«Сәт сапар, жас түлек!» Аттестат алу салтанатты жиынының сценариі

0
9836
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Сәт сапар, жас түлек!»

(Аттестат алу салтанатты жиынының сценариі)

Мақсаты: Адамгершілік құндылықтары берік негізі бар нәтижеге бағдарланған жан-жақты тұлға қалыптасуына бағыт-бағдар беру; туған жеріне, мектебіне, ұстаздарына, ата-аналарына деген сүйіспеншілік, ризашылық сезімін дамыту; Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, елжандылыққа тәрбиелеу.

1. Өтетін орны:№ 2 ЖББ мектеп

2. Өтетін уақыты: 12.06.2019ж. сағат 11.00де

3. Қатысатын сыныптар: 11-сынып, 9 «А» , 9 «Б»

4. Безендірілуі: ҚР-нің Мемлекеттік рәміздері, дауыс күшейткіш қондырғы, микрофон, музыкалық аспаптар, түрлі-түсті шарлар, гүлдер.

5. Жүргізуші: Ануар Нұрғанат 9- сынып, Естемесова Аяла 9-сынып

6. Музыкалық безендірілуі: Мемлекеттік гимн; ұстаз, мектеп туралы әндер,тақпақтар

Жүргізу тәртібі: (Сахна сыртында ұстаздарға түлектердің өлеңі)

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар

және мектеп бітіруші түлектер!

Бүгінгі «Сәт сапар, жас түлек !» атты аттестат алу кешіне қош келдіңіздер. Міне, көптен күткен салтанатты жиын да келіп жетті. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарыңыз, бүгін де ойы толып, бойы өсіп, қолдарына аттестат алғалы және де алтын ұя мектебімен қоштасқалы тұр. Бүгінгі жиын, бүгінгі тілек, арнау мен аманатымыз тек жас түлектерге арналады.

2-жүргізуші:

Бүгінгі күн баршамыз үшін жүрек тебірентіп, көңіл толқытатын сәт. Олай дейтініміз 2 жалпы білім білім беретін мектептің қабырғасында бақытты бал-балалық шақтарын өткізіп, ұлағатты ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиесін бойларына сіңіріп, білім нәрімен сусындап өскен ұл-қыздарымыз ер жетіп, қанаттары қатайып, жаңа өмір әлеміне нық сеніммен қадам басқалы тұр.

1-жүргізуші:

2018-19 оқу жылында 11-сынып бойынша 13 шәкірт білім нәрімен сусындап алтын ұя мектебінен қанат қаққалы отыр.

Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша сыныпта үш «Алтын белгі» иегерлері бар . Олар: Момбаева Дана, Розхан Нұржігіт, Омархан Сымбат.

Олай болса, өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар мектеп бітіруші түлектерімізді құрметпен қол соғып қарсы алайық. (Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)

2-жүргізуші:

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді, Көңіл шіркін, тасып – толып өседі. Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау, Бойжетіпті бантикті қыз кешегі. Жүздеріңнен көрем шаттық арайын, Болсын солай әрбір күнің, әр айың. Тойларыңыз құтты болсын ата-ана, Тойларыңыз құтты болсын ұстаздар!

Бірден Гимн орындалады+ 1-жүргізуші

Бүгінгі мерекелік кешке келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейік. 1.Ардагер ұстаз Бағайбаева Тұрсынбүбі Нұрсейітқызы

2.Алтын белгі иегерлерінің ата-аналары

2-жүргізуші:

Өрендер кетті, сендерден енді балалық, Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып. Кетігін елдің жетілдірер бол азамат, Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып. Ақылың толып, білімің түсті қорлана Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада. Аттестат деген – азаматтық куәсі, Аттестат деген — өмірге берген жолдама. дей келе көптен күткен қуанышты кезең,Жалпы орта білім және негізгі орта білім туралы Аттестат алу кезеңі келгендей.Жарқын болашаққа жолдама-жарқыраған аттестаттарыңызды алуға рұқсат, түлектеріміз! Аттестат тапсыру рәсімі мектеп директоры Отепбекова Бақытнұр Маденқызы мен осы мектепте аянбай қызмет атқарған, ардагер ұстазымыз Бағайбаева Тұрсынбұбі Нұрсейітқызына беріледі.

Ән ——патриоттық————————————————————————

2-жүргізуші: Оқу-білім — еліміздің тірегі, Ұлағатты ұстаз – мектеп жүрегі, Аман болшы, ауырмашы ұстазым, Шәкіртіңнің сізге айтар тілегі! Еске алғанда сол күндерді жиылып, Таусылмасын естеліктер тыйылып. Ұстаздарым, көп рақмет сіздерге, Бас иемін алдыңызда иіліп!– дей келе, мектебіміздің барлық ұстаздарына жас түлектер алғысын қабыл алыңыздар. «Алтын белгі» иегері Момбаева Данаға сөз беріледі. Жас түлектердің қатарында Сұлтанғазы Дана , Ахметханова Дана да бар. Олай болса Дана есімді қыздарды бөле жармайық.Сөз кезегі 11- сыныптың қыздары Даналарды ортаға шақырайық!

Сонымен бірге ортаға өз арнауларын білдіруге Рахмеджан Фариза және түлектердің іні-қарындастарын шақырамыз!

1-жүргізуші: Кеудеңде мені тербеттің, жас шыбық енді көктеді. Мінеки мен де ер жеттім, еңбегің бекер кетпеді. Өмірде мынау ең жақын, аяулым сенсің, анашым! Болмаса мейлі зор даңқың, мен үшін бірақ данасың.- дей отырып сөз кезегі жас түлектердің аналары, көп балалы аналар Иманбекова Әсем, Насирғожаева Аида, Қораласбаева Анипа ,Қарсыбекова Ботагөзге беріледі.

2-жүргізуші:

Анаға бас иеміз,

Туған елдің, тілі деп.

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз.

Кезекті әнге береміз Ән «Әкем,анам»

1-жүргізуші:

Шығыңдар білім шыңына, Батамыз берер сендерге. Болыңдар үздік тағыда, Оқу менен еңбекте- дей келе, Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді – деп құттықтау сөз кезегі құрметті қонағымыз ардагер ұстаз Бағайбаева Тұрсынбүбі Нұрсейітқызына беріледі.

2-жүргізуші:

Қиындықтар мойытпасын сендерді, Батылдықпен асыңдар сан белдерді . Біліміңмен қуантсаңдар мектепті, Жақсы іспен қуантыңдар енді елді. Қыран болып ұшыңыз, Оқуларға түсіңіз. Еңбекте көп қуаныш Елде талай туар іс. Кемелденген маман боп, Келіңіздер аман боп. Мерейлі боп күніңіз Мектепке кеп тұрыңыз. Сағынамыз күн сайын, Кездесейік жыл сайын.

Ән кезегі түлектерде «Мұңайма» әні

1-жүргізуші: Сіздерге жалын жүрекпен Айтамыз достық тілекпен. Әрқашан сәтті жол болсын! Сапарларыңыз оң болсын! -.деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз. Шақырылған қонақтар, ұстаздар мен мектеп түлектері

«Сәт сапар, жас түлек !» атты салтанатты кешіміз осымен аяқталды.

 

Жауапты: 11- сынып жетекшісі Аталыкова Гульнара Дуйсебаевна


ПІКІР ҚАЛДЫРУ