Ашық сабақ: «Реактивті қозғалыс»

2
4529

Атырау облысы\r\n\r\nМахамбет ауданы\r\n\r\nАлмалы селосы\r\n\r\nАлмалы орта  мектебінің физика және еңбек пәні мұғалімі \r\n\r\nКенжетаева Ажар Азиғалиқызы\r\n\r\n \r\n\r\nСабақтың тақырыбы: §21. Реактивті қозғалыс\r\n\r\nСабақтың мақсаты: \r\n\r\nБілімділік: Зымыранның құрылысы мен жұмыс істеу принципімен таныстыру.\r\n\r\nДамытушылық: Ғарышты игеру тарихынан мәліметтер бере отырып,\r\n\r\nоқушылардың ой-өрісін дамыту.\r\n\r\nТәрбиелік: Ғарышты игеру мен қоршаған ортаны қорғаудың маңызын  білуге   тәрбиелеу.\r\n\r\nСабақтың көрнекілігі: Зымыранның құрылысы, ракета моделі, шар  (үрлейтін), ғарышты игеру тарихынан материалдар, электронды оқулық\r\n\r\nТоп ережелерін  плакаттарға жазып ілінеді:\r\n

    \r\n

  1. Тақырып айналасында ғана сөйлейміз.
  2. \r\n

  3. Өз ойларымызды ортаға саламыз.
  4. \r\n

  5. Өз пікірімізді қысылмай айтамыз.
  6. \r\n

  7. Бір-бірімізді мұқият тыңдаймыз.
  8. \r\n

\r\nСабақтың құрылымы:  \r\n

    \r\n

  1. Қызығушылықты ояту
  2. \r\n

  3. Мағынаны ажырату
  4. \r\n

\r\n3.Ой толғаныс\r\n\r\nСабақтың типі: жаңа оқу материалын меңгерту\r\n\r\nСабаққа қолданылатын әдістер: СТО, АКТ, Конверттегі сұрақ әдісі.\r\n\r\nСабақтың барысы: \r\n\r\nІ. Ұйымдастыру\r\n\r\nа) психологиялық әзірлеу\r\n\r\nә) сабақтың мақсат- міндетін айту\r\n\r\nб) жасырылған сөздер арқылы сыныпты  топтарға  бөлу\r\n\r\nІ-топ «Зымыран»\r\n\r\nІІ-топ «Байқоңыр»\r\n\r\nІІІ- топ «Ғарышкер»\r\n\r\nҰраны: «Өте аз күш жұмсап, үлкен энергия алып, физика сабағын зор табыспен өткізейік»\r\n\r\nҮй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап арқылы)\r\n\r\n1.Дененің тұйық жүйесі дегеніміз не?\r\n\r\n2.Импульстің сақталу заңының маңызы неде?\r\n

    \r\n

  1. Импульстің сақталу заңының формуласын қорыту шығар.
  2. \r\n

\r\n1 кезең.   «Ой қозғау»\r\n\r\nЖаңа сабақтың тақырыбын сұрақ- жауап арқылы ашамын.\r\n\r\nРакета туралы не білесіңдер?\r\n\r\n2 кезең. «Мағынаны ажырату»  (Конверт- сұрақ әдісі)\r\n\r\nСыныптағы 3 топқа мәтіндерді тарату ( Оқушылар флипчартка жазып, постер қорғайды)\r\n\r\nІ топ. «Зымыран»\r\n\r\nРеактивті қозғалыс- импульстің сақталу заңының көрінісі\r\n\r\nІІ топ. «Байқоңыр»\r\n\r\nҒарышты игеру жетістіктері мен зымыран қозғалысы принципі\r\n\r\nІІІ топ. «Ғарышкер»\r\n\r\nЗымыранда қолданылатын отын түрі мен көп сатылы зымырандар\r\n\r\n«Көз қорқақ,  қол батыр»\r\n\r\n Тәжірибе  жасау.\r\n\r\nОқушы білімін тиянақтау үшін, әр топқа үрленетін шар беріп, оны үрлеп, ұшуын бақылау арқылы  зымыран  газ арқылы қалай қозғалатын қолмен жасап, көз жеткізу.\r\n\r\nЭлектронды оқулықпен жұмыс.\r\n\r\n3-кезең «Ой толғаныс»\r\n

    \r\n

  1. Зымыран қалай қозғалады?
  2. \r\n

  3. Реактивті қозғалыс деген не?
  4. \r\n

  5. Ғарыш кемесін Жерге қалай қондырады?
  6. \r\n

  7. Зымыранның құрылысы, жұмыс істеу принциптері қандай?
  8. \r\n

  9. Зымыранның жылдамдығы неге байланысты?
  10. \r\n

  11. Ғарышты игеру тарихынан нені білеміз?
  12. \r\n

  13. Ғарышты игерудің Жер экологиясына, мемлекет экономикасына тигізетін маңызы қандай?
  14. \r\n

  15. Ғарыш кемесін Жерге қалай қондырады?
  16. \r\n

  17. Ғарышта ғарыш кемесінің қозғалыс бағытын қалай тексереді?
  18. \r\n

\r\n«Реактивті қозғалыс» тақырыбында слайд көрсете отырып жаңа сабақты толтырамын.\r\n\r\n1.Реактивті қозғалыс мысалдары\r\n\r\n \r\n\r\n2.Ғарышты игеру жетістіктері.\r\n\r\n3.Тұңғыш жасанды жер серігі біздің еліміздегі ғарыш айлағынан 1957 ж\r\n\r\n4-қазанда ұшырылды.\r\n\r\n4.Қазақ ғарышкерлері\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nҚосымша материал: «Сен білесің бе?» \r\n\r\n1.Неліктен космодром «Байқоңыр» деп аталған?\r\n\r\n1961 жылы 12 сәуірде Ю.А. Гагарин қазақ жерінен космос әлеміне ұшып шығып, бірден бірнеше дүркін дүниежүзілік  рекордтар жасады. Сол күні халықаралық авиация және космонавтика ұйымдары Гагариннің рекордтарын ресми тіркеу үшін нақты қай жерден ұшып шыққанын айтыңыздар деп талап қойды. Сонда осы уақытқа дейін құпия болып келген Сырдария жағасындағы Төретам станциясынан ұшқанын білдірмеу үшін, сол жерден тура солтүстікке қарай орналасқан Жезқазған жеріндегі, Қарсақбай қасындағы Байқоңыр елді- мекені айтылды. Тұңғыш ғарышкер ұшып шыққан жер «Байқоңыр» деп аталып, қазақ сөзі әлемге тарап кетті.\r\n\r\n2.Әлемдік рекордтарды тізетін Гиннес кітабына аты жазылған тұңғыш қазақ ғарышкері?\r\n\r\nТ. Мұсабаев. 1994 ж. 126 тәулік бойы космос әлемінде ұшып жүрді. 1998 ж. Орбитада 7 ай бойы жүріп, 7 рет ашық аспан әлеміне шықты. Бас аяғы 30 сағатын космостың қара тұңғиығымен бетпе-бет өткізді.\r\n\r\nОқулықпен жұмыс.\r\n\r\n18-жаттығу. («Есептей білгеннің есесі түгел»)\r\n\r\nӘр топқа карточкамен есептер беру.\r\n\r\n1-топқа\r\n\r\nМассасы 10т ғарыш кемесі 9 км/с жылдамдықпен қозғалып келеді. Кеменің тежелуі кезінде тежеуіш қозғалтқыштар одан қозғалыс бағыты бойынша оның қабағына қатысты 3 км/с жылдамдықпен 1450кг жану өнімдерін шығарады. Тежелуден кейінгі ракета жылдамдығы қандай?\r\n\r\n2-топқа\r\n\r\nКішкене зымыранның массасы 200г. Ондағы жанғыш заттың массасы 50 г. Газ зымыран соплосынан 100 м/с жылдамдықпен лезде шығады деп есептеп, зымыранның қозғалыс жылдамдығын анықтаңдар.\r\n\r\n3- топқа\r\n\r\nМассасы 1кг шар түзусызықты және ілгерілемелі қозғала отырып, өзінің жылдамдығын 1м/с-тан 10м/с-қа дейін арттырды. Шар импульсінің өзгерісін анықтаңдар\r\n\r\n 5 жол өлең (Синквейн әдісі)\r\n

    \r\n

  1. Зат есім. Ғарышкер
  2. \r\n

  3. Анықтауыш Батырсың, төзімдісің
  4. \r\n

  5. Етістік Қызығасың, зерттейсің, ұшасың
  6. \r\n

  7. Сөз тіркесі Ғарышқа мәңгі жол ашқан
  8. \r\n

  9. Синоним Адам
  10. \r\n

\r\nБағалау.\r\n\r\nҮйге тапсырма  §21.  «Менің қиялымдағы ғарыш» тақырыбында эссе жазу\r\n\r\nКері байланыс. \r\n\r\nРефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек»\r\n\r\nӘр оқушы стикерге бүгінгі сабақта не ұнады, не қиын болғаны жайлы немесе қандай әсер алғанын қысқаша ғана жазып, тақтаға  іледі.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ