Мұхамедиярқызы Арайлым. Тәуелсіздік жолында

0
1026
 Қызылорда облысы, Жанақорған ауданы  №125 С.Сапарбеков атындағы мектептің 8 — сынып оқушысы                                                                  Мұхамедиярқызы Арайлым                
 
 
  Тәуелсіздік жолында
 
Қаншама қиын-қыстау күндер өтті,
Зар қақсап, тек жылаумен түндер өтті.
Алақанда аялаған ұл-қыздардың
Қасына жауыздар да келіп жетті.
 
Шаштан тартып, ұрғылап, әбден тепті,
Қазағымнан күш-қуат, қайрат кетті.
Қиналып қанша қазақ азаптанып,
Желтоқсанның желі келіп ұрды бетті.
 
Сонда да берілмеді қазағымның
Жаужүрек, мықты, берік ұл-қыздары.
Көрсетті ұлтқа деген тазалығын
Жүрегім естіп бәрін бір сыздады.
 
Өткен күндер қалды тек санамызда,
Сол күндерді ұмытып барамыз ба?
Дәл қазіргі уақытта елімізден
Намысшыл жастарды біз табамыз ба?
 
Тәуелсіздік туын алдық қолымызға
Тек тыныштық заман тұр санамызда.
Қолда бардың қадірін бағалайық ,
Еш кедергі тұрмасын жолымызда.
 
Тәуелсіздік танытты ой бұлағын,
Тәуелсіздік жаңғыртты ой шырағын.
Еркін елдің ерікті ұл-қыздары
Қалықтатты адамзаттың жыр-әнін.
 
Тәуелсіздік нығайтты ел бірлігін,
Іскерлікпен қайнатты ел тірлігін.
Күллі әлемге талабымен танылып,
Сезіндірер еркіндіктің зор үнін.
 
 
 
 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ