- \r\n
- Жақсы жазатын жазушыларды оқып, жақсы сөйлеуге дағдыланасың. 2. Мәдениет — оқылған кітаптың саны емес, өзің түсінген кітаптардың саны. \r\n\r\n 3. Кітап оқитын адамдар әрдайым теледидар көретін адамдарды басқарады. \r\n\r\n 4. Кітап кинодан артық. Өйткені, кітап оқығанда қиялға шек жоқ. \r\n\r\n 5. Неғұрлым көп оқысаң, соғұрлым аз еліктейсің. \r\n\r\n 6. Адамдар екі санатқа бөлінеді: кітап оқитындарға және кітап оқығандарды тыңдайтындарға. \r\n\r\n 7. Тиыннан теңге құралатынындай, оқыған түйірлерден тұтас білім жиналады. \r\n\r\n 8. Миды дамыту үшін кітап оқимыз. Денені жетілдіру үшін жаттығу жасағандай. \r\n\r\n 9. 90 күн бойына кітап оқымай күн көргеннен де жаманы ол 90 күн кітап оқымағаннан әлем өзгермеді деген ой болса керек. © Джим Рон\r\n\r\n 10. Кітапты өртегеннен де асқан қылмыс бар. Ол кітап оқымау. © Рэй Брэдбери \r\n\r\n 11. Ақылды болу үшін 10 кітап оқысаң да жеткілікті. Бірақ сол он кітапты табу үшін мыңдаған кітапты кеміру керек. \r\n 12. Кітап — ойдың кемесі, олар уақыт толқынында саяхаттап, өзінің қымбат қазынасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші. © Фрэнсис Бэкон \r\n\r\n 13. Сіздің болмысыңыз нендей кітап оқитыныңызбен анықталады. © Джим Рон \r\n\r\n 14. Кітапқа сеніңіз, олардан жақын ешкім жоқ. Керек емес кезде үндемейді, керек кезде алдыңа бүкіл әлемді жайып салатын сөзуар дос. \r\n\r\nАударған Шынар Әбілдә
\r\n