Бағланова Роза. Тәуелсіз ел ұланымын

0
2399
Қызылорда облысы Шиелі ауданы №127 Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицейінің
5 сынып оқушысы Бағланова Роза
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Ахметова Айзада
 
Тәуелсіз ел ұланымын
 
         Біз қазір Қазақстан Республикасы тәуелсіз елміз. Ал, біз осы тәуелсіздікке қалай жеттік?
Бұрындары біз мал баққан қонақжай ел едік. Негізінен біз тәуелсіз бірден бола алмадық. Бізді билеп, төстеген орыс мемлекеті болды. Олар бізді қалай болса солай атып тастай берді. Бізге дұрыс тамақ, дұрыс киім кигізбей, оның бәрін өздері алып кете барды. Біздің тәуелсіздікті қалайтынымыз жайлы ойламады да. Бірақ қазақтың батыр азаматтары тәуелсіздік үшін күресу керектігін ұғынды. Сөйтіп, 1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ жастарының арасындағы ояну серпілісі болды. Негізі, тәуелсіз ел болу деген – кеудеңді керіп демалып, еркін күліп, еркін білім алып, еңсеңді көтеріп жүру деп білемін. Тәуелсіздік дегеніміздің мағынасы өте тереңде жатыр. Тәуелсіздік – тамыры терең ұғым. Азаттық, Бостандық, Еркіндік, Тәуелсіздік қазақтар үшін бұдан басқа маңызды сөз болған емес, болмайды да деп ойлаймын. Қайрат, Ләззат, Кенесары, Бейімбет Майлин, Наурызбай аға – апаларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, тәуелсіздік үшін жандарын қиды. Бар- жоғы 21 жыл ішінде атқарған істері жүз ғасыр десем артық болмас, бірақ шынымен  жүз ғасыр ішінде істейтін жұмыс. Тәуелсіздік үшін қаншама қазақ баласы жандарын қиды. Ал, 1991 жылы біз аңсаған арманымызға жетіп ақыры тәуелсіздігімізді алдық. Тарихтың жаңа кезеңі басталды. Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болып сайланды. Осы 21 жыл ішінде біз ел болдық, көркейдік, басқа да елдермен де тату болудамыз. Бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның жүрегі ару қала Астана деп соғады. Ал, Ақордада Елбасымыз түрлі елдермен кездесу өткізеді. Ақорданың төбесінде қасиетті көк туымыз желбірейді.
         Содан соң, яғни 1993 жылы 28 қаңтарда Конституциямыз қабылданды. Екі жылдан соң 1995 жылы 30 тамызда өзіміздің Ата Заңымыз қабылданды. Президентіміз 1991 жылы сайланды. Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болды. Еліміздің жаңа нышандары 1992 жылы бекітіп, 1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы заң» қабылданды. 1993 жылы төл теңгеміз шықты. 2002 жылы 8 тамызда « Қазастан Республикасының балаларлың құқықтары туралы « заң қабылданды. Енді біздің Конституциямыз, Ата Заңымыз, Елтаңбамыз, Туымыз, Мемлекетіміз, Астанамыз, Әнұранымыз, өз тіліміз бар.
         Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздік туралы былай дейді: «Біз тәуелсіздікті аңсап, зарығып жеттік, енді сол тәуелсіздіктің белгілерін де ерекше қадірлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Еліміздің сыналатын тұсы».  Демек қазір біз тәуелсіз елміз. Өзіміздің жеріміз, еліміз бар. Қаншама жерден алтын, мұнай, көмір өндіріп жатырмыз. Қазақтың белгілі ақыны М. Жұмабаев тәуелсіз елдің патриоты ретінде былай жазған екен:
         «Арыстандай айбатты,
         Жолбарыстай қайратты,
         Қырандай күші қанатты
         Мен жастарға сенемін», — деген еді.
         Мен де тәуелсіздік үшін жанын қиған азаматар, ағалар, әпкелер үшін өлең шығарып едім:
         Тәуелсіздікті аңсаған,
         Бейбітшілік мақсаты.
         Тәуелсіздік үшін жан берген,       
Ләззат сында апамды,
         Қайрат сынды ағамды,
         Мен мақтаныш етемін.
         Түйін: 16 желтоқсан – Еліміздің Егемендігін жариялаған күн.
         Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – ата – бабаның орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы. Тәуелсіздік таңын аңсаған ата-бабаларымыздың асқақ арманы орындалды десек қателеспейміз. Сондықтан да тәуелсіздік тарихы арнайы әңгімеге үздік тиек боларлықтай ұлы тақырып екендігін қазіргі ұрпақ ешқашан естен шығармау керек. Тәуелсіздікке ынтымағы жарасқан, ауызбірлігі берік халық қана қол жеткізе алады. Қазіргі ұрпақ тәуелсіздік үшін жан қиған Ләззаттай апамды, Қайраттай ағамды басқа да қазақ жастарын естерінен шығармауы тиіс.
Тәуелсіздік деп күрескен қазағым,
Отан үшін жанын берген қазағым!
Адалдық пен әділдікті аңсаған  ,
Менің батыр, өжет, қайсар қазағым!
Көздерінен алаулаған от шашқан ,
Жүрегінен бақыт нұры байқалған,
Білініп, ей, тұрған менің қазағым!
Қазақстан! Қазақстан! Тек алға!
Өркендей бер, өсе берші, майыма.
Тәуелсіздік тұғырына жеткен соң,
Алға қарай жылжый берші, тек алға!
Аққу көлің, ақ айдының, жасыл бел,
Қатпарланған биік – биік тауларың,
          Арқар менен бұғы, марал, киіктер,
Жартасында  өмір сүріп мекендер.
         Көгіңде асқақ қыран самғаған,
         Аспаныңда алтын күнің нұр шашқан.
         Ту менен Елтаңбаң және Әнұран,
         Мұның бәрі тәуелсіздік байрағы.
 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ