Мұзаппархан Бибіхадиша. Тәуелсіздік таңы

0
1728
    Қызылорда облысы,  Жанақорған ауданы  №125 С.Сапарбеков атындағы мектептің 8 —                                                 сынып оқушысы Мұзаппархан Бибіхадиша
 
 
 
              Тәуелсіздік таңы
 
Тағы да атты тәуелсіздіктің арайлы таңы,
Тәуелсіздікте атамның жаны, бабамның қаны.
Ербол,Ләззат,Қайраттар өмірін қиған
Азаттық жол- ұрпақтың асыл бағы.
 
Тәуелсіздік -бақытым сенсің,шабытым сенсің,
Азаттық аңсап талай шөл мен көл кештім.
Жүректегі қуаныш сенсің,қайғым сенсің,
.Қазағымның рухын көкке өрлеттің.
 
Желтоқсан ызғары жүректі жауратты,
Жылау да сықтау,армандау болып күн батты.
Асқақ арманмен бабамыз талай күн кешті,
Тәуелсіздікті зор қайғымен аңсапты.
 
Қайсар да батыр қазағым еш талмады,
Батылдығымен биіктерге самғады.
Самға,қазақ,самғай бер еш талмастан
Бүкіл әлемнен биіктерде тұр-дағы
 
Тәуелсіз елім,айбыным менің,ардағым,
Талпындың еш тайсалмадың,талмадың.
Биіктерден көріне бер әрқашан
Жұлдызың жанып,жарқырай бер,қазағым. 
 
 
 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ