО кіреді.

Отандық университеттердің ішінде Абай атындағы ҚазҰПУ әлемдік рейтингте 105-ші орынды иеленіп, еліміздің 10 үздік ЖОО қатарына енді. Қазақстанның педагогикалық университеттері арасында Абай атындағы ҚазҰПУ үздіксіз 1-ші орынды иеленуде.

Рейтинг Шығыс Еуропа мен Орталық Азия университеттерінің халықаралық беделін көтеруге, шеделдік серіктестерімен халықаралық ынтымақтастық желісін дамытуға, талантты шетелдік студенттерді тартуға және әлемдік білім беру нарығында лайықты бәсекелестік құруға бағытталып отыр.

Университет қызметін бағалау кезінде кездесетін ерекше қиындықтарды ескере отырып, QS олардың жұмысын бағалаудың арнайы әдістемесін жасады. Параметрлердің қатарында интернеттегі жариялану көрсеткіші, ғылыми дәрежесі бар қызметкерлердің үлесі, халықаралық ынтымақтастық және т.б. көрсетіштер есептелді.

Жалпы алғанда, бұл рейтингте университеттер 10 критерий: жұмыс берушілер арасындағы академиялық бедел, оқытушылар мен студенттердің арақатынасы, бір қызметкерге арналған жарияланымдар саны, халықаралық ғылыми қарым-қатынастар, университеттің Интернетте көрініс табуы, PhD дәрежесі бар қызметкерлердің үлесі, шетелдік қызметкерлер мен студенттердің үлесі сияқты маңызды көрсеткіштер бойынша бағаланады.

Әр критерий университеттің жалпы бағалануына ықпал етеді.

Рейтинг нәтижелері www.TopUniversities.com сайтында қол жетімді.

 

Дереккөз: Абай атындағы ҚАЗҰПУ ресми сайты


ПІКІР ҚАЛДЫРУ