СДУ-ДІҢ ГРАНТЫН ҰТЫП АЛҒЫҢ КЕЛСЕ…

1
5698

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауындағы  «Адами капитал – жаңғыру негізі» бағытын жүзеге асыру мақсатында Сулейман Демирел университеті жыл сайын бірегей SPT олимпиадасын өткізіп келеді.

SDU Proficiency Test (SPT) –  бұл ағымдағы жылдың мектеп және колледж түлектеріне арналған СДУ-дың ішкі олимпиадасы. Олимпиаданың негізгі мақсаты – талапкерлерге болашақ мамандығын таңдауға көмектесу және түрлі деңгейдегі грант пен жеңілдік беру арқылы қолдау көрсету. Олимпиадада әрбір оқушы өз таңдаған бағыты бойынша  білімін көрсете отырып, СДУ-дың  ішкі грантына немесе жеңілдігіне ие бола алады.

Статистикалық мәлімет бойынша олимпиадаға 2015 жылы 1000 оқушы, 2016  жылы –  3900, ал 2017 жылы – 7000 талапкер қатысып, іс-шараның маңыздылығы артып келеді.

Биылғы жылы олимпиада 4-наурызда бір уақытта еліміздің 19 қаласында: Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Жезқазған, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Семей, Өскемен, Маңғыстауда өтеді. Ауқымды іс-шараға биыл еліміздің түкпір-түкпірінен 10 000-ға жуық талапкер қатысады. Үздік нәтиже көрсеткен 300 талапкер 4 жылға жарамды 100% грант пен арнайы жеңілдіктерге ие болады.

Ал, оқу орнының SPT жобасына бөлінген ішкі грантының қоры  260 млн теңгені құрайды. Қазіргі таңда университеттің ресми сайтында байқауға тіркелу басталып кетті. Өтініштер саны бойынша Алматы қаласының мектеп бітіруші түлектері көш бастап тұрса, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалаларының білім ошақтарының түлектері де зор қызығушылық танытуда.

Олимпиадаға тіркелу ресми сайттың http://sdu.edu.kz/kk/spt/ бөлімінде онлайн түрде қолжетімді. Байқау ережелері мен талаптары айқын көрсетіліп, тіркелу рәсімі ашық форматта жүргізіледі. Тіркелген талапкерлер автоматты түрде электрондық пошта арқылы жеке  ID CARD-қа ие болып, бұл құжат олимпиаға қатысуына кепілдік береді.

Олимпиада тестілеу форматында 6 кластерде: физика, география, химия-биология, фғылшын тілі, әдебиет, тарих пәндері бойынша өтеді. Тестілеу сұрақты белді зияткерлік мектептердің ұстаздарымен құрастырылып, қоғамдық кеңесте мақұлданады. Оқу орны сарапшыларының сараптасына сәйкес қазіргі уақытта аймақтар аралығында ең көп сұраныс физика-математикалық кластерге, яғни IT-мамандықтарына,  екінші орында шет тілі болса, үшінші орында химия-биология кластерлеріне таңдау басым.

Сонымен қатар, осы көрсеткіштер негізінде сапапшылар алдағы 5-10 жыл ішінде IT- технологиялары саласында, шет тілінің кәсіби мамандары және ағылшын тілінде дәріс беретін педагогикалық  мамандықтаркеңінен таралады деген болжам жасауда.

Байқаудың мақсаты мен ережелерін кеңінен насихаттау барысында 2017 жылдың күз айларында университеттің оқытушылары еліміздің түкпір-түкпірінен 16000 талапкермен жүздесіп, 200-ден аса мектепті аралап, 50000 дана ақпараттық материал таратты.

Бүгінгі таңда SPT олимпиадасы ең ауқымды әрі жоғары сұранысқа ие, Елбасының қойған заманауи бағыттарына сай жоба болып отыр.

Еркін ҚАЛДАН

Материал «Айқын»


1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ