Республикалық «Жас маман» байқауына қабылдау мерзімінің аяқталуына 1 апта қалды

27
3066

Жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қызмет атқаратын жас мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған ІІ Республикалық «Жас маман» байқауына жұмыстар қабылдау мерзімінің аяқталуына 1 апта қалды. Егер жұмыстарыңызды тапсырып үлгірмесеңіз, 9 ақпанға дейін жіберуге асығыңыз. Байқау жүлдегерлері «Үздік жас маман» төсбелгісімен марапатталады.

Байқау тапсырмалары мұғалімдер мен тәрбиешілерге бөлек беріледі.

«SKILLS ACADEMY» мекемесі мен  Martebe.kz ақпараттық білім порталы бірлесе отырып,  республикамыздағы жалпы білім беретін білім ордаларындағы жас мамандар арасында өтетін ІІ республикалық «ЖАС МАМАН» байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты: жас мамандардың біліктілігін арттырып, педагогикалық шеберлігін шыңдау мақсатында, өз кәсібіне деген сүйіспеншілігін ояту және оларды ынталандыру.

Қатысушы үміткерлердің жұмыстары 9 қаңтар мен 9 ақпан аралығында  skillsacademy.kz@mail.ru электронды почтасына қабылданады. Осыған байланысты байқау шарттары туралы ақпаратты білім ордалары басшылары мен жас мамандардың назарына жеткізуді сұраймыз.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері, ең үздік қазақ тілді білім сайты Martebe.kz ақпараттық білім порталы байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.

Байқау жеңімпаздары www. martebe.kz сайтында жарияланады.

            ІІ республикалық «ЖАС МАМАН»  байқауының

        ЕРЕЖЕСІ

1.Байқаудың мақсаты

  • Жас мамандардың біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу;
  • Республика бойынша жас мамандар ішінен ең үздігін анықтау;
  • Педагогикалық тәжірбие жинақтау және кеңейту, жалпы білім беретін мектептерде қызмет атқаратын жас мамандардың мәртебесін көтеру.
  1. Байқаудың өту тәртібі
  • Байқауды өткізу және ұйымдастыру ісімен ұйымдастыру алқасы айналысады. Ұйымдастырушы қатысушыларды тіркеуді, жұмыстарды сараптауды, қорытынды шығаруды, марапаттауды жүзеге асырады.
  • Байқаудың жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы әділ-қазылар алқасы құрылады. Сонымен қатар, ұйымдастыру алқасының өкілдерінен арнайы ғылыми-әдістемелік кеңес құрылады.
  • Әділ қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  • Байқауға жіберілген материалдар мен жұмыстар кері қайтарылмайды.
  • Байқаудың марапаттау рәсімі жеңімпаздар анықталған уақыттан кейін 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
  • Байқауға кез-келген жалпы білім беретін ұйымдарының еңбек өтілі 5 жылға дейінгі жас мамандары  қатыса алады.
  1. Байқау тапсырмалары
  • «Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі» тақырыбында эссе жазу (көлемі – 2-3 бет, Times New Roman, 14 шрифт, 1,5 интервал). Эссе көшірме болмауы керек.
  • Мұғалімнің жеке портфолиосының электронды нұсқасы (мұғалімнің жеке басын куәландыратын құжаттарымен бірге слайд түрінде жетістіктері толық қамтылуы тиіс);
  • Үздік ашық сабақ (word нұсқасы өту барысындағы суреттерімен қоса);

Ескерту: Басқа адамның және интернет желісінен алынған материалдарды қолдануға қатаң тыйым салынады.

  1. Байқаудың марапаттау рәсімі

Байқауға келіп түскен жұмыстар іріктеліп Martebe.kz білім сайтында жарияланады.

Бас жүлде (1) — диплом,  байқау жеңімпазы үшін арнайы тағайындалған статуэтка және  «Жас маман» төсбелгісі мен куәлік;

І орын – диплом, «Жас маман» төсбелгісі мен куәлік;

ІІ орын – диплом, «Жас маман» төсбелгісі мен куәлік;

ІІІ орын – диплом, «Жас маман» төсбелгісі мен куәлік;

«Ең үздік портфолио» номинациясы – диплом;

«Үздік эссе» номинациясы – диплом;

«Үздік ашық сабақ» номинациясы – диплом;

Жұмыстары жоғары деңгейде жіберілген қатысушыларға Құрмет грамотасы беріледі.

Барлық қатысушылар арнайы Мақтау грамоталарымен марапатталады.

Байқауға қатысу құны — 4000 тг. Байқауға келіп түскен қатысушылардың      эсселері жинақ болып жарық көреді. Жинақты сатып алу ақысы – 3000 тг. Алам деушілер үшін байқау жарнапұлымен бірге аударылуы тиіс.

Біздің реквизит

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ; БИК: KSNVKZKA

Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

КНП 859

Төлем мақсаты: «Жас маман»  байқауына қатысу үшін.

Ескерту! Төлемді кез келген банктен немесе халық банк, казпочта арқылы төлеуге болады.

Байқау тапсырмаларымен бірге төлем жасағандығы туралы түбіртек көшірмесі жіберілуі керек.

Қатысу үшін төлем жасау жөнінде және байқауға қатысты туындаған сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу телефоны: 87009785922; 8775-998-83-87;

Өтініш беру үлгісі

            «ЖАС МАМАН»  атты республикалық жас мамандардың байқауына қатысу туралы өтініш

Аты – жөні, тегі
Еңбек өтілі
Облыс, қала, ауыл мекен – жайы, индекс (міндетті)
Жұмыс орны
Мекеме басшысының аты-жөні
Жетістіктері
Эл. поштасы
Байланыс нөмері

Ескерту: Өтінішті ворд нұсқасында көрсетілген үлгі бойынша қабылданады.  Өтініштің қате толтырылғаны үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді.


27 ПІКІРЛЕР

  1. Cәлеметсіз бе! Мен қатысуға ниеттімін, бұйырса. Байқау шарты бойынша эссені де, портфолионы да, ашық сабақты да жіберуіміз керек пе, әлде тек бір номинация бойынша қатысамыз ба?Мен өз түсінігімше үшеуі бойынша да құжаттарымды дайындап қойдым.

  2. Саламасыздар ма? Мұғалім портфолиосы слайд түрінде ғана қабылданады ма? Электрондық портфолио түрінде арнайы сайтта дайындалған нұсқада жіберсек бола ма?

  3. Сәлеметсіз бе?Колледж мұғалімдері қатыса ала ма?.мен жас маманм
    ын

  4. Сәлеметсіз бе ? Мен байқауға қатысайын деп едім.Жұмысқа октябрьде кірдім.Портфолионы енді жасаймын.Эссе мен ашық сабағымды ғана жіберсем болама.

  5. Сәлеметсіз бе! Тапсырмалардың толық болғаны дұрыс. Толық болмауы байқау нәтижесіне әсер етуі мүмкін

  6. сәлеметсізбе Мен байқауға қатысу үшін Халк банктен төледім бүгін банк қызметкерлері ақша 3 күннен соң түсет дит. Қолымда түбірьек бар қатыса аламынғо да? ертеңгі күні ақша кеш түсті деп жүрмейдіме ?

  7. 9 ақпан күні де толығымен сайысқа қатысу күні болып есептеле ме әлде 8куни түнде токтатасыздар ма?

  8. Сәлеметсізбе! Мен қазір ақшасын төлейтін болсам оған 2 күн қалды квитация кеш баратын болса қабылданадыма жоқ әлде үлгермей қаламызба жұмысым дайын ертен жіберсек боладыма

  9. Сәлеметсіз бе! Төлемді жасап жіберсеңіз болды. Түсу уақыты сіздерге кедергі келтірмейді

  10. Салематсызба!мен халык банктан толегем катысу ушин.акша алынды деген смс сакталмапты енди калай жуктеймин

  11. Құрметті «Жас маман» байқауына қатысушы жас мамандар ! Егер конкурстан орын алып жатсаңдар осы сайтқа пікірлеріңді жазыңдаршы.Сендері құттықтаймыз.Жәнеде жасаған жұмыстарыңмен бөлісе отырсаңдар.-деймін.Назарларынызға рахмет!!!!!

  12. сәлеметсиздерме төлемді онлайн жеке счет арқылы толесек болама қаблданама онлайн скреншот жиберсем

  13. Сәлеметсіздер ме? Мен толықтай шарттармен жибердым. Енді сіздерден сұрайын дегенім бір адамның почтасымен екы адамның жұмысын жіберуге бола ма?

  14. Сəлеметсіздер ме? Мен өтініштің төмен жағына төлеген квитанцияны сканер көшірмесін қойып жібердім, əлде жеке жіберу керек пе?

  15. Сəлеметсізбе кешіресіз қортынды қашан қай кезде жарияланады екен?

  16. Сәлеметсіз бе! Қабылдау бүгін бітеді. Екі апта ішінде тексеріліп 26 ақпан шығады

  17. Осы сайттың басты бетінде «Төлемді үйден шықпай-ақ жасауға болады» деген мақала бар. Сол бойынша жасауға болады

  18. салематсыз ба? конкурсқа қатысушы мамандардың шамамен қанша екенін білуге бола ма? конкурсты тексеріп жатқан әділ-қазылардың фотосы, видеосын көре аламыз ба?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ